Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет357/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

ӘОЖ:372.854 
ТАНЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ХИМИЯ САБАҒЫНДАҒЫ ОҚУ 
НӘТИЖЕЛІГІН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 
О.Ф. Суюндикова, Н.К. Наурызбек
 
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
kunnur.98@mail.ru
 
 
Аннотация:
С целью формирования у обучающихся познавательных мотивов в обучении химии в 
статье показана возможность применения образовательных платформ Quizziz и Learningapps для разработки 
творческих заданий. 
 
Кілтті сөздер:
танымдық тапсырмалар, Quizziz, Learningapps платформалары, электролиттік 
диссоциация теориясы, химиялық сұрақтар, жаттығалар мен есептер, толықтыру тесті.
 
 
Сауатты, жоғары мәдениетті және бастамашыл жас ұрпақты даярлау, өз бетінше 
шешім қабылдауға қабілетті шығармашылық белсенді маман тәрбиелеу бүгінгі мұғалім 
алдындағы мақсат болып табылады.Бұл мақсатты табысты орындау үшін оқыту әдістемесін 
одан әрі жетілдіру қажет. Оқушыларды оқытуда танымдық тапсырмаларды қолдану арқылы 
жақсы нәтижелерге жетуге болады. 
 
Оқытудың тұлғалық-гуманитарлық бағдарының моделіне сәйкес білім беру пәндері 
курстарында шешілетін барлық тапсырмаларды В.В. Сериков үш топқа бөледі [1].
 
Бірінші топ – пәндік-танымдық тапсырмалар (әдістеме, рефлексия, мәнін іздеу). 
Мұндай тапсырмалар объективті заңдылықтарға негізделген модельдерді құруды көздейді. 
Бұл тапсырмалар зерттелетін ғылымның тұжырымдамалық және операциялық аппаратын 
дамытуға бағытталған. Олар сапалы немесе сандық болуы мүмкін.
 
Екінші топ – тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, оларда қарапайым құндылық 
бағдары бар, яғни адамның қарапайым практикалық қажеттіліктеріне негізделген. 
 
Үшінші топ – жеке тұлғаға бағытталған тапсырмалар, онда оқушы танымдық және 
практикалық ойлаумен қатар жеке әлеуетін де көрсетуі керек. Бұл тапсырма кезінде таным 


302
мен философияның мәселелерін, ғалымдардың шығармашылық іс-әрекетінің рөлін, әлем 
бейнесінің құрылымын, адамның табиғатты тануының мағынасын талқылайды. 
 
Танымдық тапсырмалар - оқушылардың оқудағы танымдық және практикалық 
белсенділігін арттырудың маңызды факторларының бірі.
 
Quizizz – бұл білім алушылардың өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі үйретуіне ықпал 
ететін, өздерін бағалауға мүмкіндік беретін қызықты платформа [2]. Quizizz көмегімен 
студенттер өз қарқынымен жұмыс істейді және кері байланыс бірден болады.
 
Quizizz - бірнеше нұсқаны таңдауға болатын тесттердің орындарын араластыруға 
болады. Оқушылар өздерінің жауаптарын бірден көре алады. Платформа оқудағы 
олқылықтарды жою үшін дұрыс және дұрыс емес жауап берген білім алушылардың 
есептерін көруге мүмкіндік береді. 
 
Оқушылар өзінің ырғағымен басқалардың жылдамдығына қарамастан тәуелсіз жұмыс 
жасауына мүмкіндік бар. Сонымен қатар осы платформада жасалған викториналарды 
жоспарлап, тапсырманы үй жұмысы ретінде орындауға жіберуге болады. Тапсырмадағы 
уақытты алып тастау арқылы, оқушылар уақытқа алаңдамай тапсырмаға көңіл бөледі. Сонда 
оқушылар ұмытып қалған материалды қайта қарауға, ғаламтордан ізденуге мүмкіндігі бар.
 
Химияны оқытуда білім алушылардың дамуы үшін материалды зерттеу деңгейін 
біртіндеп арттыру танымдық тапсырмаларды кеңінен қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. 
Олар: сұрақтар, жаттығулар, химиялық есептер, тесттер, ойындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет