Аудандық ішкі саясат саласы бойынша 2016 жылғы
атқарылған жұмыстар жайлы анықтама
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал
«Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу» қызметі аясында, сауалнамаға тартылған аудан тұрғындарының 95,3 пайызы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты әрі жақсы деп бағаласа, 4,7 пайызы аудан тұрғындары үшін жанар-май бағасының күрт өсуі, құнсызданудың орын алғаны, жұмыссыздық, ауыз су, сыбайлас жемқорлық, аяқ судың жеткіліксіздігі, мал ұрлығы, жаңадан бой көтерген мөлтек аудандардағы жарық, байланыс, жол, қоғамдық көліктер қатынасы мәселелері өзекті проблемалар болып отырғандығын алға тартқан. Осыған орай, аталмыш мәселелердің оң шешім табуына ықпал жасау керектігі ұсынылып, тиісті сала басшыларына жолданып жұмыс жасалуда.
Үкіметтік емес ұйымдар жайлы
Ауданда (облыстық Әділет департаментінің мәліметіне сай) 77 үкіметтік емес ұйым бар.
Олар: қоғамдық бірлестіктер-15, қорлар-16, қоғамдық бірлестіктердің, қорлардың филиалдары мен өкілдіктері-11, Заңды тұлғалардың бірлестігі-1, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық исламдық діни бірлестігінің» филиалдары -32 (мешіттер) жұмыс істейді.
2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясындааудандық ішкі саясат бөлімі бойынша жалпы 6 млн 640 мың теңге қаржы қаралып, үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылды. Олар: «Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы монироинг жүргізу» қызметіне 800 мың теңге қаралып, аудан көлемінде тоқсан сайын барлық кент, ауылдық округтердің тұрғындарына әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
«Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу» қызметі бойынша
740 мың теңге қаралып, «Діни тұрақтықылық-мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында түсіндірме кездесулері өткізілсе, Жаңақорған аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы және ауыл имамдары мен білім беру ұйымдарындағы «дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдерімен семинарлар болып өтті. Сондай-ақ, оның ішінде 4 млн 500 мың теңгеге «Жастардың бойында құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру» қызметі мен «Жастардың экономикалық, әлеуметтік-инновациялық, шығармашылық әлеуеттерін дамыту» қызметі жүзеге асырылса, Ауданда отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» қызметін жүзеге асыруға 600 мың теңге қаралып, «Жас отбасылар» байқауы және «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары мен үлгілі отбасылармен кездесулер болып өтті. Сонымен қатар, аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің екі рет отырысы өткізілді.
Жастар саясаты бойынша
Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы 23 мың 332 жас бар. (оның ішінде: ерлері-11866, әйелдері-11466. Бұл аудан тұрғындарының 28,1 пайызы. Экономикалық белсенді тұрғынға шаққанда 30,5 пайыз болса, аудан жастарының жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап отыр.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясындағы ү.ж жастар саясатын жүзеге асыру қызметіне 4 млн 500 мың теңге қаржы бөлініп, 2 қызмет жобасы аясында жүзеге асырылды. Олар: 1.«Жастардың бойында құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру» қызметі; 2.«Жастардың экономикалық, әлеуметтік-инновациялық, шығармашылық әлеуеттерін дамыту » қызметі; Есепті мерзімде мемлекеттік тапсырыс аясынан тыс аудан жастарының қатысуымен 15 рейд жұмыстары, 1 жастар форумы, 3 жастар акциясы, 22 мәдени шара, 8 спорттық шара, 3 сауалнама, 5 дін өкілдерімен кездесу, 6 тазалық акциясы өткізілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан жұмыссыз және жұмысшы жастар үшін 4 үйірме (Жайдарман жастар клубы, шашка, шахмат, теннис) жұмыс жасайды. Жыл басынан бері жұмысқа орналастырылғаны – 1544 адамды құрайды. Осыдан 17-29 жас аралығындағы жастар саны -611 немесе 39,6 пайыз. Жыл басынан бері 14 рет ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне барлығы 170 жұмыс беруші жариялаған 437 бос тұрақты жұмыс орнына 480 адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде жастар саны- 153немесе 31,8 пайыз. Сонымен қатар жәрмеңке аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 20 және жастар практикасына 23 адам жолданған.Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау оның ішінде 24 жас азамат жұмыспен қамтылды, атап айтқанда тұрақты жұмысқа-14, жастар практикасына -2, әлеуметтік жұмыс орнына -1, қоғамдық жұмысқа - 6 азамат жолданды.Несие алғандар қатарынан мүмкіндігі шектеулі барлығы 7 адамнан жастар саны-1. Ү.ж 18 маусым күні Бесарық ауылдық округінде Жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы өткізілді. Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында «Өлкениетті өлке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 22 қараша күні аудандық М. Көкенов атындағы мәдениет үйінде «Ұлы Даланың жасампаз жастары» атты аудан жастарының дәстүрлі VI форумы өткізілді. Форум аясында жыл үздіктері марапатталып, соңы танымал эстрада жұлдызы Роза Әлқожаның концертіне ұласты.
Діни ахуал жайлы
Ауданда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық исламдық діни бірлестігінің» 32 филиалдары (мешіттер) жұмыс жасайды. Тарихи, діни-рухани орындарда 4 түнеуханалар бар.
2016 жылы Қаратөбе ауылдық округінде сол ауылдағы ірі кәсіпкердің демеушілігімен жаңа мешіт бой көтеріп, а.ж. қараша айында пайдалануға берілді. Аудандағы 2 елді мекенде жаңадан мешіт салынуда. 1). Кейден ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекеніне жеке кәсіпкер мешіт салып беруге ниет білдіріп, құжаттары рәсімделді. Бүгінгі күні мешіттің қабырғасы көтеріліп, монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2) Төменарық ауылдық округінде типтік үлгідегі мешіттің құрылысы басталған. Аудандық ішкі саясат бөлімі, Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Жаңақорған ауданындағы бөлімі және «Жаңақорған аудандық» мешітінің (келісімі бойынша) ұйымдастыруымен діни экстремизмнің алдын алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мақсатында 2016 жылдың соңына дейін түрлі тақырыптағы 82 іс-шара, оның ішінде 68 кездесу, 3 дөңгелек үстел, 7 семинар және спорттық жарыстар өткізіліп, оларға 5000-нан аса аудан тұрғындары қамтылды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері 2016 жылдың наурыз және қазан айларында ауданда болып, аудан тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, 2016 жылғы 29 қазан күні «Айқожа ишанның қазақ мұсылмандығындағы орны» тақырыбында өткен республикалық ғылыми танымдық конференциясында елімізге белгілі ғалымдар ҚР Ұлттық академиясының президенті, академик М. Жұрынов, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Д. Кенжетай, тарих ғылымдарының кандидаттары
З. Жандарбек, З. Ибадуллаевалар Сыр өңірінде ислам өркениетінің дамуы жайындағы баяндамаларын жасады.
Жергілікті басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы, дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары жайлы мақалалар жариялау үшін ай сайынғы медиа жоспарға енгізіліп отыр. Жыл басынан бері жергілікті басылымда діни тақырыпта, діни экстремизм мен терроризге қарсы сипаттағы 23 мақала жарияланды.
Экстремизм мен терроризмге қарсы сипаттағы және діни келісім мен діни толеранттылыққа байланысты ақпараттық-насихат құрал ретінде Жаңақорған кентінде 2 билборд, 15 ауылдық округте 1 билбордтан орнатылған.
Алматы қаласы «Нұр Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінде 2 азамат, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының лицензияланған медреселерінде 5 азамат білім алуда.
Шет мемлекеттерде діни білім алып жатқан 3 азамат бар.
Баспасөзге жазылу барысы жайлы
2016 жылдың II жартыжылдығында мемлекеттік саясатты ақпараттандыруда, еліміздің, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттау мақсатында баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді. Республикалық ресми басылымдарға «Егемен Қазақстан» газетіне – 2636 данаға, «Казахстанская правда» газетіне – 542 данаға, «Сыр бойы» газетіне – 3565 данаға, «Кызылординские вести» газетіне – 877 данаға, «Ақмешіт жастары» газетіне – 1365 данаға, аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газетіне – 5979 данаға жазылды.
Аудандық Қоғамдық Кеңес жұмысы бойынша
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 ақпандағы №359 «Жаңақорған ауданының Қоғамдық Кеңесі құрамын бекіту туралы» шешімімен Кеңес құрамы бекітілді.
Қоғамдық кеңес отырыстары жайлы: Қоғамдық кеңестің отырыстары бекітілген жоспар мен туындаған өзекті мәселелерге сай өткізілді. 2016 жыл бойынша 14 (он төрт)рет Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Атқарылған шаралар жергілікті басылым арқылы ақпараттандырылуда.
Ү.ж 17 ақпандағы №13 санына «Қоғамдық кеңес істі ширатады» атты,
21 мамырдағы №39 санында «Қоғамдық кеңес – тұрақтылық темірқазығы» атты,
25 маусымдағы №49 санында «Түйінді істер тарқатылды» атты, 2 шілдедегі №51 санында «Келелі кеңес, маңызды мәселе» атты тақырыпта, 2016 жылғы 30 шілдедегі №59 санына «Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы жер реформасы бойынша түсіндірме жұмысына арналды» атты тақырыптарында ақпараттандырылды.
Ақпараттық – насихаттық топтардың құрамы мен қызметі
Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын халыққа насихаттау мақсатында ү.ж (аудан әкімінің №422-Ө өкімі)құрамына түрлі сала басшылары, аудандық маслихат депутаттары және ҮЕҰ, БАҚ өкілдері енгізілген 10 ақпараттық топ (ААТ) жұмыс жасауда. «100 нақты қадам-Ұлт жоспары» тапсырмасына сай аудандық, облыстық ақпараттық топтар мен ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары аудан елдімекендерінде болып, 115 кездесу өткізіліп, кездесуге 18000 мыңнан астам аудан тұрғындары қатысқан.Сондай – ақ ауданда жергілікті атқарушы органдардың құзыретті басшылардың қатарынан Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі топ қалыптастырылып, арнайы тақырыптық анықтамалық материалдар әзірленіп таратылды. Мамыр, тамыз, желтоқсан айларында аудандық мақсатты ақпараттық топтар шаруашылықтармен және елдімекен тұрғындарымен 64 кездесу ұйымдастырып өткізіп, оған 6000-нан астам адамдар қатыстырылды. Ұйымдастырылған ақпараттық насихаттық жұмыстар облыстық «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасы арқылы, сондай – ақ жергілікті басылым мен аудан әкімдігінің сайтында және аудандық ішкі саясат бөлімінің фейсбуг парақшаларында ақпараттандырылды.
Ақпараттық қызмет
Мемлекеттік мекеме, кәсіпорындар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жүзеге асырылуы «Жаңақорған тынысы» газеті мен облыстық телеарналар арқылы бас медиа жоспар аясында ақпараттандырылып келеді. Аудандағы қоғамдық-саяси маңызы бар шаралардың атқарылуы: Әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші, отандық өнім өндіруші кәсіпкерлер мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен 17 шара, облыстық ІІ малшылар слеті, ауданда орын алған маусымдық мал шығындарын болдырмау мақсатындағы малшылар семинары және «Сыбаға» бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды ақпараттандыру мақсатында 8 материал, сондай – ақ «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» жүзеге асыру мақсатында аудандық сот кабинетінің жұмыстары жөнінде 4 материал, прокуратураның аудан әкімдігімен бірлесіп өткізілген 5 шара облыстық телеарна арқылы ақпараттандырылды. Жалпы жыл бойына мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында қаралған қаржы көлемі --- теңгеге ауданның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері түрлі салалар бойынша кеңінен жарияланып насихатталды.
Ұлттық «Отау - Тв» цифрлық телехабар тарату желісінің қызметін дамыту көрсеткіші 93 пайызға орындалып, спутниктік антенналарын 58,5 градус күйіне келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан бойынша 6 мыңнан астам отбасы қазақстандық «КazSat-3» жерсерігіне көшірілді. «Жаңақорған тынысы» газетіне 5 материал жарияланса, кент орталығында 2 билборд, үлкен ауылдық округтерде 4 билборд әзірленіп ілінді.
Сыртқы үгіт насихат құралдарының (ҮНҚ) саны-505. Оның ішінде: 471 билборд, 10 керме, 18 панно бар. Тақырыптық бағыттары бойынша: «Қазақстан-2050» Стратегиясы-15, Елбасы Жолдауы-58 билборд, 2 керме, «100 нақты қадам»-35, Республикалық, облыстық бағдарламалар-39, Мемлекеттік мерейтойлар, атаулы күндер-80, Астана ЭКСПО-2017 көрмесі-16, Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы-6, Сыбайлас жемқорлыққа байланысты-16, Мемлекеттік тілге байланысты-13, Терроризм мен экстремизмге қарсы-12, аймақтағы еңбек адамдарын насихаттау-29, отбасы тәрбиесі жөнінде – 12, ҚР Тәуелсізідгінің 25 жылдығына орай – 28, басқа да түрлі тақырыптар-185 билборд орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |