Ауа-тамшы инфекцияларының қоздырғыштары



бет8/13
Дата07.02.2022
өлшемі25,12 Kb.
#91955
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
42ffe523-c525-4ded-be96-e9ed28791b85

Дақылдануы: Corynebacterium diphtheria – факультативті анаэроб, өсу үшін ең қолайлы температура 35-37 ºС, орта рН - 7,6, арнайы қоректік орталарда өседі, көбінесе элективті орталарда: Ру, Леффлер қоректік ортасы, ұйытылған сарысу, Бучин (хинозолді) ортасы, Тинсдаль (цистин – теллурит – сарысуы) ортасы. 14-18 сағат ішінде крем түсті колониялар пайда болады. Калий теллуриті мен қаннан тұратын Клауберг ортасынла үш типті колониялар өседі: ірі, сұр, шеттері түзу емес, радиалды сызылған, дәстүргул (маргаритка) тәрізді; ұсақ қара, томпайған, шеттері біркелкі; 2типке де ұқсайтын колониялар. Дақылдық және ферменттік қасиеттеріне байланысты Corynebacterium diphtheria – ның 3 биологиялық варианты бар: gravis, mitis, intermedius. Міндетті анықтайтын және тұрақты белгісі – крахмалды ыдырату.
Ферментативті қасиеті. Барлық үш түрі де цистиназа ферменттеріне ие, цистинді ыдыратады. Глюкозаны және мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады.
Токсин түзуі. Экзотоксин түзеді. Резистенттілігі: Қоздырғыштары өте төзімді. 60 С температурада 10-15 минутта, 100С- бір минутта өледі. Спора түзе алмауына қарамастан дифтерия таяқшалары қоршаған орта факторларына өте төзімді болып келеді. Бұл қасиетке құрамына кездесетін балауыз тәріздес зат – кориномиколат арқасында ие. Кепкен үлбірлерде және мұрын – жұтқыншақ шырышында 2 айға дейін сақтала алады, әсіресе қыс кезінде. Дифтерия таяқшасы кептіруге және төменгі температураға тұрақты болады. Ойыншықтарда 15 күнге дейін, ал суда 6-20 күнге дейін сақталуы мүмкін. 5% фенол ерітіндісінде, 2 % хлорамин және 70% этил спирті ерітіндісінде 1-2 мин кейін жойылады. Пенициллин, тетрациклин, макролит қатарына жататын антибиотиктерге төзімді.

Жануарлардың төзімділігі. Қалыпты жағдайда жануарлар ауырмайды. Зертханалық жануарлардан шошқалар және қояндар сезімтал. Тері астына енген кезде қызарып, ісініп, қабынады.


Инфекция көзі. Науқас адам және тасымалдаушы.
Таралу жолы. Ауа тамшы, тұрмыстық-қатынас арқылы.
Адамда туғызатын ауру: 1. Тамақ күлі 2. Мұрын күлі. Кей жағдайларда трахея, бронхы, көз, құлақ, қынап, тері күлін тудырады.
Патогенезі. Ену қақпасы тыныс жолдарының шырышты қабығы және зақымданған тері. Шырышты қабықшаға еніп, көбейіп ұлпа некрозын тудырады. Қабықша пайда болады. Шырыштың бетінде эпителийден, фибриннен, лейкоциттен және күл коринебактериясынан құралған сұр немесе сары дақ пайда болады. Қабықшаны мақталы тампонның көмегімен алғанда орны қанауы мүмкін. Күл коринебактериясы көбейген кезде некроздалған жерге шырышты қабықты немесе клетчатканы ісітіп, экзотоксин бөледі. Шырышты қабықшаның ісігі жұтқыншақ, бронхларды бітеуі мүмкін. Қан айналымға түскен токсин, жүрек бұлшық етін зақымдайды, бүйрек үсті безін және жүйке ұлпасының жасушасын зақымдайды.
Күл - токсикоинфекция. Аурудың асқынуы адамның ағзазының қорғаныш қасиетіне байланысты.
Иммунитеті. Емшектегі бала ауырмайды, өйткені анасынан берілген пассивті имунитеті бар.
Ауырғаннан кейін иммунитеті қалады. Бірақ 6-7% қайтадан ауруға шалдыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет