Алдын алу. Ауру басталғаннан бастап 30-күнге дейін бөлектеу. Қортынды залалсыздандыру жургізілмейді. Ауру ошағында жалпы алдын алу шаралары жургізіледі-бөлмені желдету, ыдысты залалсыздандыру, орамалды залалсыздандыру, дымқыл тазалау. Арнайы алдын алу. АКДС вакцинация қолданылады, сан етіне егіледі (ЮНИСИФ бойынша). Алғашқы вакцинация күші бұйрыққа байланысты 2,3,4 айлығынды үш қайтара жүргізіп, кейін күнтізбеге байланысты ревакцинация жүргізеді.
Күл Дифтерия (күл) –Corynebacterium diphtheria туғызатын антропонозды, ауа-тамшылы жолмен тарайтын токсинемиялық жұқпалы ауру. Көмей, жұтқыншақ, кеңірдек т.б. ағзаларда фибринозды қабынумен және организмнің жалпы интоксикациясымен сипатталады.Аурудың аталуы грек сөзінен diphtheria-үлбір,қабықша, тері-деген мағынаны білдіреді. Ол аурудың клиникалық белгілерімен байланысты. Дифтерия қоздырғышын Т.Клебс 1883 ж ашып, Ф.Леффлер 1884 ж таза дақылын бөліп алған.