Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі



бет32/33
Дата06.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#36774
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Спорт және дене шынықтыру
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 12290 адам, аудан халқының 23 % құрайды. Тұрғындар 16 спорт түрімен шұғылданады, оның ішінде 8 олимпиадалық (баскетбол, бокс, волейбол, дзюдо, жеңіл атлтика, стол теннисі, ауыр атлетика, футбол), 2 ұлттық спорт түрлері (қазақ күресі, тоғызқұмалақ), 5 олимпиадалық емес спорт түрлері (гір спорты, каратэ-до, самбо күресі, шахмат, дойбы), 1 мүгедектер спорт (шахмат) бар.
Аудан бойынша 145 спорттық ғимараттар бар.
Ауданда екі спорт мектебі жұмыс жасайды (1256 оқушы, 37 жаттықтырушы).
Қармақшы аудандық №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 716 оқушы спорттың 9 түрімен (дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, футбол, бокс, баскетбол, ауыр атлетика) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 21 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы кенті, Қармақшы ауылында жұмыс жасайды.
Қармақшы аудандық №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 540 оқушы спорттың 4 түрімен (дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, бокс) шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 11 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Төретам кенті, Иіркөл, Дүр Оңғар, ІІІ-Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Алдашбай ахун ауылдарында жұмыс жасайды.
Спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында 2006 жылы ауданда «Спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылып, қазіргі таңда 7 жаттықтырушы 170 спортшыны спорттың 4 (дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ) түрінен шұғылдануда.
Үстіміздегі жылы аудан бойынша 25 спорт–нұсқаушы штат бірлігі бөлінді. Оның ішінде аудан орталығы Жосалы кентіне - 8 штат, Байқоңыр қаласында - 5 штат, Төретам, Ақай, Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Тұрмағанбет, Ақжар, Қармақшы, Дүр Оңғар, Ақтөбе, ІІІ-Интернационал, Иіркөл, Қызылтам ауылдарында әр қайсысына -1 штаттан бөлініп жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда спорт-нұсқаушыларда шұғылданушылар саны 4500-ге жетті.
2010-2013 жылдар аралығында барлық елді мекендерде 22 шағын спорт алаңы пайдалануға берілді,Үстіміздегі жылы ауданымызда бірнеше жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан стадион құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Каталог: content -> files
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
files -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
files -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
files -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
files -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
files -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
files -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет