Тіл саясаты
Алға ауданында тілдерді қолдану мен дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2015 жылы кешенді жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, Қазақстан халқының тілдері күніне орай Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп аудандық орталық кітапханасында 22 қыркүйек тіл мерекесіне орай «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Шараның басты мақсаты: тіл атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам өз ана тілін қадірлеп қастерлеуге міндетті. жастар арасында ана тіліміздің көркемділігі мен байлығын, қасиетті де көркемділігін, құдіреттілігін дәріптеу мақсатында, мемлекеттік тіліміз туралы слайд көрсетілді. Оқушылар қазақ тілі туралы өлеңдерін оқып, ой ойларымен бөлісті.
Шара барысында «Тілім менің қазынам, қасиетім», «Қазақ тілім ертеңім болашағым!» атты кітап көрмесімен таныстырып шолу жүргізді. «Өз тіліңді құрметте» атты кітап көрмесі жасалып, библиографиялық шолу жүргізілді.
Ізтай Мәмбетов атындағы аудандық балалар кітапханасында тіл мерекесіне орай «Тілім менің – қазынам, қасиетім» атты мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді және «Тіл асыл қазына» атты кітап көрмесі жасалып библиографиялық шолу жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларға ана тіліміздің яғни мемлекетттік тіліміздің маңызы туралы түсінік беру, өлеңдер, ойлы сөздер айту арқылы оқушылардың білімдерін дамыту, өз ана тілдерін қастерлеуге, өзге тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу. «Қасиет пен құт дарытқан ана тілі» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы», «Ана тілін қадірлеу – әр азаматтың перзенттік парызы» демекші, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Шара барысында оқырмандар ана тіліміз жайлы сыр шертіп, қоғамдағы ана тілінің орны жайлы ой-пікірлерімен бөлісті, оқушылар мемлекеттік тіліміз жайлы өлеңдер оқыды және «Анамның тілі», «Самға қазақ», «Ана тілін ардақтайық» атты әндерді шырқады.
2015 жылы аудандағы мемлекеттік органдардағы құжат айналымының жалпы көлеміндегі мемлекеттік тілде іс-жүргізу үлесі 98,5%-ды құрады. Тоқсан сайын мемлекеттік органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жүргізіліп отырылады.
Білім беру саласында мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға қажетті жағдайлар жасалған. Ауданның жалпы білім беретін 33 мектебінің 18-і оқу жұмысын қазақ тілінде, 15-ы аралас тілде жүргізеді. Мектептердегі оқушылардың 80% мемлекеттік тілде дәріс алады. Аудандағы мектепке дейінгі балалар мекемесінің 85,8% қазақ тілінде тәрбие беретін мекемелер құрайды. Тәрбиеленушілердің 89% мемлекеттік тілде тәлім алады.
2007 жылдан бастап енгізілген «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне Алға ауданындағы елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерінің атаулары толық енгізілді.
Спорт
Алға ауданында жалпы халықтың саны 40120 адам, оның ішінде спорт түрлерімен 9450 адам шұғылданады (24%).
Ауданымызда 113 спорттық құрығы жұмыс жасайды, олар 29 спортзал, 1 стадион, 79 спорттық ғимараттар, 2 атқыштар тирі , 1 жүзу бассейні, 1 спорт мектебі жанындағы Есет батыр атындағы дене шынықтыру кешені жұмыс жасап келеді. Кешеннің іске қосылуы 2015 жылы жүзеге асты. Осының нәтижесінде ғимараттар саны 112-ден 113-ке көбейіп отыр.
Ауданымызда дене шынықтыру және спорт жөніндегі 103 маман қызмет етуде. Оның ішінде 73 жалпы білім беретін мектептерде, 15 балалар жасөсіпірмдер спорт мектебінде, 3 техникалық колледжде, 3 дене шынықтыру және спорт бөлімінде қызмет етуде. Олар ішінде 76 дене шынықтыру мамандығы барлар.
Ағымдағы жылы спорт қызметкерлерінің 7 адамға қысқарып отыр. Қысқарудың себебі мектеп мұғалімдерінің зейнетке шығуы және БЖСМ штаттық қызметкерлердің жұмыстан шығуы.
Бүгінгі күнде ауданымызда 1 БЖСМ жұмыс жасауда, онда 720 бала және жасөспірімдер спортпен шұғылдануда 35 жаттықтырушы қызмет етеді.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстары 31 жалпы білім беретін мектептерде, 1 БЖСМ-де, 42 ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындарда және 1 техникалық колледжде жүргізілуде.
2016 жылы облыстық жарыстарға қатысу үшін, аудандық деңгейде жарыстар өткізу үшін Алға аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне бюджеттен 2 млн тг бөлінді. Оның 200 мың тг игерілді.
Алға ауданында 2 аула клубы жұмыс жасайды «Жастық Жігер» аула клубы Алға қаласында орналасқан және «Тамды» аула клубы Тамды ауылында орналасқан. Аула клубтарында шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы үйірмелері жұмыс жасайды. Қатысушы оқушылардың жалпы саны 722 баланы құрайды.
2016 жылдың І тоқсанында "Алға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ 25 спорттық шара өткізіп, соның ішінде 3 облыстық деңгейде.
2.2.3. Аумақтың инфрақұрылымдық кешені
Құрылыс
2011-2014 жылдарда жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы ауданы 2560 ш.м құрайтын 2-қабатты, 8-пәтерлі тұрғын үйге құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды, соның ішінде:
2011жылы – Алға қаласы, Уалиханов көшесі, 15Б үй - 640 ш.м. Мердігер «Бабэк Курылыс» ЖШС-гі.
2012 жылы – Алға қаласы, М.Горький көшесі, 7А үй - 640 ш.м. Мердігер «Бабэк Курылыс» ЖШС-гі.
2013 жылы – Алға қаласы, Есет Батыр көшесі, 30А үй - 640 ш.м. Мердігер «ПромЖилСтройНесибели» ЖШС-гі.
2014 жылы – Алға қаласы, Есет Батыр көшесі, 30Б үй - 640 ш.м. Мердігер «Адай Курылыс Актобе» ЖШС-гі.
2014 жылы Алға ауданында 12952 ш.м тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, олардың ішінде 11592 ш.м жеке тұрғын үй, 1360 ш.м жалдамалы тұрғын үй.
Аймақты қазіргі қала құрылысы заңнамаларына сәйкес игеру мақсатында, 2009 жылы Алға қаласының Бас жоспары (1 және 2 саты) мен детальды жоспарлау жобасы орындалып, Алға аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21-қазандағы №5 шешімімен бекітілді. 2010 жылы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының нақты жайғастыру жобасымен біріктірілген бас жоспарын өңдеу орындалды. Сонымен қатар 2011-2015 жылдарында Алға ауданы Бестамақ, Тамды, Есет-батыр Көкіұлы, Бесқоспа, Қарақұдық, Қарахобда, Үшқұдық ауылдарының нақты жайғастыру жобасымен біріктірілген бас жоспарын өңдеу аяқталды.
Сонымен қатар, 2012 жылы Алға қаласы, Есет Батыр көшесі, 30В орналасқан екі қабатты 8-пәтерлі жалдамалы коммуналдық тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу – 640 ш.м және 2014-2015 жылдары Алға қаласында бес қабатты 60-пәтерлі жалдамалы коммуналдық тұрғын үй (әр қайсысы 3380 ш.м 2 дана үй) құрылысына ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталды. Жобалаушы мекеме сәйкесіне «ИНШАБ» ЖШС мен «Актобе Строй Эксперт» ЖШС.
Ауданның коммуналдық – тұрғын үй кешені
Электрлендіру
Ауданды электрмен қамтумен «Энергосистема»ЖШС Алға электр желісі учаскесі айналысады. Электр қуаты сыртқы көздерден алынады. Ауданда электрмен жабдықтау көздері жоқ.
Электр желісінің жалпы ұзындығы 758 км және қазіргі кезде Алға электр желісі учаскесінің балансында төмендегілер тұр:
ПС 110/35/6 кВ Алға – 1 дана.
ПС 35/10 кВ – 9 дана.
РП 10 кВ – 1 дана.
ВЛ-35 кВ – 294,25 км.
ВЛ-10 кВ – 263,546 км.
ВЛ-0,4 кВ – 200,284 км.
ЗТП, КТП 10/6/0,4 кВ – 214 дана.
Электр қуатын орташа тұтыну жыл сайын 8-10 % көбеюде 2010 жылы 23,2 млн.кВт мөлшерінде электр қуаты тұтынылды, 2009 жылмен салыстырғанда тұтыну 107,9 пайызды құрайды.
Ауданда электр қуатының тапшылығы сезілмейді. Электрмен жабдықтау үздіксіз және қалыпты.
Алайда, бірқатар электр желілерінің, КТП және ЗТП тозығы жеткен. Осыған байланысты «Энергосистема» ЖШС өз қаржысы есебінен 2010 жылы – 6031,78 мың теңгеге электрмен жабдықтау объектілерін күрделі жөндеу және 853,79 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр, 2012 жылы 5761,95 мың теңгеге күрделі жөндеу және 808,62 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Бүгінгі күнге энергосақтайтын технологияны қарастыратын жоба, оның ішінде көше жарықтарын, шамдарын алмастыру жасалуда. Сонымен қатар жаңа объектілерді пайдалануға бергенде, қайта жарақтау және күрделі жөндеу жүргізуге энергияны сақтайтын құралдарды орнату да ескеріледі (электродвигательдер, көше шамдары, парк шамдары және т.б.).
Сумен жабдықтау
Аудандағы 32 елді мекеннің 15-і орталықтандырылған суды пайдаланады (Алға, Бестамақ, Есет батыр Көкіұлы, Тамды, Үшқұдық, Қарабұлақ, Амангелді, Қарақобда, Самбай, Қайнар, Сарықобда, Болгарка, Ақай, Маржанбұлақ және ст. Тоқмансай). Мұнда 35147 адам тұрады (88,0 %). Ауданның жалпы су құбырлары ұзындығы 157 км құрайды.
Жылумен жабдықтау
Алға қаласындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 20 км. Қаланың магистральді желілерінде, сол сияқты көп қатарлы тұрғын үйлердің жертөлелерінде жылуды қамту жұмыстары жүргізілмегендіктен жылумен жабдықтау жүйелерінде болатын шығындар да жоғары болатын. Осыған байланысты қаланың жылыту желілері жерастымен жүргізіліп, табиғи газды, электроқуатымен суды артық жұмсау шығындары төмендетілді.
Сонымен қатар, Алға ауданында 36 қазандық бар, оның ішінде «Алға – Жылу» КМК орталық қазандығы, 3 қазандық ескірген ДКВР 20/13/115 маркідегі. 2009 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 17,2 млн.теңгеге резервтегі №3 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, эксплуатацияға тапсырылды.
Газбен жабдықтау
Қазіргі таңда ауданның 33424 тұрғыны (халықтың 86%) немесе 14 елді мекен көгілдір отынды пайдалануда /Алға, Бестамақ, Самбай, Нұрбұлақ, Тамды, Қайнар, Тоқмансай, ст. Тоқмансай, Есет батыр Көкіұлы, Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Бесқоспа, Қарабұлақ және Қарақұдық/.
«КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жасалған меморандум негізінде Үшқұдық ауылын газдандыру бойынша 14,6 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттама даярланып, жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары 395,2 млн.теңгеге есептелді. Жоспар бойынша жұмыстары 2016ж.
Бұдан басқа бір бағытта орналасқан Көлтабан және Ақай ауылдарына жеткізуші газ құбырларының құрылысына 2014 жылы 4,3 млн.теңгеге технико-экономикалық негіздеме даярланып, 2015 жылы мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны шамамен 668,7 млн.теңгені құрайды. Жобалық-сметалық құжаттама даярлау жұмыстары 2016 жылға жоспарланды.
Сонымен қатар, Көктоғай (Голубиновка), Тікқайың (Ивановка), Қарақобда ауылдарының жеткізуші газ құбырларының құрылысына 2014 жылы 4,3 млн.теңгеге технико-экономикалық негіздеме даярланып, 2015 жылы мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны шамамен 447,6 млн.теңгені құрайды, жобалық-сметалық құжаттама даярлау жұмыстары 2016 жылға жоспарланды.
Газ құбырының жалпы ұзындығы – 80,007 км, оның ішінде:
1. жоғары қысымды жер асты газ құбыры – 4,326 км; орта қысымды газ өткізгіш -14,013 км,
- жер үсті – 8,295 км,
- жер асты – 5,713 км;
2. Төмен қысымды газ құбыры, барлығы – 61,068 км;
- жер үсті – 54,563км,
- жер асты – 6,505 км.
Барлығы: жер үсті – 62,858 км, жер асты – 17,149 км.
Жол – транспорт инфрақұрылымы
Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарын күтіп ұстауға 16,5 млн.теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.
Ауданымыздың аумағында конкурс арқылы «Алға-Бестамақ-Ақтөбе», «Тоқмансай-Ақтөбе», «Қайнар-Алға», «Есет батыр Көкіұлы-Алға» және «Маржанбұлақ-Ақтөбе» бағыттарындағы тұрақты жолаушылар тасымалдары атқарылып келеді.
2014 жылы аудандық маңызы бар жолдардың 4 учаскесінің орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен бөлінген 58,1 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары даярланды. Соның ішінде, ұзындығы 36 км құрайтын Есет-батыр Көкіұлы – Қайнар аралығындағы учаскесіне – 920,2 млн. теңге, ұзындығы 40 км Алға – Қарабұлақ аралығындағы учаскесіне – 942,4 млн. теңге, ұзындығы 23 км Үшқұдық - Нұрбұлақ аралығындағы учаскесіне – 562,1 млн. теңге, ұзындығы 3,1 км Маржанбұлақ ауылының кіреберіс жолына 20,5 млн.теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамалары даярланды.
Автомобиль транспорты
Автомобиль жолдарын қалыпты жағдайға келтіру тұрғындарды қоғамдық көлікпен тасуға қолайлы жағдай туғызды. Ағымдағы жылы үш маршрут бойынша Алға – Есет батыр Көкіұлы, Алға – Қайнар, Алға – Тамды бойынша жолаушылар тасымалдауға конкурс жарияланып 2 маршрут бойынша Алға – Есет батыр Көкіұлы, Алға –Қайнар жеңімпаздар анықталып, олармен жолаушыларды тасымалдау жөнінде үш жылға келісім – шарт жасалынды.
Жолаушыларды бір қалыпты емес тасымалдау (таксимен) жөнінде ауданның жергілікті атқару органдарымен шарт жасасу жөнінде жұмыстар ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге Алға қаласында – 4, Тамды с/о-5 тасымалдаушылармен келісім - шарт жасалынып, 2009 жылы оларға «таксиді» қоятын 2 жер учаскесі бөлініп, тасымал белгілері орнатылды.
Ауданда қала аралық ішкі облыстық маршруттар: Ақтөбе – Бестамақ – Алға, Ақтөбе – Маржанбұлақ, Ақтөбе – Алға –Тоқмансай станциясы – Қайнар, Ақтөбе – Алға –Павловка және Ақтөбе- Бестамақ – Алға, Тоқмансай станциясы – Ақтөбе маршруттары бойынша теміржол тасымалы жұмыс істейді.
2.2.4. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін - өзі басқару жүйесі.
Жергілікті мемлекеттік басқару
Әкімшілік аудан әкімі (аудандық маңызы бар қалада) басқаратын коллегиялды атқару органы болып табылады. Әкімшіліктер өз құзыры шегіңде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқаруды жүзеге асырады.
Алға ауданның әкімдігі 13 құрылымдық бөлімшелерден тұрады – «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, «Аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Аудандық тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ, «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Аудандық жер қатынастары» ММ, «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Аудандық білім бөлімі»ММ, «Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеренария бөлімі» ММ, «Аудандық қаржы бөлімі» ММ, «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ. Алға ауданы әкімінің аппараты – тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік аумағында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын атқаруға өкілетті мемлекеттік мекеме.
Зандылыққа және жергілікті атқару органдарының алдында тұрған мақсаттар мен міңдеттерге байланысты, Алға ауданының әкімі аппаратының құрылымы – үнемі жетілдіріліп отырады. Аудан әкімі аппаратының құрылымында 4 бөлім бар:
- персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі, мемлекеттік құқықтық және қаржылық жұмыстар бөлімі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі, ұйымдастыру,құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі;
- 2016 жылдың 1 - қаңтарына Алға ауданы әкімшілігінің мемлекеттік қызметкерлер штатына 145 адамды құрады, олардың ішінде 1 саяси және 144 - әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері. Әкімшіліктегі әйелдер саны – 60 адам немесе 50,8%.
- Алға ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің орта жасы – 38,8 жас. 2015 жылдың басына 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметкерлер – 25%, 30 дан 40 жасқа дейінгілер – 24%, 41 ден 50 жасқа дейінгілер - 20 %, жасы 50 ден жоғары мемлекеттік қызметкерлер - 24%.
Халыққа ақпарат ретінде мемлекеттік қызмет көрсетуге ыңғайлы жағдай туғызу аясында Алға ауданы әкімдігінің WEB сайты – www.alga.aktobe.gov.kz жұмыс істейді, одан аймақта болып жатқан жағдайлармен танысуға болады. Аталған сайтта ауданның тіршілігі, аудандық мемлекеттік мекемелердің жұмысы, мемлекеттік қызмет туралы ақпараттық хабарлар, оқиғалар, мәжілістер т.б. есептер орналасқан.
Үкіметтің 2006 жылғы 17 - тамыздағы Қаулысымен бекітілген нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ережесіне сәйкес азаматтардың құқына еркін және міндеттері қатысы бар актілерді юстиция органдарына ұсыну мерзімі сақталып отырылады. НПА жобалары қараған кезде: акт жобасының, азаматтардың заңдылықта бекітілген құқы мен еркіндігіне нұқсан келтірмейтіндігін, оның жоғары тұрған органдардың нормативтік актілерін қайшы келмейтіні.
НПА-ға тіркелген ҚР заңдылығына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, олардың жүзеге асырылуына баға беру және уақытында шаралар қабылдауға мониторинг жүргізу.
Әкім аппаратында құжаттардың айналымын таңдау жөнінде жұмыстар өткізіліп, іс қағаздарын жүргізуді жетілдіру, құжаттардың орындалуын бақылау және заңды, жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмысты жақсарту жөнінде шаралар қабылданып отырады. ҚР Бас прокуратурасының бекіткен «Тұлғалардың үндеуінің бірыңғай есебіне» байланысты автоматтандырылған, ақпараттандырылған жүйе жетілдірілуде.
Мемлекеттік тілді енгізу бойынша әдістемелік және тәжірибелік жәрдем көрсетіледі. Аудан әкімдігі мен әкімінің іс қағаздарын және басқа да құжаттарын жүргізу жағдайы актілердің орындалуын тексеру, жоғары органдардан түскен құжаттар мен азаматтардан түскен құжаттардың орындалуын бақылау, тапсырмаларды шұғыл шешуді анықтайды.
Әкім аппаратындағы құжаттар айналымына жасалған талдау оның жылдан жылға көбейіп отырғанын көрсетеді.
Құжат айналымының тиімді жүйесін жасау және олардың орындалуына бақылау жасау үшін құжат айналымын қысқартып (ішкі жазбаларды азайту, әртүрлі құрылымдағы сұраныстарды қайталамау, сұратылған ақпараттардың үлгілері мен түрлерінің өзара келісілмеуі), әрбір жұмыс орындарына электронды құжат айналымын енгізу қажет.
Аудан әкімінің аппаратында аудандық және ауылдық мекемелерге әдістемелік көмек көрсететін мемлекеттік қызмет ұсыну сапасын қадағалауға ішкі бақылау және сыртқы бақылау мемлекеттік қызметті ұсыну мен сапалы мониторинг жасайтын мемлекеттік қызметтер көрсету, мәселені үйлестіру бөлімі құрылған.
Мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтерде халыққа қызмет көрсетуге ынғайлы жағдай туғызуға және толық ақпарат беруге міндетті.
Азаматтық қорғаныс жағдайы «ҚР азаматтық қорғаныс туралы» Заңының талаптарына сай келеді. Алға қаласында азаматтық қорғаныстың басқару органдарының тиісті жүйелері құрылып жұмыс істейді, азаматтық қорғаныс күштері бар. ТЖ -ның ведомстволық аумақтық өзара комиссиясы бейбітшілік уақытта өз жұмысын атқаратын, төтенше жағдайды ескертетін, материалдық-техникалық құралдар мен ТЖ болдырмайтын АҚ пен ТЖ тиісті қызметтері құрылды.
Төтенше жағдайлардың орын алу қаупін барынша азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, болып қалатын шығындар көлемін кеміту мақсатында ауданда халықты және аумақты қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені өткізіліп тұрады.
Алға ауданының аумағында – 268 ӨСГ (өрт сөндіру гидраттары) бар.
Бюджет
Жергілікті бюджет экономика мен әлеуметтік саланың дамуына ықпал ететін маңызды құрал. Оның мәдениет органдары қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертіп, шаруашылық нәтижелеріне ықпал етіп, әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыра алады. Бюджеттік жоспарлау вертикальді мемлекеттік жоспарлауға сәйкес жүргізіледі: мемлекеттік мақсаттар –мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – шаралар – ресурстар – бюджет.
Мемлекет экономикасында жаңа кезең - сапалы өсімді дамытуды қамтамасыз ету басталады. Атап айтқанда, өңдеу, өндіру салаларындағы баланстың экономикалық тұрақтылығы, инфроқұрылымының тиімділігі. Ең алдымен бұл - әр адамның тұрмыс сапасы.
Халықтың тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру үшін экономиканың тұрақты түрде дамып отыруы тиіс.
Негізгі бағыттар бойынша бюджет шығыстары
мың тенге
Атауы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Шығындар
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
Қорғаныс
Білім беру
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
Су, орман, балық, ауыл шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарларды қорғау, жер қатынастары
Өнеркәсіп,құрылыс саласы
Транспорт және коммуникация
Басқалар
Қарызды атқару
Трансфертер
|
4660431,0
278807
5173,2
2150531,1
209005,8
848439,5
237303,1
86527,7
7974,9
198731
504195,8
3,8
133738
|
5051507,3
278813,6
4826,8
2496945,5
218494,5
898340,5
141230,6
76159,3
33746,5
165206,4
368984,2
5,5
368754,1
|
Бүгінгі күнге бюджеттік бағдармаларды орындауда төмендегі проблемалар орын алып отыр:
- бюджеттік орындаудағы бюджеттік процедуралардың көп сатылылығы және күрделілігі (бюджеттік бағдарламалар жөніндегі шаралар қабылдауға бастап, түпкілікті есеп айырысқанға дейін), ол бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімді болжауына әкеп соқтырады.
- бюджеттік бағдармаларды уақытында орындау өзекті проблемаға айналып отыр. Бұл мәселелердің бюджеттік тәртіппен күшейтілуіне қарамастан, бюджеттік бағдарламалар шараларын жүзеге асыру мерзімін және ресурстарды жоспарлауда кемшіліктер орын алуда.
2.3 Орташа мерзімдік перспективадағы аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары мен бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді сипаттамасы.
Алға ауданының әлеуметтік – экономикалық жағдайына жасалған талдау аудан дамуының игі динамикасы қалыптасып отырғанын көрсетеді.
Ауданның кешендік сипаттамасы SWOT – талдау әдісін пайдалану негізінде жасалды.
Басым жақтары:
- Қолайлы инвестициялық климат, инвестициялық белсенділіктің жоғарылығы және негізгі капиталға салынатын инвестицияның даму қарқыны;
- Жоғары демографиялық потенциал: тұрғындардың басым көпшілігі жастар екендігі, бала туу жасындағы тұрғындардың басым болуы, табиғи өсімнің көбеюі;
- Еңбек нарығындағы игі динамиканың дамуы, еңбекке қабілетті жастан төмен жастағы тұрғындарға түсетін демографиялық салмақ, бұл дамудың динамикасына, жұмыссыздық дәрежесін қысқартуға, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің көбеюіне игі әсер етеді.
Осал жақтары:
қоршаған ортаның ластану жағдайларының орын алуы: топырақтың құнарлылығының төменділігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің табиғи климаттық жағдайларға тәуелді болуы және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өткізу нарығынан қашықта болуы;
азаматтарға тұрғын үй алудың қиындығы;
ауылдағы жолдардың сапасының нашарлығы;
өнеркәсіптік инфроқұрылымның нашарлығы;
ауыл шаруашылығына шағын несие берудегі мемлекеттік қаржының жеткіліксіз бөлінуі;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жұмыстарының ауа райы жағдайына тәуелділігі;
сапалы медициналық қызметпен қамтылмау, тіпті мед.пункттердің жоқтығы;
жөнделген көпірлердің және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасыздығы.
Мүмкіндіктер:
өндіріс көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу дәрежесін жақсарту;
бюджеттік қаржыны пайдаланудың тиімділігін арттыру.
3. АУДАН ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Ауданның экономикасын және әлеметтік инфроқұрылымын қалыпты дамыту, сонымен қатар азаматтардың әл – ауқатын арттыру;
Әлеуметтік – экономикалық, тұрғын үй коммуналдық проблемаларды шешу, кәсіпкерлік белсенділікті көтеру негізінде кірістер дәрежесін арттыру, спектрді кеңейту және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді жақсарту;
Қаржы резервтерін қалыптастыру көздерін анықтай отырып, аумақтың қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны рационалды пайдаланудың тиімді жүйесін енгізу;
Менеджменттің заманауи талаптарына сай келетін мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі.
Ауданның білім беру орындарының бәсекеге қабілетті түлектері;
Халықтың мұқтаж бөлігінің жұмысқа орналасуына ықпал ету және оларды әлеуметтік қолдау, жұмыссыздар санын және ауданның аз қамтылған азаматтарының санын азайту;
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының барлық бағыттарында автокөліктердің үздік және қауіпсіз жүрулерін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын пайдаанушылар үшін қолайлы жағдай жасау, сапалы ауыз сумен және жылумен уақытында қамтамасыз ету;
Кілттік индикаторлар:
Өңделген өнім үлесін 2020 жылы 105,0 % - ға арттыру;
Аудан елді-мекендерін мұнай ілеспе (табиғи) газымен 2015 ж. елді-мекендердің жалпы санының 70,0%-н қамтамасыздандыру;
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 2014 жылға қарағанда 2020жылы бес есеге өсіру;
Жұмыссыздық деңгейін 2020 жылы 3,4 %-ға дейін азайту;
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету, 2020жылға қарай нольдік деңгейге дейін түсіру;
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін төмендету, 2020 жылға қарай 8,6%-ға дейін төмендету;
Бiлiм беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәлiм-тәрбиемен балаларды қамтуды 2020 жылы 100 % жеткізу.
Мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізудегі көлемін 2020 жылы – 100 % - ға жеткізу
2020 жылға қарай көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы 17 % - ға төмендету.
Достарыңызбен бөлісу: |