Эпидемиологиясы. Көкжөтелмен тек қана адамдар аурады. Ауру көзі-ауру адам. Залалды кезең ауру белгілері басталғаннан бастап 4-5апта. Берілу жолы науқаспен тығыз қатынаста болғанда ауалы тамшылы. Көкжөтелмен балалар кез келген жаста ауыра береді, соның ішінде 1 айға дейінгі балаларда. Ең жоғары қабылдаушылық 3 жасқа дейінгі балалар арасында жас-өспірімдермен ересектер арасында кездеседі. Қоздырғыш адам ағзасына жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаттары арқылы енеді. Көкжөтел таяқшасы бөлінгенде тыныс жолдарының рецепторлық аппараттарына әсер етіп, орталық жүйке жүйесінің доминантты қозу ошағының пайда болуына әкеліп соғады.