Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі


«Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы» бойынша атқарылған жұмыстар



бет26/33
Дата06.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#36774
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
6. «Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы» бойынша атқарылған жұмыстар

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасына және мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуде.


2013 жылдың басынан желтоқсан айының 24 жұлдызына дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүріп-тұруы қиын І-топтағы 114 мүгедек 114 жеке көмекшінің қызметімен, есту-сөйлеу қабілеті нашар 34 мүгедек 4 ымдау тілі мамандарының қызметімен қамтылды және 225 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен оның ішінде 217 мүгедек жөргекпен, 4 мүгедек несеп қабылдағышпен және 4 мүгедек нәжіс қабылдағышпен қамтамасыз етілді.
2013 жылға бағдарлама аясында міндетті гигеналық құралдарға 7263,0 мың теңге, ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметтеріне 3238,9 мың теңге және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері үшін 24063,1 мың теңге қаралып, толығымен игерілді.
Сонымен қатар 7 мүгедек аяқ протезімен, 3 мүгедек жамбас протезімен, 1 мүгедек ортезбен, 4 мүгедек корсетпен, 45 мүгедек ортопедиялық аяқ-киіммен, 56 мүгедек таяқпен, 2 мүгедек балдақпен, 2 мүгедек жетек арбамен, 2 мүгедек бас ұстағышпен, 64 мүгедек крсело-қораппен, 9 мүгедек есту аппаратымен, 2 мүгедек телефакспен, 8 мүгедек ұялы телефонмен, 4 мүгедек көпжүйелі дыбыс шығарғыш құралымен, 14 мүгедек бейнекомпьютермен, 17 мүгедек сағатпен, 9 мүгедек тифломагнитоламен, 5 мүгедек диктафонмен, 6 мүгедек плеермен, 9 мүгедек соқырларға арналған таяқпен қамтамасыз етілсе, 70 мүгедек бала үйден оқытылуда және 42 мүгедек Қызылорда қаласы, Талсуат елді-мекеніндегі мүгедектерді оңалту орталығына, 66 мүгедек санаторлы-курорттық ем алу мақсатында оның ішінде: 41 мүгедек «Тараз Ресорт СПА» шипажайына және 25 мүгедек «Бура» шипажайына арнайы жолдамамен жіберілді.
Сондай ақ аудан әкімдігінің «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 10 маусым 2013 жылғы №140 қаулысымен жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленді және осы қаулы аясында аудан бойынша 5 мүгедек жұмыспен қамтылды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен құрылған «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» сектор қазіргі таңда Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайды. Секторда 141 мүмкіндігі шектеулі балалар есепте тұрады. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша 108 бала, Байқоңыр қаласы бойынша 33 бала.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету секторында есепте тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы ойын кабинеті ашылған. Бұл кабинетке әлеуметтік қызметкерлер балаларды бекітілген кесте бойынша кезекпен әкеліп, түрлі жаттығулар жасатып, баланың ой-өрісінің дамуына жағдай жасауда.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (яғни 2012-2013 жылдар аралығы) іске асыру мақсатында аудан бойынша түгендеуге жататын қолданыстағы барлық әлеуметтік, көлік және рекреациялық нысандар, барлығы 147 болатын объекті тізімге алынып, ағымдағы жылы жоспарға сәйкес түгенделуі (паспортталу) тиіс 58 объектінің жоғарыда аталған паспорттары тапсырылды немесе меже 100 пайызға орындалды.
Атап кететін болсақ олар: 17 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар ғимараттары, 2 денсаулық сақтау саласы, 1 халықты әлеуметтік қорғау саласы, 23 білім беру саласы, 2 мәдениет саласы, 1 дене шынықтыру және спорт саласы, 1 көлік қызметін көрсету және 11 түрлі сала орындары.
Жіктей келе, объектілер тарапынан берілген әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің қолжетімділік паспортына сәйкес қазіргі таңда аудан бойынша мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан мынадай көрсеткіштер белгілі болып отыр, яғни кресло-арбамен жүретін мүгедектер үшін, тірек-қимыл аппараты бұзылған бірақ кресло-арбамен жүрмейтін мүгедектер үшін және көру қабілеті бұзылған мүгедектер мен есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін қолжетімді объектілердің саны – 2, ішінара қолжетімді объектілердің саны – 44 және қолжетімсіз объектілердің саны – 12.
Осы аталған ғимараттардың есік алды және кіре беріс алаңын, сыртқы баспалдағын және сыртқы пандусын әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің қолжетімділік паспортында көрсетілген тиісті нормаларға сәйкестендіру үшін қажетті жұмыстардың жасалуы жайлы мекеме, кәсіпорын басшыларына ұсыным хат берілді.
Аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне алдағы уақытта аудан бойынша салынатын барлық объектілердің құрылыс нысандарына оның ішінде кәсіпкерлер тарапынан салынатын нысандарға мүгедек азаматтардың еркін кіріп-шығу мақсатында арнайы есік алды және кіре беріс алаңының, сыртқы баспалдағының және сыртқы пандусының салынуын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстарды жүргізуге (талап қойып, қадағалауға) ұсыныс жасалды
Алдағы уақытта да мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты атқарылуға тиісті жұмыстар өз дәрежесінде жүргізіле береді.


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет