72
Топырақтың тұрақтылығының төмендеуі жердің ылғалмен қанығуына байланысты.
Жер төсемі мен жол жамылғысы жер төсемінің бетіне жауын-шашынның түсуі, жолға
іргелес жатқан жерден жер үсті суларының және капиллярлар бойынша жер асты
суларының келуі, сондай-ақ ылғалдың үлдірлі және булы орын ауыстыруы есебінен
қалыптасатын жер үсті суларымен ылғалдандырылады. Жер төсемінен судың ағуы, судың
булануы және одан терең қабаттарға ағуы аталған ылғалдану көздерінің жиынтық әсерін
біршама төмендетеді[3, 6-7 б].
Қазақстан Республикасының күрделі топырақты, гидрогеологиялық және климаттық
жағдайлары қазіргі заманғы автомагистраль құрылысы кезінде ұзақ уақыт бойы пайдалану
қабілеті мен қауіпсіздігін сақтай алатын жер төсемін жасауды талап етеді.
Қолданар алдында ағынды су тұнбалары сусыздандырылып, зарарсыздандырылады.
Алынған тұнба массасының азаюы-дегидратация:
-
Механикалық сусыздандыру;
-
Шөгінді тұнба алаңдарында тығыздау және кептіру;
-
Флокулянтты қолдана отырып, шөгінді тұнба алаңдарында қоюлату және кептіру.
Тұнбаның органикалық заттарын тұрақтандыру:
-
Биогазды өңдеу мен кәдеге жаратуды қоса алғандағы, сұйық тұнбаларды анаэробты
тұрақтануы;
-
Тұнбаларды компосттау;
-
Тұнбаларды термиялық кептіру;
-
Тұнбаны жағу[4, 1-5 б].
Ұсынылған зерттеу жұмысының мақсатыағындарды сулардың шөгінді тұнбаларын
жол құрылысында жер төсемдеріне арналған үйінділер ретінде қолданылу мүмкіндігін
анықтау болып табылады.
Зерттеу үлгілерінешөгінді тұнбалар алаңдарының сегіз нүктесінен таңдалғаншөгінді
тұнбалар алынды. Үлгілерге химиялық анализМЕМСТ 26483-85 талаптарына сай
жүргізіліп, шөгінді тұнбалардың рН көрсеткіші анықталды.
Шөгінді тұнбаларды жол құрылысында қолдануда құрамындағы органикалық
заттардың мөлшерін, жалпы тұнбалардың ылғалдылығын анықтау өте маңызды болып
табылады [5, 14 б]. Осыған байланысты МЕМСТ 26213-91, МЕМСТ 5180-84 талаптарына
сай зертханалық жағдайда үлгілердің құрамындағы органикалық заттардың пайыздық
мөлшері және ылғалдылығы анықталды.
Зерттеуге алынған шөгінді тұнбалардың сегіз үлгісінің зертханалық тәжірибе
арқылы анықталғанрН көрсеткіші1 суретте келтірілген.
Сурет 1 –
Достарыңызбен бөлісу: