Таксономиясы.
Тұқымдастығы. Actinobacteriaceae
Туыстастығы. Corinebacterium
Түрі. Corinebacterium diphtheria
Микробтың аты морфологиялық ерекшелігіне байланысты грек сөзі Coryne-шоқпар, bacteria-таяқша деген мағынаны білдіреді.
Морфологиясы.Дифтерия қоздырғышы полиморфизммен сипатталады-жіңішке, сәл иілген таяқша, өлшемі 3-6*0,3-0,5 мкм кокктар тәрізді және бұтақталатын түрі бар.Бактериялар бір біріне бұрышталып орналасады,латынның L, X, V ,Y әріптеріне ұқсас. Спора түзбейді, талшығы жоқ, көптеген штамдарында микокапсуласы бар. Corynebacterium diphtheria – ның негізгі қасиеті: таяқшаның 2 ұшында валютин дәндерінің болуы, ол жасушалардың анилин бояуларымен біркелкі емес боялуын қамтамасыз етеді, Грамм оң боялады.
Достарыңызбен бөлісу: |