Атты Республикалық ғылыми конференция материалдарының жинағы 4 сәуір 2022 жыл



Pdf көрінісі
бет191/414
Дата27.04.2022
өлшемі12,12 Mb.
#141094
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   414
Байланысты:
collection-of-the-conference-chemistry

Кілтті сөздер:
студенттер, IT-технологиялар, Блумның таксономиясыт оқытуды геймификациялау. 
Дүние жүзіндегі болып жатқан жағдайлар оқу процесін қашықтықтан, жеке дара оқытуға 
мәжбүрлеп отыр. Бұл тұрғыда ІТ технолгияларына негізделген онлайн коллективті байланысу 
платформалары қолданылады.Қазіргі кезде Microsoft Teams, Zoom онлайн білім беру платформасы 
ретіндеқолданылып келеді. Бұл білім беру платформасы заманауи IT-технологиялармен оқыту 
технологияларын тарту арқылы студенттердің оқу үдерісіне интерактивті қосылуын күшейтеді. 
Мысалы, интерактивті, онлайн, OnLive, оқытуды геймификациялау сияқты технологиялар. 
Студенттердің білім алуын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, студенттердің біліктілігін бақылау 
және сертификаттау жұмыстарын цифрландыру маңызды бағыттар болып есептелінеді. Сондықтан 
коллективті жұмыс істеу платформаларын (Microsoft Teams, Zoom) оқу процесінде қолдану мен 
бейімдеу өзекті жұмыс (автоматтандыру) болып есептелінеді. 
Қазіргі қолданып отырған Microsoft Teams, Zoom платформаларын қолдану тәжіріибесіне 
сүйене отырып оның кемшіліктері мен артықшылықтарына анализ жасалды, дамыту мен бейімдеу 
ұсынылды, соның ішінде бір терезеден басқару қағидасының алғышарттары, яғни тұрақты интернет 
желісі, білім базасын кеңейту және мамандандыру, білім деңгейін бағалайтын таксаномиялық 
әдістерді енгізу мен қолдану, жаңа оқыту технологияларын енгізу мен қолдану ұсынылып отыр. 
Онлайн оқытудың кемшіліктері мен артықшылықтары. Техникалық тұрғыда интернет желісі 
тұрақты және жылдам жұмыс істеп тұру шарт. Шын мәнісінде кей жерлерде интернет желісі бұл 
шартқа сәйкес келмейді. Сондықтан студенттің оқу процесіне уақытылы қосыла алмауы оқу 
сапасының төмендеуіне алып келеді. Мысалға мұғалімдермен жанды қарым-қатынастың болмауы, 
сабақ үстінде сұрақ қоюға мүмкіндіктің бола бермеуі, сонымен қатар көпшілігінің компьютерлерінің 
болмауы білім алушының сабақ үлгеріміне өте қатты әсер етеді. 
Бір терезе қағидасы бойынша оқу программасына қатысты материалдардан басқа да 
мәліметтер базасы кеңейтілген түрде жасалуы, сонымен қатар толық,ортақ және қолжетімді болуы 
керек, мамандықтарға сәйкес топталуы қажет. Сондықтан оқу процесіне қатысты мәліметтердің 
электронды базасы, құралдар, кітаптар, мақалалар, жақсы эксперименттер видеоматериалдары бір 
жерде болуышарт, кеңейтілген базаны енгізу, сақтау, толықтыру, жөндеуфункционалдары қажет. 
Студенттер оларды интренеттен іздеп жатпай бір жерден барлық мәліметті алуы керек. Өйткені ол 
студенттердің материалды қарауға уақытын 50-70 % үнемдейді. 


168
Оқыту платформасындаоқу процесі мен студенттердің білімін бағалау интеграциялануы 
қажет.Студенттердің жан-жақты білім алуын бағалау көп факторлы әдістерді қажет етеді. Сондай 
әдістердің бірі Блум таксаномиясы. Білім беру технологиясында оқыту деңгейлері сияқты 
педагогикалық мақсаттардың стандарттарын қамтитын Блум таксономиясы қолданылады. Оқу 
мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері құрастырылады, ол Б.Блумның 
таксономиясы арқылы оқу мақсаттарына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі. 
Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум когнитивтік ортада 
педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, 
жинақтау, бағалау арқылы топтастыруды ұсынды. Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды 
бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың 
төңірегінде берілді: - білу және түсіну; - қолдану; - жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, 
бағалау). Бағалау критерийлерін құрастыру кезінде мұғалім ойлау дағдыларының деңгейін көрсететін 
етістіктерді қолдануына болады. [1] 
Сондықтан бағалау критерилері сатылы түрде практикаға енгізіліп, әдістеме жасалынып, осы 
оқу платформасына реттелген түрде енгізіліп, қолданылуы керек.Жаңа оқыту технологияларын 
енгізу мүмкіндігі болуы шарт.[2] 
Мысал ретінде оқытуды геймификациялау технологиясын алайық.Ол үшін алдымен 
геймификацияны практикаға енгізу шарт.
Геймификация - 2008 жылы енгізілген ойын негізіндегі оқыту технологиясы. Геймификация 
элементтерінің жұмысына мұғалімдер, қаржыгерлер, тіпті дәрігерлер де тартылған. Геймификация – 
ойын принциптерін ойын емес ортаға қолдану. Ол басқа ойын форматтарынан ойынның өзіне емес, 
белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталғанымен ерекшеленеді. 2016 жылы сауалнамаға қатысқан 
қызметкерлер мен студенттердің 79%-ы геймификацияны жұмыс немесе оқу ортасында пайдалану 
олардың өнімділігін жақсартатынын айтты. 
Қашықтықтан оқытудағы геймификация. Үй тапсырмасын әртараптандыру үшін қашықтан 
оқытуда геймификация құралдарының үлкен саны қолданылуы мүмкін. Бұған қосымшалар мен білім 
беру сайттары көмектеседі. Олардың кейбіреулері: Kahoo – викториналар мен тесттер жасауға 
арналған ең танымал қызмет. Студент өзінің контентін жасай алады немесе басқа 
пайдаланушылардың материалдарын пайдалана алады; Quizziz - бұл викторина және флешкарта 
жасау платформасы. Қосымша бонустық жүйе, үй тапсырмасы режимі және мемдер бар; Quizlet Live 
- студенттерге арналған ең жақсы топтық байланыс қолданбасы және т.б.[3] 
Кесте-1. Қазіргі жағдайда оқу процесінде оқыту технолгияларын практикаға енгізу ұсынысы. 
№ 
Ағымдағы жағдай (проблема) 
Шешім ұсынысы / Жаңа идея 
1.
Блум 
таксономиясы 
тәрбиелік 
педагогикалық мақсатта қолданылмайды. 
Блум 
таксономиясын 
қолданатын 
эксперименттік топ 
2.
Оқу процесін ұйымдастыруда, білімді 
бақылауда, оқушыларды оқытуда және 
аттестацияда оқытудың технологиялық 
тәсілдері (Блум таксономиясы, OnLive, 
геймификация) қолданылмайды. 
Оқу 
үрдісінде 
оқытудың 
технологиялық 
тәсілдерін 
қолдану, 
мысалы: 
Блум 
таксономиясы, OnLive, геймификация және т.б. 
3. 
Онлайн оқыту тек MS Teams, ZOOM 
қолданбаларын пайдаланады 
Интерактивті қосылу және білім алушылардың, 
студенттердің арасындағы өзара әрекеттесуді 
жақсартатын OnLive негізіндегі оқыту тәсілдері 
мен технологияларымен онлайн оқытуды 
кеңейту. 
4. 
Пәндерді 
тақырыптық 
оқытуда 
геймификациялық 
тәсілдер 
қолданылмайды 
Мотивацияны, динамиканы, қызықтыруды және 
интерактивті OnLive оқытуды арттыратын 
геймификация бойынша оқытуды оқу жұмыс 
бағдарламаларына (силлабустарға) экперимент 
түрінде енгізу. 
5. 
Дәстүрлі, 
қатаң 
презентациялар 
қолданылды 
Сонымен қатар, психологиялық эмоционалды 
қабылдауды 
арттыратын (Блум бойынша 
аффективті, эмоционалды-құндылық аймағы, 


169
зерттелетін 
пәнге 
қатынасы) 
«іш 
пыстырмайтын» 
презентацияларды, 
веб-
беттерді және дизайнды әзірлеуге арналған 
тәсілдер мен технологияларды қолдану. 
Жаңа платформада осындай оқыту технлогияларын конфигурациялау, енгізу, сақтау, бейімдеу 
(адаптациялау) функционалы болуы шарт.
Білім алушыға бағдарланған оқыту әдістері білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи 
тәсілдерімен білім беру платформасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Блум таксономиясы, OnLive 
оқыту, пәнді геймификациялау және басқа да технологиялар туралы мәліметтер онлайн оқытудың 
қажетті талабы болып табылатын оқытудың технологиялануын түсінудің мәнін ашады. 
Оқу процесінің мамандандырылуы. Қазіргі кезде химия кафедрасында студенттер 6В05302 – 
Бейорганикалық химия, 6В05306 –Органикалық заттар және полимерлер химиясы, 6В05301– 
Қолданбалы химия Білім беру бағдарламасы бойынша білім алады. Платформада әр түрлі 
мамандықтардың оқу материалдарының конфигурациясын жасайтын сәйкесінше мәліметтер базасын 
топтастыратын, версияларын сақтайтын функционлдары оқу процесіне қатысты оқу материалдарын 
жасауды жылдамдатады. 
Әр маманның жеке аккаунттарын жасайтын, сақтайтын, өзгертетін, бағалайтын және т.б. 
функционалдары болғаны абзал. 
Онлайн платформа химияны оқыту процесінде IT-технологияларын қолдану маңызды орын 
алады. Сондықтан жаңа талаптарға сәйкес оқу платформаларын дамыту, бейімдеу бағыттары 
ұсынылды. Ол үшін онлайн оқытудың кемшіліктері мен артықшылықтарына анализ жасалды,оқыту 
платформасын дамыту бағыттары қарастырылды, соның ішінде платформаның химиялық мәліметтер 
базасын кеңейту, таксономиялық әдістерді енгізу (Блум таксаномиясы), мамандандыру функциялары 
ұсынылды. 
Қорыта келгенде коллективтік платформаларды оқыту платформасына айналдыру – онлайн 
оқыту платформасын дамыту қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   414




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет