Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет166/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

 
Кілтті сөздер:
зертханалық жұмыстар, есептер шығару,кері байланыс, қалыптастырушы бағалау, 
кәсіби даму. 
 
Сабақ беру- жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер. (Ж.Аймауытов) 
сөзімен айтсақ, заман талабы білім кеңістігінде үлкен өзгерістерді талап етіп отыр. Дәстүрлі сабақтар 
қазіргі кездегі оқу үрдісіне сай келмейтін болғандықтан, сабақ беруді мүлде өзгерту қажеттігі туды. 
Дәстүрлі оқытуда мұғалім жаңа білімді дайын күйінде өзі түсіндіру арқылы оқушыларды оқытса, ал 
қазіргі кезде әрбір оқушы жаңа білімді өз күшімен , сыныптастар көмегімен, заманауи 
технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты іздену арқылы білім алуға ұмтылуда. Ал ұстаздар 
үшін шәкірттерінің бойындағы ұшқынды өшіріп алмай, ынталандыруды, дамытуды талап етеді. 
Заманауи алған білімдерін, сабақтан тыс жерде, кез келген жағдайда күнделікті өмірде пайдалана 
білуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар мамандыққа сәйкес әдебиеттерді оқып, сол арқылы өз білімін 
жетілдіре алатын оқушыларды дайындау қажеттігі туындады. 
Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу-барша ұстаз алдында тұрған 
басты міндет. Әрине жаңашыл бағытта сабақ берудің әдіс-тәсілдерін үйрену мен үшін уақыт талабы, 
өзім жұмыс істейтін 72 мектеп-лицейінің талабы болып табылады. Біздің мектебімізде ғылыми жоба, 
олимпиадаға жақсы оқып жүрген, дарынды да, ізденімпаз оқушылармен жұмыс жасап, дамытуға 
үлес қосудамын. Оқушым Азимбек Халима ғылыми жоба сайысынан ІІ орын, аудандық жалпы 
пәндер бойынша олимпиадасына қатысқан 9 сыныпта оқитын оқушым Мұхитқызы Ақзере ІІІ орын 
иеленді. Осындай алғыр да, зерек оқушылармен үнемі дайындық жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда 
оқушыға бағытталған «Қарасам-көремін, тыңдасам-естимін, ал әрекет жасасам -білемін» деген 
қағида мұғалімдер арасында жиі айтылады. Менің ойымша, химия көбінесе абстрактылы ойлауды 
қажет ететін ғылым болғандықтан, белсенді әрекеттің тиімділігі ерекше сезілетін пән. Оқушының 
белсенді әрекеті көбінесе химия сабақтарында жүргізілетін практикалық жұмыстарда 
ұйымдастырылады.[335бет,1-бөлім]. 
Практикалық жұмыс оқушыларды тақырып түйініне қолмен жасаған тәжірибе негізінде көз 
жеткізуге болады.Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыратын қызықты тәжірибелер, бүгін қандай 
тәжірибе жасаймыз деп оқушылар сұрап жатады. Қолда бар құралдарды пайдаланып, жоғын басқа 


139
мектептегі әріптестерден іздеп оқушыларға тәжірибе жасап көрсетемін, олар қуанып келесіде қандай 
тәжірибе жасаймыз деп қызығушылық тудырып отырады.Мысалы өзім сабақ беріп жүрген 7 
сыныптарымда «Бейтараптану рекциялары» тақырыбында өткізген практикалық сабағымда 
оқушылардың демонстрациялық зертханалық жұмысты бақыладым. Демонстрациялық тәжірибе 
кезінде ықылассыз отырған «С» оқушым жеке жұмысты зор қызығушылықпен орындап отырғаны 
мені қатты таңғалдырды, әрі ойландырды. Оқытудың қолмен ұстап көруге мүмкіндік беретін «актив» 
формаларына көшу керектігіне, шынымен көз жеткіздім.Осыдан кейін өткізілген практикалық 
жұмыста барлық тәжірибелерді оқушылар өздері жасауға жағдай жасадым. Ол үшін нұсқаулық 
қағазға тәжірибенің жұмыс барысы туралы толық ақпаратты жазып дайындап беремін.Химия пәнін 
оқытуда зертханалық жұмыс жасау оқушының қызығушылығына үлкен әсері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет