189
Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты
табуда емес, керісінше үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі
болып табылады[6, 29 б].
Білім беруде химия пәні бойынша оқу үрдісінде проблеманы шешудің түрлі жолдары
бар, біз мақаламызда солардың кейбіреуін ғана сабақта қалай қолдануға болатындығына
мысал келтірдік. Химия сабағында қойылған мақсат пен міндеттерді шешуде төмендегі
құрылымдық-логикалық кезеңдерді ескерген жөн:
1)тірек білімдерінің өзектілігі мен оқушының әрекет жолдары;
2)проблемалық ситуацияны құру;
3)оқу проблемасының дұрыс қойылуы;
4)оқу пролемасын шешуде болжамды ұсыну, болжамды тексере отырып жоспар құру,
қорытындышешімқабылдаудықалыптастыру.
5)қабылданған шешімнің қолданылуы мен дұрыстығын дәлелдеу.
Химия сабағында оқу проблемасының осындай шешу жолдарын қолдануға болады. Осындай
сабақтарда оқушылардың білім деңгейлері, олардың интеллектуалдық дамуы мен проблемалық-
ізденіс әрекеттеріне деген ерекшеліктері ескеріледі.
Ғұлама ғалым Альберт Эйнштейн кезінде «Мен өз шәкірттерімді ешқашанда
үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» деп айтқан
болатын. Сондықтан да оқушыларға өз ойларын ашық айтуға, тақырыпты қалай
түсінгендерін сараптауға мүмкіндік берген кезде, олардың ішінен көшбасшыны да, сөйлеу,
түсіндіру дағдысын меңгерген дарынды тұлғаны да анықтауға болады. С.Мирсейітова егер
«сыныптағы ортада оқушылар арасында еркін қарым-қатынас, өзара әрекеттесу мен
ынтымақтастық қалыптасып, оқушыларға өзіндік идеяларды ұсыну мүмкіншілігі берілсе,
онда олар ешнәрседен қаймықпай, берілген тапсырмаларды ынтамен орындайды» деген
ұйғарым жасап, әрі қарай былай деп жазады: «Мұндай сыныпта мұғалім қуаттаушы болып,
таным процесін бағыттайды, олар өздерін үйренуші деп таниды, әр оқушының жеке
тәжірибесі, әлеуметтік қарым-қатынас пен ізденуге негізделген орта құрады». Мұндай орта
таным, ізденіс және еркін пікір алмасуға жағдай жасайды және әрбір үйренушіге өз білімі
мен сыныптағы барлық оқушылардың біліміне жауапкершілікті жүктейтін, тіл және басқа да
коммуникативтік құралдар бірлесе проблема шешу мен жаңа идеяларды зерттеу социумы
болып табылады. Мұндай орта педагогтардың негізгі ұмтылысына айналады: «Білім берудің
басты мақсаты - ешкімге ұқсамайтын дербестігі, рухани әлемі, шығармашылық потенциалы
бар адамның қалыптасуы мен дамуы үшін орта құру».
Бұл секілді ортада бірінші кезекте жағымды психологиялык климат құрылады, яғни
оқушылар тобының (аудитория, сынып) ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен
өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар
жасалады.
Оқушылар тек осындай жағдайда ғана оқу процесінде тиімді сипаталатындығын
түсінуі керек. Жағымды психологиялық климат құру - әр сабақтың және жалпылама алғанда
бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты. Химия сабақтарында тренингтік оқыту
технологиясын пайдалану әр тиімді, әрі бүгінгі заман талаптарының қажеттілігін
қанағаттандырады.
Сабаққа қойылатын өмір талабы мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді.Мұғалім
оқушы ізденісіне, пәнге қызығуына жол ашатындай іс-әрекеттерді таңдап алып, оқушыны
шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үнемі баулап отыру керек. Сонда ғана шәкірттер шын
мәнінде ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Жаңа педагогикалық
технологияларды сабақта жиірек қолданып отырса, білім сапасы да көтерілетіні
сөзсіз.Мұндай сабақтар пәнді оңай игеруге, оқушылардың жалықпауына, ғылымды тереңірек
меңгеруіне жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: