1
Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 28 қазандағы
№33-2 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 28 қазандағы
№33-2 шешімімен бекітілген
Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй-көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11015 санымен тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі - Қаулы), 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді және Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп –ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй –жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;
2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға, коммуналдық
2
қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне бес пайызбен қатынасы.
3. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалатын шығындардың көлем нормалары коммуналдық кәсіпорындармен белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қаулыға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға жүгінеді, сонымен қатар Стандарттың 3 тармағына сәйкес, өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Жылыой аудандық бөлімі және «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жылыой ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
6. Өтiнiш берушi толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған кезде отбасының (азаматтың) жиынтық табысы есептелмейді.
7. Тұрғын үй көмегін алушы он күн мерзім ішінде тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгертуге және оны алу құқығы үшін негіз бола алатын жағдайлар туралы уәкілетті органға хабарлайды.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі
8. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7412 санымен тіркелген) бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
3
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасымен айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
9. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
5. Қорытынды ереже
10. Осы Қағидамен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
-------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |