Қазіргі таңдағы педагогикалық үдерісте мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілетіне сипаттама



Дата07.02.2022
өлшемі30,26 Kb.
#86366
Байланысты:
мұғалімнің ұйымдастырушылық қаб


Қазіргі таңдағы педагогикалық үдерісте мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілетіне сипаттама
«Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады».
Ы. Алтынсарин
«Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады».
В. А. Сухомлинский
«Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»
Ы. Алтынсарин
«Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр».
В. Г. Белинский
«Бала тәрбиесінің басты мақсаты өз тәрбиесін үнемі еске салып, оның жеке басының мүддесі мен үмітін қанағаттандыру».
Д. Дьюи
«Ең әуелі мектепке керегі-білімді, әдістемеден хабары мол, ізгілікті оқыта білетін мұғалім».
А.Байтұрсынұлы
«Болашаққа жарамды адамды тәрбилеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіптәрбиелеу қажет-тек сонда ғана тәрбилеуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады».
Л. Н. Толстой
«Тәрбиеленуші сіздің жан дүниеңіз бен ақыл-ойыңызды сізді көру, тыңдау арықылы қабылдайды».
А. С. Макаренко.4
Ұстаз – ұлы есім.
М. Әуезов
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж. Ж. Руссо
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
Л. Н. Толстой
«Өнер мен шеберлік педагогты жүректілік пен ақылдылыққа байланыстыратын қабілеті».
В. Сухомлинский
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К. Д. Ушинский

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:


- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіби білгірлігі;
- педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы.
Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі.
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.
3. Ситуацияларды меңгеру.
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.

Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы.


Мысалы, педагогикалық тәжірибе – біріншіден, мұғалімнің нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының ерекшеліктерін және өзінің жеке ерекшелігін есепке ала отырып, педагогиканың практикадағы заңдарын және принциптерін шығармашылықпен, белсенді меңгеру мен іске асыруы.
Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.
Төртінші қыры – байқағыштық сезімі және көрегендігі.
Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы.
Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек.
Мұғалімге ең қиын жұмыс, баланы қырық бес минут бойы сабақта отырғызып, сабақ тыңдату. Қазіргі кезде балалар жан-жақты, ақпаратты тез қабылдайды. Сол үшін мұғалімге актерлық шеберлік керек. Актер болу ол шеберлікті талап етеді.
Мұғалім - шебер актер, әрі тәрбиелеуші. Бір уақытта бірнеше рөлге енеді.
Шебер мұғалім сабақты қалай өткізу керек екенін біледі, бірақ актер болуды көздемейді. Сабақта, сабақтан тыс уақытта да актерлік элементтерін пайдалана білу керек. Мысалы: сабақты нашар оқитын оқушы, бірақ ол ешбір дайындықсыз күнделікті сабаққа келеді. Мұғалім оны қалай қызықтыратынын білмейді. Бір сабақта оқытушы Ерболды мұғалім рөліне өзі оқушы болып сынап көрмекші болып шешті. «Сен бүгін мұғалімсің, ал мен оқушы рөлін ойнаймын. Ал кіріс»,- деп оған орнын берді. Тақтада есеп шығару барысында «оқушы» қате жібереді. Ербол қатесін түзеп, ескерту айтады, сөйтіп алма-кезек рөл ауыстыру арқылы мұғалім оқушыны сабақ барысына араластыра білді. Бұл белсенділік принципінің бір элементі болып табылады.
Егерде, болашақ мұғалім өзінің шығармашылығында әртістікке дейін көрсетілуге ұмтылса, онда театр педагогикасының элементтерін меңгеру орындауды қажет ететін шарттардың бірі болып табылады.
Әртіс педагогтің міндеті оқушыларға эмоциялы ықпал ету, олардың үн қосуына, мұнсыз өмірді және оның ұғымын терең қабылдауды, балалардың санасы мен жүрегінде өзіне сенімді нығайту, өзінің қатынасымен, сезімдерімен әсер ету.
Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің бағыттылығы да маңызды рөл атқарады. Мұғалім тұлғасының құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық бейімділіктің болуы. Педагогикалық бейімділік негізі мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады. Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық жасауға ұмтылады. Сонымен қатар педагогикалық шеберлік қатарына төмендегі қасиеттерді атап кетуге болады:
- психологиялық, педагогикалық. әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі;
- мұғалім мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
- кәсіптік көрегендігі;
- педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;
- ұйымдастырушылық шеберлігі;
- оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс әрі уақытылы қабылдай алуы;
- ұстаздық сезімталдығы, үлкен жүректілігі;
- педагогикалық техника.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің 37
жаңа саласына жету - мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен, тығыз байланысты. Өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет