Ауаның ластану деңгейін жалпы бағалау Атмосфералық ауаның сапасы


Атмосферадағы қоспалардың шекті жол берілген шоғырлары



бет2/4
Дата09.01.2022
өлшемі48,5 Kb.
#110626
1   2   3   4
Байланысты:
АУАНЫН ЛАСТАНУ ДЕНГЕЙИН БАГАЛАУ

Атмосферадағы қоспалардың шекті жол берілген шоғырлары: Адамға және оның ұрпағына тікелей немесе жанама зиянды әсерін тигізбейтін, олардың қал-жағдайын, еңбекке қабілеттілігін, адамдардың санитарлық-тұрмыстық жағдайын төмендетпейтін, қоспаның максималды шоғыры.

Қазақстан Республикасы аумағында атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау республиканың 44 елді-мекенінде 133 бақылау бекетінде, оның ішінде: Ақтау (1), Ақтөбе (3), Алматы (5), Астана (4), Атырау (2), Балқаш (3), Жезқазған (2), Қарағанды (4), Көкшетау (1), Қостанай (2), Қызылорда (1), Риддер (2), Павлодар (2), Петропавл (2),Семей (2), Талдықорған (1), Тараз (4), Теміртау (3), Өскемен (5), Шымкент (4), Екібастұз (1) қалаларында, Арнайы экономикалық аймақ (АЭА) Морпорт-Ақтау (1) мен Глубокое кентінде (1) 56 қол күшімен жұмыс істейтін бекеттерінде және Астана (2), Щучье (3), Бурабай кенті (4), Сарыбұлақ кенті (1), Көкшетау (1), Степногорск (1), Алматы (11), Талдықорған (1), Ақтөбе (3), Атырау (3), Құлсары (1), Өскемен (1), Семей (2), Глубокое кенті (1), Тараз (1), Жаңатас (1), Қаратау (1), Шу (1), Қордай кенті (1), Орал (2), Березовка кенті (1), Январцево кенті (1), Қарағанды (3), Балқаш (1), Жезқазған (1), Саран (1), Теміртау (1), Қостанай (2), Рудный (2), Қарабалық кенті (1), Қызылорда (1), Ақай кенті (1), Төретам кенті (1), Ақтау (2), Жаңаөзен (2), Бейнеу кенті (1), Павлодар (4), Ақсу (1), Екібастұз (2), Петропавл (2), Шымкент (2), Кентау (1), Түркістан (1) 76 автоматты бақылау бекеттерінде бақылау жүргізілді.

Атмосфералық ауаның ластануын зерделеу кезінде қол күшімен жұмыс істейтін бекеттерде осы қоспалар: қалқыма заттар (шаң), күкірт диоксиді, еритін сульфаттар, көміртегі оксиді, азот оксиді мен диоксиді, күкіртті сутегі, фенол, фторлы сутегі, хлор, хлорлы сутегі, көмір сутегісі, аммиак, күкірт қышқылы, формальдегид, күшала қосындысы, кадмий, қорғасын, хром, мыс, бензол, марганец, кобальт, гамма-фон, мырыш анықталды.

Атмосфералық ауаның ластануын автоматты бақылау бекеттерінде осы қоспалар: РМ-1 қалқыма бөлшектері, РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-4 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді мен диоксиді, азот оксиді мен диоксиді, озон, күкірт сутегісі, көмір сутегісінің сомасы, аммиак, формальдегид, метен, метан емес көмірсутектер анықталды. Әр аймақта құрал-жабдықтардың әртүрлі болуына байланысты әртүрлі қоспалар анықталды.

Ауа ластануының жай-күйі стационарлық бақылау бекеттерінде таңдалған ауа сынамасының талдауы мен өңделу нәтижелері бойынша бағаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет