Өзін - өзі тану сабақ жоспары.
Мектеп Маржанбұлақ орта мектебі. Мерзімі: 30.03.2016. № 11 сабақ
Тақырыбы: Ашу дұшпапн, ақыл дос.
Құндылығы: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: ақылдылық, ұстамдылық, сабырлылық.
Мұғалім: Есмагамбетова Айнагуль Асылханқызы.
Сынып: 4 Оқушы саны: 17
Сабақ мақсаты: Оқушыларға ақыл мен ашудың айырмашылығын түсіндіре отырып , ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Өзін-өзі тәрбиелеуге баули отырып , шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылыққа үйрету.
Жағымды қарым-қатынас жасай отырып, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Ашуды ақылға жеңе білуге, ұстамды, сабырлы болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер)
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәті.( баяу музыка ойнайды)
Тыныс алу жаттығулары.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолынызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде , біздің ақылымыз демалады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық. Көзімізді жұмамыз.... , арқамызды тіктейміз.... , қолдарыңызды тізеге қоюға болады...
Дем аламыз, дем шығарамыз(9-10 рет)
Үй тапсырмасын тексеру. 54-беттегі Ж.Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесін оқып келу.
- Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?
-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?
- Оның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Өздеріңнің сабырлылық танытқан кездерің болды ма?
«Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Ашуды жеңудің ең тиімді жолы не деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті
Күннен нұрды алайық, (Қолдарын жоғары көтереді)
Бір-бірімізге қарайық. (Бір-біріне қарайды)
Құшақ толы нұрды біз,(Толы құшақ қалпын көрсетеді)
Айналаға шашайық. (Құшақтарын жайып, жан-жағына шашады)
Мен Нұрлымын! (Өзін көрсетеді)
Сен Нұрлы! (Қасындағы баланы көрсетеді)
Әлемге түгел Нұр толды!(Қайтадан жан-жағына қолын созады)
|
Өзін-өзі тану
Үнтаспа
|
3. Дәйексөзбен жұмыс
«Ақыл - адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» М. Әуезов
- Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?
- Сабырлы адам ол қандай адам?
(Хормен ұлдар және қыздар қайталап айтады. Барлығы бірге айтады)
|
|
4.Әңгімелеу: Мұғалім сыйы: Жан жарасы жазылмайды. (Аңыз)
Мультфильм «Қазақстан Барысы»
Ертеде бір қарияның, ашушаң, ұстамсыз ұлы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде суырып аласың,- дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға оншақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқанның жеңіл екенін түсінді.
Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі бағанға жетелеп әкеліп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, сабырлы бол балам,- дейді.
Сұрақтар:
- Қария өз ұлына неліктен бір қапшық шегені берді?
- Бала қарияның сөзінен соң өзін ұстауға тырысты ма?
- Ашуыңды ақылға жеңгізе біл деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Ашуды ақылға жеңгізіп, сабырлы , ұстамды болғанда ішкі тыныштығымыз орнайды ма?
- Қандай қасиеттер бізді ақылға жүгіндіреді?
-Ашуын ақылға жеңдіре білген адам қандай болады?
|
Қазақ халық ертегілер жинағы Интерактивті такта
|
|
Шығармашылық жұмыс.
Оқулықтағы Н.Носовтың « Сырғанақ» әңгімесін оқып, өз ойларымен жалғастыру.
|
|
Топпен ән айту. Ертегілер әлемі Әйгерім Қалаубаева
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы – көркем
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттар тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...
Гүлдерден, бұлттардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер...
|
Магнитафон
|
Үй тапсырмасы. 12 сабақтың,58беттегі «Балалардың көз қуанышы» В. А. Сухомлинский мәтінің оқып, түсініп келу.
|
|
Сабақтын қортынды минуты.
- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық...
Жайлап көздеріңізді ашуға болады. (2 минут)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |