Бекітемін:___________ Келісемін:___________
Мектеп директоры: А. Байменова ДТІЖО: Н. Қалымбетова
«№69 «Мақташы» жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№69 «Мақташы» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі информатика пәнінен «Компьютер және біз» атты үйірме жұмысының жоспары
Үйірме жетекшісі: Ә. Жарынбетов
«Компьютер және біз» атты үйірме жұмысының бағдарламасы
(5 сынып)
ТҮСІНІК ХАТ
«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалау, сақтау, қолдану әдістерін дамып және кеңейтіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.
Информатика пәнінен аталмыш үйірме жұмысының бағдарламасы 5 сынып оқушыларына пән бойынша білімдерін кеңейтіп, күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарға жауап алу, комьютермен жұмыс жасап үйрену, шығармашылықпен айналысу мақсатында құрылып отыр.
Үйірме жұмысы аптасына 1 рет, жылына 34 сағатқа арналып құрылған.
Мақсаты: оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау; оқушыларға компьютердің мүмкіндіктері мен оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.
Міндеттері:
ақпарат және ақпараттық үрдістер туралы түсінікті қалыптастыру;
есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |