Биохимиялық қасиеті. Пассивті.
Кейбір көмірсуларын ( мочевинаны ) және ақуыздарды ыдыратады, бірақ бұл қасиеттері
тұрақты болмағандықтан, ферменттерді зерттеу маңызды емес.
Токсин түзуі. Эндотоксин бөліп шығарады. Бұл ақуызды затты ең алғаш Р.Кох (1890) тауып, оны
туберкулин деп атаған. Туберкулин организмді уландырмайды,оған аллергендік қасиет тән.
Туберкулинді диагностикалық мақсатта аллергиялық сынамалар ( Пирке, Манту ) қою үшін
қолданады.
Туберкулин - М. bovis қоздырғышынан әзірленеді.
Туберкулез қоздырғышының вирулентті штаммдарында корд-фактор липиді бар, ол
микобактериялардың бір-біріне жабысуын және өрілген шаш немесе арқан тәрізді өсуін
қамтамасыз етеді.