Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы


Шағын және орта кәсіпкерлік



бет3/6
Дата08.06.2018
өлшемі466 Kb.
#41515
1   2   3   4   5   6

Шағын және орта кәсіпкерлік.

2016 жылдың 1-қаңтарына ауданда тіркелген ШОК субъектілерінің саны 1759 болды, оның ішінде -132 заңды тұлғалар, 1098 жеке кәсіпкерлер саны және 529 шаруа қожалықтар саны. 2006 жылмен салыстырғанда 157 субъектіге көбейген. Субъектілер санының өсуі байқалады.




Жылдар

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

ШОК саны

1602

1617

1635

1510

1605

1338

1348

1605

1749

1759

Заңды тұлғалар

99

108

128

134

127

124

113

104

118

132

Шаруа қожалықтар

710

700

695

691

665

595

508

599

660

529

Жеке кәсіпкерлер

793

809

812

685

813

619

727

902

971

1098

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2016 жылдың 1-қаңтарына өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,6 % көбейіп, ондағы жұмыс істейтіндер саны 3949 адамды құрады, өндірілген өнім көлемі 5484,0 млн.тенгені құрады.




Қызмет көрсету салалары бойынша шағын бизнес субъектілер саны


Жылдар


Өнеркәсіп

Ауылшаруашылығы


Құрылыс

Көлік және байланыс


Сауда

Конақ үй және мейрамхана


Басқа түрлері

З/т

Ж/т

З/т

Ж/т

З/т

Ж/т

З/т

Ж/т

З/т

Ж/т

З/т

Ж/т

З/т

Ж/т

2006

13

16

15

710

20

6

13

104

31

391

1

17

6

259

2007

14

17

17

700

22

7

14

106

33

394

1

19

7

265

2008

16

17

23

695

25

7

17

106

35

395

1

19

11

268

2009

17

17

25

691

25

6

17

95

38

367

1

19

11

181

2010

13

17

20

665

19

6

11

101

38

474

1

19

10

211

2011

17

15

22

595

25

13

12

54

28

352

1

11

19

174

2012

15

13

20

508

21

14

14

69

22

391

1

13

20

227

2013

18

14

21

522

20

28

14

76

20

441

1

18

26

293

2014

20

18

19

660

22

38

17

114

23

439

1

17

16

345

2015

19

23

21

529

24

34

17

120

27

441

1

20

23

460

Берілген мәліметтерге сәйкес тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үштен бір бөлігі (31,3%) ауыл шаруашылығымен айналысады, үштен екісі 26,6 % саудамен, бұл шағын кәсіпкерлікпен айналысудың басым салалары. Көлік және байланыс бағыты 7,8%, құрылыс және өнеркәсіпте барлық кәсіпорындардың 3,3% және 2,4% жұмыс істейді. Кәсіпорындар саны бойынша кәсіпкерліктің жетекші салалары ауыл шаруашылығы мен сауда болып отыр.


Алға ауданының шағын бизнесіне SWOT – талдау

ШБ басым жақтары

ШБ осал жақтары

ШБ мүмкіндіктері

ШБ жұмыс істеуіне төнер қауіп

1. Жоғары кәсіпкерлік потенциал

Инновациялық ақпараттандыру дәрежесінің төмендігі

Тиімді географиялық орны

Жоғары тәуекелді климаттық аймақ

2. Ет, сүт, астық өңдейтін кластерлік топтар құру

Шектелген (локальді) рынок, даму перспективасының шектеулілігі

Инфрақұрылым – авто және теміржолдар, оның ішінде республикалық маңызы бар

«Даму» шегіне тез жету

3. Икемділік

Конъюнктураға тәуелділіктің жоғарылығы

Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы

Бәсекелестіктің араласуының және енуінің жеңілділігі

4. Дербестік

Ауылдық жерлерде кәсіпкерлерге несие беру бағдарламасының кемшіліктері

Шығармашылық белсенділік

Мемлекеттік бақылау органдары тарапынан қысым көрсету әрекеттеріне тосқауыл қоя алмау

Ауданда бизнес инкубатор, СКТ, МКО, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының Алға аудандық филиалы, кәсіпкерлерді қолдау орталығы сияқты құрылымдардың белсенді жұмыс істеуі шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпалын тигізуде.

«Алға бизнес-инкубатор» қоғамдық қоры 2004 жылы құрылды. Ақтөбе облысы әкімінің 28.08.2014 жылғы тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, жұмысын қайта жандандырды.

Қазіргі таңда «Алға бизнес-инкубатор» қоғамдық қоры мен «Алға қалалық округі әкімінің аппараты» ММ арасындағы сенімділік басқару келісім шарт негізінде бұрынғы аудандық сот ының 2 этаждық ғимаратында орналасты. Ғимараттың жалпы алаңы 254,5 шаршы метр. Қоғамдық қорда шаштараз, такси қызметі, тігін шеберханасы, аяқ-киім жөңдеу, есік дайындау цехтары жұмыс істейді. 20 адам жұмыспен қамтылды. Жалдау ақысы 1 шаршы метрге 421 тенге құрайды.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 2015 жыл бойына 212 сервистік қызмет көрсетті (бухгалтерлік және маркетинг), кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірген 837 адамға қызмет көрсетілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алу үшін 42 жоба 103,4 млн.тенгеге көмек көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2010-2015 жылдар аралығында барлығы 24 жоба жүзеге асырылды:

2010 жылы 2 жоба:

«Абылай» ш/қ «қымыз шығару цехын ұйымдастыру» жобасына субсидиялау және өндірістік инфрақұрылым дамыту бағыты бойынша



2011 жылы 2 жоба («пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау»):

1. «Абылай» ш/қ – ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау үшін автокөлік сатып алу. Жобаның құны 5,5 млн.тенге;

2. «Реймқұл» ш/қ- ірі қара мал сатып алу жобасы, жобаның құны 70,0 млн.тенге.

2012 жылы 722,3 млн.теңгеге 6 жоба жүзеге асырылып, 129 жаңа жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде «пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау» бойынша 3 жоба.Олар:

1.«НитрохимГеоСервис» ЖШС –гі жобалық құны 201,2 млн.теңгеге – бұрылғы қондырғыларын сатып алды. Ашылған жұмыс орны - 35.

2.«АкТеп» ЖШС –гі «пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бойынша жобалық құны 179,0 млн.теңгеге 300 бас ангус тұқымды ірі қара мал сатып алу жобасы. Ашылған жұмыс орны -50.

3.ЖК Сариева Жанна «Ыстық нан» наубайханасы – жобалық құны 20,0 млн.теңге- құрал-жабдық сатып алу және наубайхананы кеңейту жобасы. Ашылатын жұмыс орны – 3.

«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша 3 жоба жүзеге асырылды:

1.«АкТеп» ЖШС - жобалық құны 174,2 млн.теңге тұратын, Алға- Самбай жол трассасының 3,6 км ұзындығын реконструкциялау жобасы.

2. «Есет» шаруа қожалығы – «Қымыз өндіру цехын ұйымдастыру» бойынша инвест жобасын жүзеге асыру үшін, жобалық құны 21,0 млн.теңге тұратын , ұзындығы 4695 метр құрайтын электр қуатын жүргізу жобасы.Ашылған жұмыс орны – 3.

3. «Кроун плюс» ЖШС – «Таза мұнай өнімдерін сақтауға арналған өндірістік қойма» бойынша инвест жобасын жүзеге асыру үшін жобалық құны 126,9 млн.теңге тұратын, ұзындығы 428,6 м құрайтын теміржолдың тұйықталған басының құрылысы жобасы және ұзындығы 1200 м электр желісін тарту. Ашылған жұмыс орны –35.

2013 жылы 4 жоба:

Оның ішінде «пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау» бойынша 2 жоба:



  1. «Айым А» ЖШС – автомектеп ғимаратын жөңдеу және негізгі құралдар сатып алу жобасы. Жобаның құны 6,0 млн.тенге.

  2. «НитрохимГеоСервис» ЖШС –гі – Эмульсиялық жарылғыш заттар өндіру бойынша технологиялық құрылғылар және бұрғы скважиналарын механикалық зарядтау бойынша негізгі құралдар сатып алу жобасы. Жобалық құны 500,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны - 10.

  3. «Ішінара кепілдендіру» бойынша 1 жоба «Айым А» ЖШС оқу орталығын ашу;

  4. «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша «АкТеп» ЖШС – Мал шаруашылық кешеніне жобалық құны 96,4 млн.теңге тұратын ұзындығы 190 метр электр желісі, 4500 метр телефон желісі, 3650 метр су құбыры, 3277 метр кәріз өткізу жобасы. Ашылатын жұмыс орны -30.

2014 жылы 4 жоба:

Оның ішінде «пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау» бойынша 2 жоба:



  1. Ақай ауылындағы «Ауылым» шаруа қожалығы, басшысы Қалмұханов Мейрамқали Арынғазыұлы. Жобаның атауы «Асыл тұқымды ұсақ мал сатып алу». Жобаның құны 6,0 млн.тенге.

  2. «Нитрохим Гео Сервис»ЖШС Жобаның атауы «Эмульсиялық жарылғыш заттар өндіру бойынша технологиялық құрылғылар және бұрғы скважиналарын механикалық зарядтау бойынша негізгі құралдар сатып алу». Жобаның құны 100,0 млн.тенге.

  3. Мемлекеттік грант есебінен 1жоба Маржанбұлақ ауылының жеке кәсіпкері А.Наймановқа сүт өнімдерін алу үшін ешкі сатып алуға 3,0 млн.теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

  4. Инфрақұрылымды дамыту бойынша «Рамазан» ЖШС 174,0 млн.тенгеге 6 суармалы фригат сатып алынып, жұмыс жүргізілуде.

2015 жылы 5 жоба:

  1. Жеке кәсіпкер Г.Жилкибаеваның «Мейрамхана құрылысы» жобасы . Жобаның құны 24,2 млн. тенге. Жобаның қуаты сыйымдылығы 300 орындық.

  2. Жеке кәсіпкер Ж.Сариева «Ыстық нан» наубайханасы жеке кәсіпкер Ж.Сариеваның «Наубайхананың 2-қабатының құрылысы, жалғастыра салынған жайды жөңдеу және нан пісіретін құрал-жабдық сатып алу» жобасы. Жобаның құны 14,4 млн.теңге. 35 жұмыс орны сақталып, жаңадан 3 жұмыс орны ашылды.

  3. ӨК «Есет Әулие» 2 бірлік Самосвал көлігін сатып алу үшін берілген 18.04.2013 жылғы №154/13 банктік несие шарты бойынша қарыз сомасын қайта қаржыландыру жобасы; Жобаның құны 3,9 млн.тенге.

  4. «Мендібай қарағаш» шаруа қожалығы МТЗ трактор және ірі қара мал алу үшін берілген 18.04.2013 жылғы №12/13 банктік несие шарты бойынша қарыз сомасын қайта қаржыландыру жобасы; Жобаның құны 3,6 млн.тенге.

  5. Жеке кәсіпкер Н.Султанованың «Береке» кафе-дүкенін жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы 2,5 млн.тенге.4 жұмыс орны сақталды.




        1. «Экономикалық өсім орталықтарын дамыту»

  1. Аудан туралы жалпы мәлімет

Алға ауданы 1933 жылы құрылған. Облыс орталығы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауданның аумағы 7507 шаршы км немесе 750,7 мың га, оның ішінде егістік жерлері 168,8 мың га, жайылым 581,9 мың га. Ауданның негізгі бағыты ауыл шаруашылығын дамыту болып табылады. Соңғы жылдары ауа райы құрғақшылығына байланысты ауылшаруашылық тауар өндірушілері егістік жерлер алқабын азайтып, мал шаруашылығын жандандыруға көңіл бөлуде. «Сыбаға», «Ырыс», «Алтын асық», «Құлан» секілді мемлекеттік бағдарламаларды жүйелі жүзеге асырып, барлық мал басының санын арттыруда.

Аудан орталығында қаланы екі – батыс және шығыс бөлікке бөліп тұрған Алға теміржол бекеті бар. Қаланың шығыс жақ бөлігінде Елек өзені орналасқан. Аудан халқының саны 40,4 мың адам, оның ішінде қалада 20,2 мың адам, ауылдық жерлерде 20,2 мың адам. Халықтың тығыздығы - 1 ш.км.-5,29 адам. Алға ауданының аумағында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 99,0 км, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы –

98 км және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 266,27 км құрайды.

Аудан 13 әкімшілік – аумақтық округке бөлінген, онда Алға қаласының әкімі аппараты және 12 ауылдық округ ұйымдастырылған. Барлығы 40397 адам тұратын 31 елді-мекен бар. Олардың ішінде халық санының көптігіне (1000 адамнан жоғары) қарай 5 ауылдық округ орталықтарын салыстырмалы түрде ірі ауылдарға жатқызуға болады: Бестамақ (3587 адам), Тамды (2206 адам), Маржанбұлақ (1629 адам), Есет батыр Көкіұлы (1653 адам) және Үшқұдық (1165 адам).



Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде аудан бойынша мал өнімдерін өндіру ұлғайып отыр және мал басы артуда. 2014 жылмен салыстырғанда өсуі байқалады: ірі қара мал басының 0,9% - ға, қой мен ешкі 0,1% - ға, шошқа-43,4%, жылқы - 3,5%, құс 1,5% - ға өсті. Түйе басы сол деңгейде құрап қалды 104 бас. Мал шаруашылығы өнімдері: сүт-1,8%, жүн 0,1% - ға өсті. Ет өнімі 394,2 тоннаға азайып 98,1% құрап отыр.

"Сыбаға", "Құлан", "Алтын асық", "Ырыс" бағдарламалар шеңберінде асыл тұқымды малдарды сатып алуға жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Мәселен 2011-2015 жылдарға арналған "Сыбаға" бағдарламасы бойынша аудан шаруашылықтары 778 бас аналық ірі қара мал сатып алынды. "Құлан" бағдарламасы бойынша 2015 жылы 4 шаруа қожалығы және 1 ЖШС 181 бас аналық биелерді сатып алынды. "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалықтары 1142 бас саулықтар сатып алынды. "Ырыс" бағдарламасы бойынша ш/қ "РусАрт" 50 бас және ш/қ "Аманбай" 100 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға 2007 жылдан бастап субсидия бөлінеді. Олар өнімділігі мен сапасын арттыру үшін, мал шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін. 2015 жылы 1914,9 млн. теңгеге субсидия бөлінді.

Ет өндіру бойынша 4 ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері «Актеп»ЖШС, «Парижская коммуна»ЖШС, «Аққұс» құс фабрикасы және «Реймкул»ш/қ жұмыс жасайды.

Бүгінгі күнге шағын және орта бизнесте 1873 субъект тіркелген, 1760-ы белсенді (94,0 %).


Жылдар

2013

2014

2015

ШОК саны

1605

1749

1759

Заңды тұлғалар

104

118

132

Шаруа қожалықтар

599

660

529

Жеке кәсіпкерлер

902

971

1098

Ауданның 36048 тұрғыны (халықтың 89,2%) немесе 15 елді мекен көгілдір отынды пайдалануда (Алға, Бестамақ, Самбай, Нұрбұлақ, Тамды, Қайнар, Тоқмансай, ст. Тоқмансай, Есет батыр Көкіұлы, Қарабұлақ, Бесқоспа, Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Қарақұдық және Үшқұдық). Оның ішінде Үшқұдық ауылының газ құбырлары 276,8 млн.теңгеге 2016 жылы іске қосылды.

Аудандағы 31 елді мекеннің 15-і Алға, Бестамақ, Есет батыр Көкіұлы, Тамды, Үшқұдық, Қарабұлақ, Қарақобда, Самбай, Қайнар, Сарықобда, Болгарка, Ақай, Маржанбұлақ, Тоқмансай, және ст. Тоқмансай орталықтандырылған суды пайдаланады. Яғни 35792 адам ауыз сумен қамтылған (88,6 %). Ауданның жалпы су құбырларының ұзындығы 157 км құрайды. 2016 жылы 168,4 млн.теңгеге Бесқоспа ауылының су жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Алға ауданында 6924 балаға білім беретін 31 жалпы білім беру мектептері (17 орта,10 негізгі және 4 бастауыш) жұмыс жасайды. Олардың 21-типтік, 10-ы бейімделген ғимараттарда орналасқан. Сондай-ақ, 1707 бала тәрбиеленетін 13 балабақша, 895 бала тәрбиелейтін 21 шағын орталық «Балапан» бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыруда. 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 78,5 пайызды құрайды.

Денсаулық сақтау саласында 1 орталық аудандық аурухана емханасымен, 8 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП және 19 медициналық пункт бар. Аудан бойынша дәрігерлер саны-62 адам, провизор-2, орташа мед.қызметкерлері – 228 адам.

Мәдениет саласында 13 кітапхана, 11 клуб пен 3 мәдениет үйі, 2 саябақ және «Есет батыр мемориалдық кешені» МКК жұмыс жасайды. Дене шынықтыру және спорт саласында 113 спорттық нысан бар.




  1. Агломерация

Ауданның 31 елді мекенінің ішінде 15-і : Алға қаласы, Есет батыр Көкіұлы, Қызылту, Бестамақ, Бесқоспа, Қарақұдық, Ақай, Қарабұлақ, Самбай, Қарахобда, Үшқұдық, Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Тамды, Қайнар ауылдары Ақтөбе агломерациясының құрамына енгізілген, олардың ішінде 1 шағын қала (Алға қаласы) мен тіректі елді мекен (Маржанбұлақ ауылы) бар. Барлық 15 елді мекен Ақтөбе қаласынан радиусы 25-77 км қашықтықта орналасқан. Мұндағы халық саны соңғы 4 жылда 1535 адамға көбейген.

Алға қаласы республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау көлік жолының және Орынбор-Ташкент магистралды теміржолдың бойында ораналасқан. Алға қаласында экономиканың басты салаларына отандық және шетелдік инвестиция тартуға жағдай жасау және әлемдік стандартқа сәйкес заманауи өнеркәсіптік- өндірістік кешен құру мақсатында индустриалды аймақ салу бойынша жұмыстар жасалуда. Бұл жобаның жүзеге асуы ауданда өңдеу өнеркәсібінің дамуына, құрылыс индустриясында құрылыс материалдарын шығару, сауда, коммуналдық шаруашылық, көлік логистика және басқа да халықтың өмір сүру сапасын арттыратын қызмет түрлерінің дамуына жаңа серпін береді. Қазіргі таңда осы жобаға қаланың солтүстік батысынан 100 га жер бөлінді.

Индустриалды аймақ екі функцияналды аймақтан тұрады: біріншісі- өнеркәсіптік қызметке және екіншісі – ауылшаруашылық өндірісіне. Индустриалды аймақ аумағына орналасатын өнеркәсіп кәсіпорындары іріктеліп алынды. 2015 жылы осы аймаққа «Молочные истории» ЖШС 2,1 млрд.теңгеге қуаттылығы жылына 7200 тонна ет өңдейтін ет өңдеу кешенін салды.

15 елді мекеннің 9-ның тұрғындар саны 33,1 мың адамнан 60,0 мың адамға дейін көбейеді деп есептеліп, жері, сауда-саттық ресурстары зерттеліп, бас жоспарлары дайындалды. Қалған 6 елді мекеннің бас жоспарлары 2016-2017 жылдарға жоспарланды. Оның ішінде Қайыңдысай мен Самбай ауылдарының бас жоспарлары 2016 жылы жасалуда.

Агломерация құрамындағы 15 елді мекеннің 34554 тұрғыны бар 12-елді мекен көгілдір отынмен қамтылған, немесе 96,2 пайыз. Оның ішінде 1129 адам тұратын Үшқұдық ауылына газ отыны биыл жеткізілді. Сонымен қатар, Ақай мен Қарақобда ауылдарын газбен қамту мақсатында облыстық энергетика басқармасымен жобалық сметалық құжаттама дайындалуда. Жоғарыда аталған елді мекендерге жыл сайын 10 –нан - 25-ке дейін халықтың көшіп келуі байқалады.

Бүгінгі таңда 15 елді-мекеннің 12-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Немесе Агломерацияға енгізілген елді мекен тұрғындарының 96,3 пайызы, яғни 34618 адам орталық ауыз суды пайдаланады. Оның ішінде 365 тұрғыны бар Бесқоспа ауылына орталықтандырылған су жүйесі 2016 жылы іске қосылды. Бестамақ ауылдық округіндегі Бесқоспа ауылының кеңеюіне байланысты аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсанында бекітілген бас жоспарға сәйкес тұрғын үй салуға жер учаскелері жоқ тұрғындарға жер бөлінетін болады. 2014 жылы Бесқоспа ауылы газбен қамтылды, жаңа орта мектеп салынды, сондай-ақ, жыл сайын халық санының өсуі байқалады.

Сонымен қатар Қарақұдық ауылына су жүйелерінің құрылысына 18041,0 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттама дайындалуда.

Алға қаласы арқылы өтетін 963 км Ақтөбе – Атырау – Астрахань көлік жолының барлық Батыс Қазақстан үшін экономикалық – шаруашылық маңызы зор. Бұл жолмен күніне 9000-нан астам көлік жүреді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Проект Строй Диалог Актобе» ЖШС-мен Ақтөбе – Атырау жолының құрылысына ЖСҚ дайындау жұмыстары жүргізілуде. Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау –Астрахань көлік жолы Бестамақ, Алға және Тамды елді мекендерінің үстінен өтеді.

Сонымен қатар, облыстық автомобиль жолдары басқармасымен жүргізілген талдау нәтижесінде Ақтөбе агломерациясының құрамына кіретін 4 жол учаскесі анықталып, жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындалды:


  • Үшқұдық – Нұрбұлақ (23км-562 млн.тг);

  • Алга – Қарабұлақ (40 км – 942,0 млн.тг);

  • Есет батыр-Қайнар (36 км- 920 млн.тг);

  • Маржанбұлақ а. кіреберіс жолы (700 м-20,5 млн.тг) Оның ішінде:

2016 жылы Алға– Қарабұлақ көлік жолын жөндеу жұмыстарына 165,1 млн.теңге бөлініп, 7 км жолға асфальт төселді.

Алға қаласының 5 көшесін және Бестамақ, Тамды, Маржанбұлақ, Есет батыр, Үшқұдық ауылдарының 1 көшелерін күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындалды.




  1. Шағын Алға қаласы туралы

Ауданның әкімшілік орталығы - Алға қаласы болып табылады. Алға қаласы 1912 жылы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 42 шақырым қашықтықтағы қазіргі Қазақ теміржолының бойында № 44 разъезд болып құрылды. 1930-шы жылдардың басында разъезд Алға теміржол станциясы атауын иеленді. 1933 жылдан бастап ауданның экономикалық және әкімшілік орталығына айналды. Ол облыс орталығы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 45 шақырым қашықтықта орналасқан. 1961 жылға дейін аудан орталығы жұмысшы поселкесі болды, 1961 жылы қала статусын алды.

Аудан орталығы – Алға қаласы республикалық маңызы бар облыстық орталық автокөлік жолдарымен және теміржол магистралі арқылы байланысады. Аудан орталығы басқа да ауылдармен жергілікті автокөлік жолдарының желілері арқылы байланысады. Халқының саны 20,2 мың адам.

Алға қаласы, көптеген жағымды факторлардың орталығы болып табылады. Соңғы жылдары «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары аясында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жоспарлары, көпқабатты үйлердің құрылысы, шағын және орта бизнесті дамыту жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда қаланың инфрақұрылымы, құрылыс және тасымалдау жағдайларын ескере келе, қаланың көркейіп келе жатқанын байқауға болады. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде тұрғын үй кешендерін модернизациялау жалғасуда, көпқабатты үйлердің құрылысы, өз кезегінде қала тұрғындарының санын арттыруға және басқа жерлерден көшіп келуге әкеледі. Бұл жұмысты күшейту мақсатында жаңа үйлердің құрылысын жылдамдатып және қолжетімді ету керек.

Қызмет көрсету саласында және тұрғын үй инвестициясы жұмыс күшінің өсуі үшін ынталандыру болмақ. Тұрғын үй мен қызметтер секторларына инвестиция Алға қаласынан жас жұмыс күшінің кетуін баяулатып және сонымен бірге жергілікті еңбек нарығының қарқынды өсуін, тіпті мигранттардың ағынының көбеюі мүмкін болады. Қаланың дамуы әкімшілік органдарының иелігіндегі экологиялық, институционалдық, материалды пайдалану, ақпараттық, гуманитарлық, коммерциялық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға негізделуі тиіс.

Қала аумағында төмендегі кәсіпорындар орналасқан: «Ақбұлақ» АҚ, «Алға» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз ДИСТРИБЬЮШЕН» ЖАҚ, қопарғыш заттар шығаратын «КазЦКУБ Нитрохим» ЖШС, экотон өнімін өндіруге арналған шикізат дайындайтын - «Неохим» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС, «ПариСа-Каз» ЖШС, құрылыс материалдарын дайындайтын «Ақтөбе Дриллинг Сервис» ЖШС, «Нитрохим» - басқада органикалық заттар шығаратын кешенді утилизациялау орталығы» ЖШС, «Алға –жылу» КМК қала халқына, кәсіпорындар мен мекемелерге коммуналдық қызмет көрсетеді. Металл сынықтарын өткізетін «Янка» ЖШС, ірі қара малдарын бордақылаумен айналысатын «Актеп»ЖШС, ет өнімін өндіретін кешен «Молочные истории» ЖШС, 4 шаруа қожалығы, нан-бөлке тағамдарын шығаратын «Ыстық нан» цехы, «Джармухамбетова», 2 кондитер цехы, 1 диірмен, макарон цехы. Қалада әлеуметтік сала мекемелері 6 жалпы білім беретін мектеп және 7 бала бақша, оның ішінде 2 мектеп - бақша, индустриалдық-техникалық колледж, жетім балаларға арналған облыстық балалар үйі, «Ақтөбе облыстық оңалту орталығы», логопед орталығы, балалардың өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту орталығы, спорт кешені, аудандық мәдениет үйі, Халық банкінің және «Казкоммерцбанк» АҚ филиалдары, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Алға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Әділет Басқармасы, Алға аудандық аумақтық инспекциясы, жинақтаушы зейнетақы қоры, аудандық статистика басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі, Алға аудандық сот және прокуратура, 12 мемлекеттік мекеме, емхана, аурухана, жеке гинекологиялық, стоматологиялық және терапевтік кабинеттер, 10 дәріхана, ветеринарлық станция, 2 - жеке нотариалдық кеңсе, «Айым-А» ЖШС автожүргізушілер мектебі, «Даму» қорының филиалы, «Алға» СНС (СКТ), Бизнес инкубатор (шаштараз және т.б.), «Қазактелеком» телекоммуникация- сының Алға аудандық торабы, аудандық зейнетақы төлеу орталығы, Қазпошта, бассейн, “Шипагер” шипажайы, 91 сауда нысаны, 8 кафе, 1 базар, 3 сауда үйі, халыққа қызмет көрсететін басқа да ұйымдар (шаштараз, киім тігетін және аяқ киім жөндейтін шеберханалар, 4 монша, техникалық қызмет көрсету станциясы, фотостудия т.б.), сонымен қатар 2-жанар-жағар май станциясы 2 газ құю станциясы және 3 ағаш жону цехы бар.




  1. Тіректі елді мекен - Маржанбұлақ ауылы туралы

Маржанбұлақ ауылы аудан орталығы Алға қаласынан 75 км, облыс орталығы Ақтөбе қаласынан 25 км қашықтықта орналасқан. Ауылдың негізгі әрекеті ауылшаруашылық тауарларын өндіру және өңдеуге бағытталған.

Маржанбұлақ селосының айналасында 30 км радиусында шамамен 1908 адамы бар 5 елді мекен орналасқан (Қарақұдық – 884; Көктоғай – 320; Жерұйық – 223; Қайыңдысай – 346; Қарағандысай – 135). Бұл ауылдар Маржанбұлақ ауылымен экономикалық жағынан тығыз байланыста, өйткені мұнда республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» автотрассасы өтеді.

Маржанбұлақ селолық округінің құрамына Маржанбұлақ, Қайыңдысай және Қарағандысай елді мекендері кіреді. Ауылдық округтің жалпы аумағы 64380 га құрайды, оның ішінде елді мекен аумағы –8082 га, ауылшаруашылық бағыттағы жерлер – 40515 га, инженерлік желі жерлері – 5,75 га.

2016 жылдың 1-шілдесіне тұрғындар саны– 1629 адамды құрады: оның ішінде ерлер – 811, әйелдер – 818, зейнеткерлер – 133, студенттер – 52, 18 жасқа дейінгі балалар – 686, жұмыспен қамтылғандар – 711 және жұмыссыздар – 8 адам.

Жұмыс жасайтын кәсіпорындар мен мекемелер саны – 7, оның ішінде мемлекеттік мекеме – 6 («Маржанбұлақ селолық округі әкімінің аппараты» ММ, ауылдық кітапхана, Маржанбұлақ орта мектебі, мәдениет үйі, «Балапан» бала бақшасы, Маржанбұлақ дәрігерлік амбулаториясы) және 1 жеке кәсіпорын (Флора» ЖШС).

Жұмыс жасайтын әлеуметтік сала нысандары: қазақша-орысша оқытатын 392 орындық Маржанбұлақ орта мектебінде - 472 оқушы білім алады; 75 орындық «Балапан» бала бақшасы; 2 кереуетті - орындық күндізгі стационарлы Маржанбұлақ дәрігерлік амбулаториясы; 300 орындық мәдениет үйі; 6000 кітаптық селолық кітапхана.

Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, «СВИМ» ЖШС телефон байланысы, «КСELL», «Кар-Тел», «ALTEL» және «Мобайл Телеком-Сервис» ұялы байланыс және интернет операторлары; 13 дүкен, 4 жеке, 1 қоғамдық монша және 2 шаштараз жұмыс жасайды.

9 км ауылішілік жолдардың 2,5 км қатты жабындысы бар. Ұзындығы 1,7 км «Абай Кунанбаев» көшесіне және 0,8 км ұзындығы «Ақтөбе» көшесіне ағымдағы жөндеуге жалпы 73,5 млн теңгеге ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

2013-2016 жылдары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Маржанбұлақ ауылында 7 көше жарықтандырылды, Маржанбұлақ ауылдық округіне қарасты Қайыңдысай елді мекенінің көшелеріне жарықтандыру қондырылды, балалар ойын алаңын жасау және қондыру жұмыстары жүргізілді, санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары соныме қатар ескі спорттық залға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сағат сайын «Маржанбұлақ-Ақтөбе-Маржанбұлақ» №111 маршруты бойынша тұрақты жолаушыларды тасымалдау қызметін ЖК «Қияқова» жүзеге асырып отыр. Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы «Ақбұлақ 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылды. Кәріз желісі жоқ.

Ауданның аумақтық даму Бағдарламасына сәйкес 2014 жылы ауылды газдандыру жұмыстары аяқталды. 2016 жылы «Шығыс» және «Батыс» жана құрылыс аудандарын газдандыруға ЖСҚ дайындалып, қаржыландыру мақсатында, республиқалық бюджеттік комиссиясына ұсынды.

Ауылдың тұрғын үй қоры бір қабатты жеке үйлермен бейнеленеді, олардың 75 % жақсы, 20 % қанағаттанарлық және 5% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Ауыл аумағында «ФЛОРА» ЖШС, 13 шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер қызмет етеді.

Округте тіркелген ірі қара мал басының саны – 1305, жылқы – 133, қой және ешкі – 2128, шошқа – 25. Барлығы 514 ауланың 190-ы мал ұстамайды.



Маржанбұлақ ауылына жүргізілген талдау нәтижесінде төмендегідей жағдайларды атап өтуге болады:

    • 2011 жылы мердігер «ГРАДО» ЖШС-мен жасалып, Алға ауданы мәслихатының 20.07.2011 жылдағы №26 шешімімен бекітілген Маржанбұлақ ауылының бас жоспары бар;

    • Ақтөбе облысының білім басқармасының 14.04.2011 жылдағы №117 бұйрығына және Алға ауданының білім беру және дене шынықтыру бөлімінің № 102 бұйрығына сәйкес Маржанбұлақ орта мектебі жақын орналасқан Луговой, Голубиновка, Ақраб негізгі мектептерінің оқушыларына ресурстық орталық болып табылады. Мектеп жанында 25 орынға арналған интернат бар. Қазіргі уақытта мұнда Қарақұдық, Жерұйық, Көктоғай, Қайыңдысай, Қарағандысай ауылдарынан 15 оқушы оқытылады.

    • 2016 жылы Маржанбұлақ орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме «Динамо» ЖШС-і, ЖСҚ бойынша келісім-шарт сомасы 38 млн. 740 мың 900 теңгені құрады.

    • Маржанбұлақ ауылында әлеуметтік нысандарға арналған автономды газ қазандығының құрылысы жүргізілді. Құрылысты «Бабэк Курылыс» ЖШС-і жүргізді, келісім шарт сомасы 30 076 511 теңгені құрады.

    • Халық санының 6,0 мың адамға дейін көбеюіне байланысты тұрғындардың бос уақыттарын өткізуі үшін типтік заманауи дене шынықтыру-спорттық кешенін салу қажет;

    • тозуы 70 % пайызды құрайтын аудандық маңызы бар және ауылішілік магистральды көшелерді, тротуарларды ағымдағы және орташа жөндеуден өткізу қажет;

    • ауылдың сырт келбеті қанағаттанарлық жағдайда;

    • халық санының табиғи өсімі мен ауыл аумағында инженерлік инфрақұрылымның қарқынды дамуына байланысты автостанция ғимаратының құрылысы, өрт сөндіру депосы, дәріхана және бас жоспарға сәйкес жаңадан салынған ауыл аумағына инженерлік коммуникацияларды жеткізу бойынша сұрақтарды кешенді түрде шешу қажет. Сондай-ақ полицияның тіректі пунктін және қызметтік үй салу, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін әкімшілік ғимарат құрылысын және Маржанбұлақ селосы «Ақтөбе – Орал» республикалық маңызы бар трассасының бойында орналасқандықтан тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, аудан немесе облыс орталықтарына қатынамай - ақ, банкоматтық қызметпен қамту (Қайыңдысай, Қарағандысай, Қарақұдық, Қарақобда) мақсатында банкомат орнатылған пошта бөлімшесін салуға ұсыныстар енгізілуде;

    • газдандыру және сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтау. Нәтижесінде жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейі жоғарылайды және кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады;

    • жұмысқа қабілетті азаматтардың негізгі бөлігі Ақтөбе қаласында жұмыс жасайды.

Сонымен қатар Маржанбұлақ ауылының бәсекеге қабілетті басымдары да бар: республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» автомобиль жолының бойында орналасуы, ауылдың облыс орталығынан қашықтығы 25 км жерде, ауылшаруашылық бағыттағы жерлердің құнарлылығы, негізгі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының болуы, тұтыну нарықтарына жақын орналасуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет