Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна
Тақырыбы :«Біз білімділерді іздейміз» атты сайыс сабақ
Сайсытың мақсаты: Оқушылардың білімге,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншіліктерін, қадыр-қасиетін дарыту,туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену,қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушыларды тез ойланып,жауаптарын тиянақты,жүйелі айта алуға,топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
Сайыстың түрі:интелектуалдық ойын сабағы.
Көрнекіліктер:ақын-жазушылардың білім туралы айтқан қанатты сөздері,өлең шумақтары,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Кіріспе сөз. Құрметті қауым!
Әр адамның қасиеті мен мәдениеті өз халқын,өз атамекенін қимай сүюімен өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.Ананың ақ уызына жарыған адам қашан да Отаншыл,ұлтжанды болмақ.Әркімнің өз анасына,өз ұлтына,өз Отанына деген құрмет деп білуі керек.
Білікті білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып,өсіп өнер.
Білдірер білім елге білім сырын,
Біліксіз білімді аттап,бөсіп өтер. (А.Йүгінеки)
Білімділер көтереді иықты,
Білімсіздер бықсыған от сияқты. (Ж.Баласағұн)
«Біз білімділерді іздейміз!» атты сайысымызды бастаймыз. (Сайысқа 7 оқушыдан қатысады,сайыс 5 турдан тұрады)
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Қазылар алқасымен таныстыру)
Сайысқа қатысушы топтармен танысу (топ аттары мен өз ұрандары болады)
Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер
Дос көңілмен адал,аппақ ниетпен.
7«А» сынып-«Дарын» тобы
7 «Б» сынып-«Білімділер» тобы
І тур «ДОДА»
(Бұл кезеңде 10 ұяшық берілген,сол ұяшық бойынша әрбір сынып кезекпен таңдап,,жасырынған сұраққа жауапбереді. (Ұпай саны-10 )
Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік монументін» орнату туралы қаулы қай жылы қабылданды? (1995 жылы,13 шілде)
Елімізде былтыр өткен Саммитке қанша ел қатысты? (56 ел)
Алматы қаласындағы «Алтын адамның» 4 жағында 4 мүсін орнатылған.Олар қандай мүсіндер? (ақыл-ой иесі-Абыз,Жер-Ана,тайға мінген қыз бала мен ер бала)
Елтаңбаның авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков,Шота Уәлиханов)
Ат жүйрігі айырады….. жалғасын тап (Тіл жүйрігі қайырады)
8 сыныптың қазақ тілі кітабының авторлары кім? (С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова)
ҚР. Конституциясы қанша бөлім,қанша баптан тұрады? (9 бөлім,98 баптан тұрады)
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабылданды?(1989 жылы 22 қыркүйек)
«Мәтін» қандай мағынаны білдіреді? (байланысу,бірігу)
Орфография мен орфоэпия дегеніміз не? («дұрыс жазамын». «дұрыс сөйлеймін»)
ІІ тур «Бойыңда білімің бар екен,сынға түс…» (қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша)(барлығы 25 сұрақ,қай топ жауабын білсе қол көтеріп жауап береді,2 жауап берілсе жауап қабылданбайды. Ұпай саны-1)
1.Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады? (фонетика)
2.Арыстанмын,айбатыма кім шыдар,
Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар? Кімнің өлеңі? («Мен кім?» Мағжан Жұмабаев)
3.Тұйық етістіктің жұрнағын ата: (-у)
4.Сөз тіркесінің байланысу түрлері нешеге бөлінеді? (5,қиысу,матасу,меңгеру,қабысу,жанасу)
5. Өлеңнің құрылысы нелелерден тұрады? (буын,бунақ,тармақ,шумақ,ұйқас,ырғақ)
6. Өткен шақ нешеге бөлінеді? (3-ке,жедел,бұрынғы,ауыспалы өткен шақ)
7.Көсемшенің жұрнағын ата. (-ып,-іп,-п,-а,-е,-й,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі)
8. Синтаксис нені зерттейді? (сөз тіркесі,сөйлем,сөйлем мүшелерін зерттейді)
9.Шартты рай қалай жасалады? (-са,-се)
10.Көшкен ауылды іздеп табалық деген сөйлемдегі есімшені тауып,қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта. (есімше көшкен ауылды- есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыштық қызмет атқарады)
11.Тұйық етістік септеліп (барыс,шығыс,жатыс,көмектес),кейбір шылаулармен тіркесіп келіп,сөйлемде қандай қызмет атқарады? (пысықтауыш.Мысалы,Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған / Оқу үшін осында келді)
12.Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу? (4,жалғаулар арқылы,шылаулар арқылы,орын тәртібі арқылы,интонация арқылы)
13.Сөз тіркесі дегеніміз не? (сөйлемде кем дегенде 2 толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегі)
14.Ұзатылып бара жатқан қыздың туған елімен қоштасу жыры қалай аталады? (сыңсу)
15. Абай Құнанбаевтың поэмаларын ата. («Масғұт», «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі»)
16.Абай мен Шәкәрімнің қандай туыстығы бар? (немере)
17.Алып Ер Тұңғаның неше баласы бар және аттарын ата. (4, Барысхан,Қарахан,Шиде, Алақ)
18.Сақтардың альфавиті неше әріптен тұрған? (26)
19.Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі мақсаты қандай? (ел тәуелсіздігін аңсау,елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу)
20.Жосалы станциясынан 18 шақырым жерде Қорқыт күмбезі қай жылы орнатылды? (1980 жылы)
21.Қорқыт кітабын аударған ғалымдарды ата. (Ә.Қоңыратбаев,М.Байділдаев,Б.Ысқақов және Ш.Ыбыраев)
22.Лирика дегеніміз не? (ақынның сезімін,көңіл-күйін,қуанышы мен сүйінішін,арман-аңсарын,өмірге деген көзқарасын,ішкі толғанысын,дүниетанымын сыр қып шертетін өлең)
23. «Даудың басы- Дайрабайдың көк сиыры» деген әңгіме кімнің шығармасы? (Б.Майлин)
24.Биті торғайдай,мойыны ырғайдай деген тұрақты сөз тіркесі қандай мағынаны білдіреді? (арық)
25.Сөз мағыналарын зерттейтін қазақ тілі саласы. (лексика)
ІІІ тур: «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілк пен келісім және жасампаздықтың 20 жылы» атты тақырыпта ой толғау
(Әр топтан 1 оқушы шығып өз ойын ортаға салады,2 – 3 минуттай. Ұпай саны: 10)
ІY тур «Басқатырғыш» кезеңі.
(адасқан сөздерді ұйқастырып өлең немесе нақыл сөз құрастыру.Жылдам және дұрыс құрастырған топ жоғарғы ұпаймен бағаланады.
Ұпай саны:5)
Өлеңді ермек жазбаймын мен үшін
Үшін жоқ барды термек ертегіні
Көкірегі орамды сезімді тілі
Бермек үшін жаздым жастарға үлгі
Дұрыс нұсқасы:
(Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды,ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін)
Y тур «Мен Ұлы Абайдың ұрпағымын» атты тақырыпта капитандар сайысы (Әр топтың капитандары өз шеберлігімен Абай болып образға еніп,өз шығармашылығын көрсету .
Ұпай саны:10
Қорытындылау:
Түсесіңдер білімнің жарысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.
Талапкердің талабы таудай болар.
Аямас тілек етсең намысына
(Сайыс соңында қазылар алқасына сөз кезегі беріліп,марапатталады).
Достарыңызбен бөлісу: |