Спорт алаңдары құрылысының салыну кестесі
№
|
Елді мекен атауы
|
Халық саны
(01.01.2013 жылғы)
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Барлығы
|
1.
|
Жосалыкенті
|
20345
|
2
|
3
|
4
|
9
|
2.
|
Төретамкенті
|
10531
|
-
|
-
|
1
|
1
|
3.
|
Ақайауылдықокругі
|
4234
|
1
|
-
|
-
|
1
|
4.
|
Қармақшыауылдықокругі
|
1412
|
-
|
1
|
-
|
1
|
5.
|
Жосалыауылдықокругі
|
528
|
-
|
-
|
1
|
1
|
6.
|
Иіркөлауылдықокругі
|
910
|
-
|
1
|
-
|
1
|
7.
|
Жаңажолауылдықокругі
|
2117
|
1
|
-
|
-
|
1
|
8.
|
ІІІ-Интернационал ауылдықокругі
|
2535
|
1
|
-
|
-
|
1
|
9.
|
Ақтөбеауылдықокругі
|
2034
|
1
|
-
|
-
|
1
|
10.
|
Ақжарауылдықокругі
|
2274
|
1
|
-
|
-
|
1
|
11.
|
Дауылкөлауылдықокругі
|
2093
|
1
|
-
|
-
|
1
|
12.
|
Алдашбайахунауылдықокругі
|
968
|
-
|
1
|
-
|
1
|
13.
|
Қуаңдарияауылдықокругі
|
922
|
-
|
1
|
-
|
1
|
14.
|
Т.Көмекбаевауылдықокругі
|
1746
|
-
|
-
|
1
|
1
|
БАРЛЫҒЫ
|
52649
|
8
|
7
|
7
|
22
|
2013 жылыаудан спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарында және Кешенді халықаралық жарыстарда 4-алтын, 5-күміс, 1-қола медалды жеңіп алса, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 15-алтын, 10-күміс, 18-қола медалды жеңіп алды.
2013 жылы аудан көлемінде 123 көпшілік-бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 16910 адам қатысқан.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жылдық рейтінгілік көрсеткіші бойынша облыс көлемінде Қармақшы ауданы 1 орынды жеңіп алды.
1-мамыр күні Қызылорда қаласында қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» жарысы өз мәресіне жетті. Жерлесіміз Айбек Серікбаев «Түйе палуандар» сайысында жеңімпаз атанып, «Сыр барысы» атағын жеңіп алды. Айбек 30 маусым айында Астана қаласында өткен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысушы атанды.
Үстіміздегі жылдың 3-5 мамыр күндері дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде самбодан Кеңес Одағының Батыры Т.Көмекбаев атындағы халықаралық мемориал өткізіліп, оған алыс жақын шет елдерден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Азербайжан, Беларусия, Қытай, Моңғолия), Астана, Алматы қалалары және барлық облыс орталықтарынан 21-команда, 183 спортшы қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының президенттік сынамалар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы №774 қаулысына сәйкес үстіміздегі жылдың 20 сәуір – 20 мамыр аралығында республикалық Президенттік сынама тапсыру-қабылдау айлығы жүргізіліп оған аудан бойынша 11221 адам қатысты. Президенттік сынамалар айлығына аудан көлеміндегі барлық мекеме, ұйымдар, оқу орындары қатысты.
Үстіміздегі жылдың 25-27 қазан аралығында Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған дзюдодан жастар арасында республикалық турнир өтті. Турнирге барлық облыс және Астана, Алматы қалаларынан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларынан барлығы 164 спортшы қатысты.
Облыстық бұқаралық спорттық шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 21-25 қазан аралығында ауыл спортшыларының ХХVІІ «Алтын күз-2013» облыстық спартакиадасы өтті.
Спорттық шараның негізгі мақсаты ұлттық спорт түрлерін қайта жаңғырту және тұрғындар арасында оларды кеңінен тарату, дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл жастарын патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және Қазақстан Республикасы Президенті жолдауынан туындайтын шараларды іске асыру болып табылады.
Ауыл спортшыларының ХХVІІ «Алтын күз-2013» облыстық спартакиадасын өткізу туралы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы №129 қаулысына сәйкес ұйымдастыру комиссиясының құрамы, іс-шара жоспары бекітілді.
Ауданымыз аталған спартакиаданы соңғы рет 1999 жылы өткізсе, кезектілігі бойынша 2006 жылы өткізуге спорт нысандарының жетіспеуі кедергі келтірді, яғни оның ішінде стадионның болмауы.
Спартакиада бағдарламасы бойынша жарыстар өтетін орындар белгіленіп, оларды жарыс талаптарына сай жарақталды. Бұған өз кезегінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығының және спорт түрлерінен бас төрешілердің оң қорытындысы берілді.
Спорттық жарыстар қорытындысы бойынша аудан спортшылары баскетболдан ерлер І-орын, әйелдер ІІ-орын, волейболдан ерлер ІV-орын, әйелдер VІІ-орын, футболдан ІV-орын, қазақ күресі І-орын, дойбы ІV-орын, тоғызқұмалақ VІ-орын, көкпар І-орын, шахмат ІІІ-орын, гір тасын көтеру ІІ-орын, қол күрес І-орын, стол теннисі ІІ-орын, Президенттік көпсайыс І-орын, қол добы ІV-орын, аударыспақ VІ-орын, теңге алу ІІІ-орынды иеленіп, жалпы командалық 107 ұпай жинап І-орынды жеңіп алды. Жалпы командалық ІІ-орынды 105 ұпаймен Сырдария ауданы, ІІІ-орынды 100 ұпаймен Жаңақорған ауданы иеленді.
Ауданымызда спорт саласының жұмысын үйлестіруге 2013 жылға 49 442,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. (100,0 пайыз).
Мәдениет және тілдерді дамыту
Құқық тәртібі және
Саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы
Ақпараттық саясат
Мемлекеттік ақпараттық саясатты тапсырыс бойынша орындаушы аудандық «Қармақшы таңы» ЖШС 3500 даналық таралыммен аптасына 2 реттен шығады. 2013 жылы басылым газет редакциясының компьютер орталығында теріліп, беттеліп, Қызылорда қаласындағы «PRINT» баспаханасында офсеттік тәсілмен басылып шығарылса, 2014 жылы «Сыр медиа» ЖШС-нің меншігіне өтуіне байланысты «Сыр медиа» ЖШС баспаханасында басылып шығарылады.
Байқоңыр қаласы, Төретам, Жосалы кенттері мен Ақай ауылдық округіне таралатын «Бәйтерек-Байқоңыр» газеті 2500даналық таралыммен аптасына 1 рет шығады. Басылымның меншік иесі «Бәйтерек» газеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2013 жылы «Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бағдарламасы бойынша 7729 мың теңгеигерілсе, «Телерадиохабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша2717 мың теңге қаржы игерілді.
Жастар саясаты
Қармақшы ауданы бойынша 14-29 жас аралығында 13302 жас тіркелген. Бұл аудан тұрғындарының 25 пайызын құрайды.
Қазіргі таңда Қармақшы ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 2 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Олар «Қармақшы Жастары» және «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестіктері.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2013 жылы 3 млн 372 мың теңге қаралып, «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша кызметі бойынша 4 әлеуметтік маңызы бар«Жастар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру», «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру», «Ауданның жұмыссыз жастарын көркейту-көгалдандыру және санитарлық жұмыстарға тарту», «Аудандық жастар форумын ұйымдастыру» атты жобалар жүзеге асырылды.
2013 жылы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен«Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі«Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы арасындағы жастарды өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында (жоба құны - 1713 мың теңге) Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді мекендерінің жастары арасында түрлі мәдени-танымдық, спорттық шаралар ұйымдастырды.
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен жарияланған конкурсындағы «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға және ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру» лоты бойынша (жоба құны – 3600 мың теңге) аудандағы белсенді жастар ұйымы қатарындағы «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, жұмыстар жүргізді.
Жастардың ақпараттық-ресурстық орталығы Қорқыт ата көшесі бойындағы көп қабатты үйде ғимарат ретінде жалға алынып отыр.Орталықтың талап деңгейінде жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалынған.
Аталған жобалар аясында үстіміздегі жылдың 12 айында жастар қоғамдық бірлестіктерімен 21 кездесу, 18 дөңгелек үстел отырысы, 3 КТК (КВН) сайысы, 7 байқау, 20 спорттық шаралар ұйымдастырып, оған барлығы 3393 жас тартылды.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
Бүгінгі таңда аудан көлемінде 17 үкiметтiк емес ұйым түрлі мақсатты шараларды жүзеге асыруда.
2013 жылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобалары үшін аудандық бюджеттен 1500 мың теңге қаржы бөлініп, барлығы 7 жоба жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, «31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» атты этникааралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шара өткізу», «Аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын ашу жөніндегі шаралар ұйымдастыру», «Мемлекеттік тіл-ел бірлігінің кепілі» атты мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау бағытындағы әлеуметтік қызмет», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі шаралар ұйымдастыру», «Мемлекет және азаматық қоғам» атты азаматтық қоғам институттарының аудандық форумы», «Көз мүгедектерінің қоғамдағы интеграциясын арттыру», «Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында іс-шаралар ұйымдастыру» атты жобалар.
Діни бірлестіктер туралы
Қазіргі уақытта аудан бойынша Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты 10 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік бар.
Атап айтқанда:
Жосалы кентіндегі «Марал ишан» мешіті;
Төретам кентіндегі «Жәрімбет» мешіті;
Ақай ауылындағы «Мүсірәлі сопы Әзиз» мешіті;
Қармақшы ауылындағы «Әмит ишан» мешіті;
Дүр Оңғар (Жаңажол) ауылындағы «Мәдірайым ишан» мешіті;
ІІІ-Интернационал ауылындағы «ІІІ-Интернационал ауылы мұсылмандар» мешіті;
Тұрмағамбет ауылындағы «Алдашбай ахун» мешіті;
Алдашбай ахун ауылындағы «Ерімбетұлы Сүйінбай» мешіті;
Қуаңдария ауылындағы «Сейтмұхаммед Әздер» мешіті;
Қорқыт стансасындағы жаңадан салынған «Қорқыт баба» мешіті;
Ақай ауылдық округінде «Толық ізгі хабарды-ақбаталы «Сун Бок Ым» Байқоңыр киелі үйі» діни бірлестігі.
ІІІ-Интернационал ауылдық округінде «Үміт» інжілдік христиан шіркеуі діни бірлестігінің «ІІІ-Интернационал» филиалы.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Ақжар ауылында да (мешіт салушы Ахметов Өркен) жаңадан мешіт салынып, мешіт құрылысы аяқталып, 2013 жылдың 22 қараша күні мешіт үйінің ашылу салтанаты облыстың Бас имамының қатысуымен өткізілді.
Ауданда мемлекеттік тапсырыс аясында «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын-алу» жобасын жүзеге асырылды. Аталған жобаға жергілікті бюджеттен 961 мың теңге қаржы бөлініп, жоба аясында жыл басынан түрлі форматта 7 «Дөңгелек үстел» отырысы, 11 кездесу, 3 семинар және басқа да тақырыптық шаралар өткізіліп, дін мәселелеріне байланысты 2 брошюра, заңдылықтар жинағы, 3 жадынама шығарылды.
Халықтың діни сауаттылығын ашу, бұл бағытта жүргізіліп жатырған жұмыстар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып отырады.
Қармақшы ауданы бойынша қоғамдық-саяси және діни ахуал үнемі жіті бақылауда және қоғамдағы дінаралық келісімді дамытып, нығайта түсуге бағытталған жұмыстар әрі қарай жалғаса беретін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |