Кілтті сөздер:
оқушы,олимпиада, химия, есептер, есептерді шешу,теориялық тур, тәжірибелік тур,
деңгей, саты.
Мектеп оқушыларының олимпиадаға қатысуы және оған дайындықты қалай ұйымдастыру
қажет, оқушылардың жұмыстарында жиі кездесетін қателіктер мен олқылықтар, оларды жою
жолдарын қарастыру, мұғалімдер үшін маңызды мәселелердің бірі.
170
Олимпиада - бұл оқушының қатысуға өзі шешім қабылдайтын жарыс,яғни ол осы пәнге
қызығушылық танытады деген сөз. Егер оқушы осы пәнге шынымен қызығушылығы болса, онда бұл
іс оқушы үшін қиын мәселе болмайды.
Кез – келген химия олимпиадасы үшін ең бастысы - есептерді шешуді үйрену. Интернеттен
Бүкілресейлік химия олимпиадасының жинақтарын немесе әртүрлі университеттердің есептерін
тауып, мүмкіндігінше көп есептердің шешуін қарастыру қажет. Соныменқатар, өткен жылдардағы
олимпиадалық есептердің нұсқалары интернетте жарияланады, оларды да айналып өтуге болмайды
[1].
Республикалық олимпиада 3 деңгейде ұйымдастырылады: аудандық, облыстық және
республикалық. Әр олимпиада екі турдан тұрады: теориялық және тәжірибелік тур.
Ендігі мақсат осы олимпиадаға қатысатын оқушыны қажетті деңгейде дайындап шығару
болып табылады. Ол саты-саты бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалдармен танысу сатысы.
Бұл деңгейде ең бастысы, қажетті оқулықтар
тізімін жасап, электронды нұсқасын интернет желісінен жүктеп алу қажет. Бұл қарапайым, бірақ
химия олимпиадасына дайындалу үшін мүмкіндігінше көп ақпарат көздерін жинақтаған абзал.
Мектеп және университет оқулықтарын оқып, әлеуметтік желілердегі ғылыми жарияланымдарға
жазылып, Youtube каналында арнайы дәрістер мен қызықты бейнелерді қараған абзал. Олимпиадаға
қатысатын баланың болашағы тек осы пәнмен байланысты болғандықтан, оны жан-жақты білу,
болашақ үшін маңызды. Кейбір қажетті деген оқулықтардың тізімі келтіріліп отыр:
1.
С.И. Венецкий. О редких и рассеянных. Рассказы о металлах. - М.: Металлургия,
1980.-184 с.
2.
Леенсон И.А. Удивительная химия.- М.:НЦ ЭНАС, 2006. - 176 с.
3.
Левицкий М.М. О химии серьезно и с улыбкой.- М.:ИКЦ «Академкнига», 2005.- 287 с.
4.
Степин Б.Д., Аликберова Л.Ю. Занимательные задания по химии.- М.:Дрофа, 2006 -
430 с.
5.
Чуранов С.С. Химические олимпиады в школе: Пособие для учителей. -М.:
Просвещение, 1982. - 191 с.
6.
Задачи всероссийских олимпиад по химии под ред. В.В. Лунина. - М.: Экзамен, 2004 -
480 с.
7.
Артемов А.А. Дерябина С.С. Школьные олимпиады. Химия. 8-11 классы. - М.: Айрис-
пресс, 2007. – 240 с.
8.
Доронькин В.Н. и др. Химия: сборник олимпиадных задач. Школьный и
муниципальный этапы. – Ростов н/Д: Легион, 2009. – 253 с.
Бұл оқулықтармен танысып қана қоймай, оқыған сайын біртіндеп қысқаша конспект
жасауды үйрену қажет. Қысқаша жазылған конспектіні ұзақ уақыт қолдануға болады.
Есепті шығарғаннан кейін есте сақтау да үлкен бір мәселе, оның бірден бір жолы қайталау
болып табылады, ол үшін бір шығарылған есепті кем дегенде 5 рет уақыт өткен сайын әлсін-әлсін
қайталап жазу қажет. Ондағы мақсат, есеп шығарудың әрбір әдісін автоматтандырылған түрге дейін
жеткізу болып табылады.
Сабыр сақтауға үйрену сатысы.
Барлық олимпиадалық тапсырмалар бірнеше бөлікке
бөлінеді: алдын-ала есептеулер мен пікірталастар, негізгі сұрақ, қосымша сұрақтар. Аудандық
деңгейдегі олимпиаданың есебінің мысалдарына көз салғанда байқалатыны, орта білімі бар кез
келген оқушы шығаруға тиіс бірнеше пункттер міндетті түрде кездеседі. Олимпиадада барлық
есептерді соңына дейін шешіп жеткізбей де жеткілікті ұпай жинауға болады. Есептің алдын-ала
есептеулер бөлімі әдетте тапсырма ретінде тұжырымдалмайды, бірақ көбінесе ол үшін жалпы
ұпайдың 30% беріледі. Олар оқушының ойын, ойлау тереңдігін және алынған кез – келген санды
бағалауға мүмкіндік береді: реакция теңдеуін жазыңыз, массаны зат мөлшеріне айналдырып есептеу,
сол сияқты басқа да операцияларды орындау сияқты жаттығулар оқушыға бірнеше ұпай жинауға
мүмкіндік береді.
Дәл солай тәжірибелік турда да жалпыға ортақ ұпайлар жинау мүмкіндіктері бар: сапалық
талдауда берілген заттардың аналитикалық өзгерістер беретін химиялық реакция теңдеулерін
молекулалық, иондық түрде жазу, ал сандық анализдің эксперименттік бөлімінде процестің теңдеуін
жазу, эквивалент заңын қолдана отырып заттың массасын есептеу, жұмыста берілген қосымша
сұрақтарға жауап беру. Нәтижесінде оқушы жалпы ұпайдың 30-40% жинайды.
171
Берілген уақытты үнемді пайдалана білу де маңызды. Мысалы есептерді шешуге берілген
уақытты жалпы есеп санына бөліп, бір есепке орташа қанша уақыт кететінін анықтап, бір есепке одан
артық уақыт жұмсамауға тырысқан абзал болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |