Бағдарламасы Түсінік хат «Информатика»



бет1/4
Дата14.12.2021
өлшемі25,1 Kb.
#100408
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

«Информатика әлемі» атты үйірме жұмысының бағдарламасы

Түсінік хат

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалау, сақтау, қолдану әдістерін дамып және кеңейтіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.

Информатика пәнінен аталмыш үйірме жұмысының бағдарламасы 6 сынып оқушыларына пән бойынша білімдерін кеңейтіп, күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарға жауап алу, комьютермен жұмыс жасап үйрену, шығармашылықпен айналысу мақсатында құрылып отыр.



Үйірме жұмысы аптасына 1 рет, жылына 34 сағатқа арналып құрылған.

Мақсаты: оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау; оқушыларға компьютердің мүмкіндіктері мен оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.

Міндеттері:

  • Ақпарат жәнеа қпараттық үрдістер туралы түсінікті қалыптастыру;

  • Есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • Ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қауіпсіздік техника ережелерін, этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет