Аудандық Мәслихаттың жиырма бірінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата26.06.2018
өлшемі319 Kb.
#44892
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -1 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)


Аудандық Мәслихаттың жиырма бірінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8, 10-баптарының талаптарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 21-1 шешіміне қосымша

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық

Мәслихатының кезекті 21 – сессиясының



КҮН ТӘРТІБІ:


1.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ауданда іске асыру барысы туралы.

Баяндамашы: И.Баймағамбетов - Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

2.

Жаңаарық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

Есеп беруші: О.Мұқашев-Жаңаарық ауылдық округінің әкімі.

3.

Түркістан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

Есеп беруші: Д.Шортанбаев-Түркістан ауылдық округінің әкімі.

4.

«Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

5.

Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

6.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

7.

«Консультативтік-кеңесші орган құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

8.

«Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-9 шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

9.

«Сарысу ауданы әкімдігі жанынағы Жастар ісі жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

10.

«Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

11.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комиссиясы құрамын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

12.

Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

13.

«Жекелеген санаттағы азаматтардың мұқтаждығы мен әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау жөніндегі комиссия туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Енгізген: аудан әкімі аппараты

14.

«Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 46-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 7 қарашадағы № 56-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Енгізген: аудандық Мәслихат аппараты

15.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының жиырма екінші сессиясының төрағасы туралы.

,


Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының

кезекті жиырма бірінші сессиясының



Регламенті мен тәртібі
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы 2013 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
Сессияның жұмыс регламенті
Сессияға мынадай жұмыс регламентi ұсынылады:

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге – 5 минут, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндамашыға 20 минут, жарыс сөзге 10 минут, күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін – 15 минутқа дейін, анықтама беру үшiн 5 минут.

Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі


1.

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге

11.00 – 11.05

2.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндамашыға

11.05 – 11.25

3.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жарыс сөзге

11.25 – 11.35

4.

Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін

11.35 – 11.50

5.

Анықтамалар беру үшін

11.50 – 11.55

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -2 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

Кезекті жиырма бірінші сессияның редакциялық комиссиясының

құрамы туралы

Сарысу аудандық Мәслихаты регламентінің 20-тармағына сәйкес кезекті жиырма бірінші сессияның қарауына ұсынылған мәселелерді талқылау барысында депутаттардың айтылған ұсыныс-пікірлерін есепке алу мақсатында және шешімдердің нақты мәтінін жасау үшін, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Редакциялық комиссия мына құрамда сайлансын:

Асанова

Лаура Қырықбайқызы



-

№ 13 Қамқалы сайлау округінің депутаты, комиссия төрағасы;

Оразбаев

Темірхан Жаппарұлы



-

№ 1 Жаңатас сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі;

Бегеев

Сағынбек Арыстанұлы



-

№ 3 Әуезов сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -3 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

Қазақстан Республикасында білім беруді

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын ауданда іске

асыру барысы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Баймағамбетов Ильяс Алшынбайұлының баяндамасы назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай аудандағы білім беру жүйесін дамыту үшін және өсіп келе жатқан ұрпаққа толыққанды білім мен тәрбие беруді жүзеге асыру үшін экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық жағдайлар туғызу аудан әкімдігінің білім бөлімінің басты міндеті болып есептелсін.

3. Аудан әкіміне ұсынылсын:

1) мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту;

2) мектептерді оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

3) аудандағы спорт залдары жоқ мектептерге кезең-кезеңімен спорт зал салып беру үшін қаражат бөлу;

3. Аудан әкімдігінің білім бөліміне (И.Баймағамбетов) ұсынылсын:

1) жоғарғы оқу орындарына барып, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы келісім шарт жасау арқылы білім саласына керекті мамандықтар бойынша жас мамандарды ауданға тарту жұмыстарын жүргізу;

2) мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үрдісіне кеңінен пайдалануға үйрету мақсатында қайта даярлаудан өткізу жұмыстарын жалғастыру;

3) ауылдағы білім беру ошақтарына кезең - кезеңімен интерактивтік тақталар алып беру жұмыстарына баса назар аудару;

4) күрделі жөндеуден өтіп жатқан Б.Адамбаев орта мектебінің уақытылы пайдалануға берілуін қадағалау;

5) мектепке дейінгі тәрбие беру ошақтары жоқ елді мекендерде балабақша немесе шағын орталықтар ашу жолдарын қарастыру.

4. Қала мен ауылдық округ әкімдеріне ұсынылсын:

1) қала мен тиісті ауылдық округтерде оқушыларды мектепке дейін және кейін үзіліссіз уақытылы тасымалдау жұмыстарына баса назар аудару;

2) қала мен ауылдық округтердегі мектепке дейінгі және жалпы білім беру ошақтарын қысқы маусымға дайындығын басты назарда ұстап, үзіліссіз жарықпен, қатты және дизель отынымен уақытылы қамтамасыз етілуін бақылау;

3) күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларын анықтап, тегін ыстық және дәрумендендірілген тамақпен қамтамасыз етуді үнемі қадағалау;

4) аудан әкімдігінің білім беру және аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларын, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шараларын, оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау бойынша аулаларды аралауды ұйымдастыру;

5) мектеп жасындағы балаларды 100% медициналық тексерумен қамтамасыз етілуін қадағалау.

5. Аудан, қала мен ауылдық округ әкімі аппараттары және аудан әкімдігінің білім бөлімі осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық Мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың білім, мәдениет, отбасы мен әйелдер, ұлттық және азаматтық келісім, тілдерді дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -4 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

Жаңаарық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жаңаарық ауылдық округінің әкімі Мұқашев Оңласын Өзбекұлының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.

2. Жаңаарық ауылдық округі әкіміне (О.Мұқашев) ұсынылсын:

1) жер қатынастарын реттеу бағытында аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен (С.Уалиев) бірлесіп шаруа қожалықтары тарапынан пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік қорға қайтару жұмыстарын қолға алу;

2) Ақтоғай және Ұ.Сыздықбайұлы елді мекендері тұрғындарын аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныс енгізу;

3) «Сарысу» орта мектебінің жылу қазандығын мектептен тыс жерге орнату жөнінде тиісті органдарға ұсыныс беріп, орындалуын қадағалау;

4) «Ақтоғай» орта мектебінде орналасқан шағын орталықтың өртке қарсы дабыл құралдарын ретке келтіру және балалар ойнайтын ойын алаңын салу үшін аудан әкімдігінің білім бөліміне ұсыныс беру;

5) Ақтоғай ауылы көшелерін өз дәрежесінде жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру;

6) ауылдық округтегі мал басын бірдейлендіру (сырғаландыру) жұмыстарына баса назар аудару, яғни жұмсалған қаржыны қайтару, электрондық базаға мал басын енгізу

7) сессияда айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелерді шешуге арналған іс-шаралар жоспарын қабылдап, орындалуын қамтамасыз ету және аудандық Мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, орындалуы жөнінде уақытылы мәлімет беру.

3. Жаңаарық ауылдық округі әкімінің аппаратына осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық Мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.

4. Төртінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Жаңаарық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» № 58-6 шешімі жойылсын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.



Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев __________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -5 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)


Түркістан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түркістан ауылдық округі әкімі Шортанбаев Даулетберді Аманкелдіұлының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.

2. Түркістан ауылдық округі әкіміне (Д.Шортанбаев) ұсынылсын:

1) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жалғастыру;

2) аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен (Д.Ақділда) бірлесіп Арыстанды елді мекеніндегі мәдениет үйін қосымша штат бірліктерімен толықтыру жөнінде жұмыстар жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Арыстанды елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

4) жер қатынастарын реттеу бағытында аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен (С.Уалиев) бірлесіп шаруа қожалықтары тарапынан пайдаланылмайтын жерлерді мемлекеттік қорға қайтару жұмыстарын қолға алу;

5) Түркістан ауылдық округі елді мекендері тұрғындарына аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру, оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салу;

6) айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелерді шешуге арналған іс-шаралар жоспарын қабылдап, орындалуын қамтамасыз ету және аудандық Мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, бақылауды күшейту.

3. Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратына осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық Мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.

4. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы «Түркістан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» № 12-7 шешімі жойылсын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -6 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

«Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 5) тармақшасына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 21-6 шешіміне қосымша

Аудан әкімдігінің дербес құрамы




Мәдібек

Қанатбек Қайшыбекұлы



-

аудан әкімі;

Көкей

Олжас Тұрғынұлы



-

аудан әкімінің орынбасары;

Тоқсанбаева

Мағия Жұмабайқызы



-

аудан әкімінің орынбасары;

Аукенов

Қайрат Қостанайұлы



-

аудан әкімінің орынбасары;

Аймағамбетов

Мыңжасар Төленұлы



-

аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

Алпысбаев

Марат Көмешбайұлы



-

аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;

Ақділда

Диханбай Жұмабайұлы



-

аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

Баймағамбетов

Ілияс Алшынбайұлы



-

аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы;

Есқұлов

Тұрғанбай Тұрсынайұлы



-

аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

Имашев

Ерлан Оспанбекұлы



-

аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы;

Исабаев

Алпысбай Смайлұлы



-

аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

Оспанов

Ақылбек Аяжанұлы



-

аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы;

Оспанбеков

Қамбар Қаңтарбайұлы



-

аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Сақыпбеков

Жұмат Жұмабекұлы



-

аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы;

Тоқаев

Серік Елемесұлы



-

аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

Тойшыбекова

Асияхан Омарқызы



-

аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Уәлиев

Сейтмағанбет Жамбылұлы



-

аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы;

Үсембаев

Болат Базарбайұлы



-

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -7 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 589 Жарлығына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат Шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамы бекітілсін.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 21-7 шешіміне қосымша

Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрамы




Мәдібек

Қанатбек Қайшыбекұлы



-

аудан әкімі, комиссия төрағасы;

Маханов

Мақсат Тәттібекұлы



-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сарысу аудандық бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша), комиссия төрағасының орынбасары;

Искаков

Дәулетбек Тұрғанбекұлы



-

аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Көкей

Олжас Тұрғынұлы



-

аудан әкімінің орынбасары;

Дондаұлы Болатбек

-

аудандық мәслихат хатшысы (келісім бойынша);

Досқұлов

Бақыт Оразқұлұлы



-

Сарысу ауданының прокуроры, (келісім бойынша);

Нүркенов

Берік Сұлтанұлы



-

аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша);

Отыншиев

Айту Тұратұлы



-

аудандық әділет басқармасының бастығы (келісім бойынша);

Баймағамбетов

Ілияс Алшынбайұлы



-

аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы;

Есқұлов

Тұрғанбай Тұрсынайұлы



-

аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

Оспанбеков

Қамбар Қаңтарбайұлы



-

аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Алдабергенов

Қуандық Шалқығанұлы



-

аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы;

Өзбеков Жамалбек

-

«Сарысу» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор - бас редакторы.

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -8 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)


Әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат Шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссия құрамы бекітілсін.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 21-8 шешіміне қосымша

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық консультативтік-кеңесші ведомствоаралық комиссия құрамы




Аукенов

Қайрат Қостанайұлы



-

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Үсембаев

Болат Базарбайұлы



-

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Шалбаева

Назира Әсембайқызы



-

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жасау секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Баймағамбетов

Ілияс Алшынбайұлы



-

аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы;

Имашев

Ерлан Оспанбекұлы



-

аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы;

Мұханов

Рәт Қырғызбайұлы



-

аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, (келісім бойынша);

Есқұлов

Тұрғанбай Тұрсынайұлы



-

аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

Тойшыбекова

Асияхан Омарқызы



-

аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Тоқаев

Серік Елемесұлы



-

аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -9 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

«Консультативтік-кеңесші орган құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 766 Қаулысына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Консультативтік-кеңесші орган құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9-8 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) аталған шешімнің құрылған консультативтік-кеңесші органның құрамына енгізілсін:

Аукенов

Қайрат Қостанайұлы



-

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

2) комиссия құрамынан А.Есеналиев шығарылсын.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -10 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

«Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-9 шешіміне толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-9 шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

аталған шешімнің құрылған комиссия құрамына енгізілсін:



Қадірбекова

Меруерт Нышанбекқызы



-

«Сарысу патриоттары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша).

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -11 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

«Сарысу ауданы әкімдігі жанынағы Жастар ісі жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Сарысу ауданы әкімдігі жанынағы Жастар ісі жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-18 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) аталған шешіммен құрылған кеңес құрамына енгізілсін:

Оспанбеков

Қамбар Қаңтарбайұлы



-

аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;

Исабаев

Алпысбай Смайлұлы



-

аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

Байділдаев

Бақытжан Жеңісұлы



-

«Сарысу жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, кеңес хатшысы;

2) кеңес құрамынан Ж.Оспанов шығарылсын.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -12 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

«Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13-10 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) аталған шешімнің құрылған кеңес құрамына енгізілсін:



Қонақбаев

Ғалымжан Қабылбекұлы



-

«Жаңатас» орталық мешітінің бас имамы (келісім бойынша);

2) кеңес құрамынан М.Ақтөреев шығарылсын.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -13 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комиссиясы құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат Шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 21-13 шешіміне қосымша

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының құрамы




Мәдібек

Қанатбек Қайшыбекұлы



-

аудан әкімі, комиссия төрағасы;

Тоқсанбаева

Мағия Жұмабайқызы



-

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

Оспанбеков

Қамбар Қаңтарбайұлы



-

аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Ақділда

Диханбай Жұмабайұлы



-

аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

Аймағамбетов

Мыңжасар Төленұлы



-

аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

Әбдиев

Ерғали Әзімбекұлы



-

Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы;

Әбілов

Құдайберлі Аблашұлы



-

аудандық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы (келісім бойынша);

Баймағамбетов

Ілияс Алшынбайұлы



-

аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы;

Бегеев

Сағынбек Арыстанұлы



-

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);

Исабаев

Алпысбай Смайлұлы



-

аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

Үсембаев

Болат Базарбайұлы



-

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -14 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)


Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат Шешім ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратына жолдансын.

3. «Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2012 жылғы 27 наурыздағы №3-12 шешімі жойылсын. 4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 21-14 шешіміне қосымша
Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамы


Аукенов

Қайрат Қостанайұлы



-

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Аймағамбетов

Мыңжасар Төленұлы



-

аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

Орымбаев

Жұмәлі Наргелұлы



-

аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Абдималиков

Сейдмұхаммед Көпбосынұлы



-

аудандық Мәслихат депутаты (келісім бойынша);

Бегеев

Сағынбек Арыстанұлы



-

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);

Есқұлов

Тұрғанбай Тұрсынайұлы



-

аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;

Каипов

Дәурен Айтасұлы



-

Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары;

Кенешбаева

Найля Төлеубекқызы



-

аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы;

Құлыбеков

Қуаныш Қайратұлы



-

аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы;

Имашев

Ерлан Оспанбекұлы



-

аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы;

Төлебаев

Талғат Великанұлы



-

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Сарысу аудандық филиалы кәсіподақ комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

Үсембаев

Болат Базарбайұлы



-

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -15 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

«Жекелеген санаттағы азаматтардың мұқтаждығы мен әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау жөніндегі комиссия туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы О.Көкейдің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 01-1240 хатына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Жекелеген санаттағы азаматтардың мұқтаждығы мен әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау жөніндегі комиссия туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-5 шешіміне келесі өзгерістертер мен толықтырулар енгізілсін:

1) аталған шешімнің құрылған комиссия құрамына енгізілсін:



Аукенов

Қайрат Қостанайұлы



-

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

2) комиссия құрамынан А.Есеналиев шығарылсын;

3) мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

«2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.».

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен аудан әкімдігіне жолдансын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -16 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)


«Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 46-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 7 қарашадағы № 56-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Сарысу аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 46-15 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы Сарысу аудандық Мәслихатының 2011 жылғы 7 қарашадағы № 56-4 шешімінің (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 6-9-125 болып мемлекеттiк тiркеуден өткен, «Сарысу» газетiнiң 2011 жылғы 26 қарашадағы № 94 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен облыстық әділет департаментіне жіберілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.

Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық Мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 21 -17 25 қыркүйек 2013 жыл

(кезекті жиырма бірінші сессия)

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық

Мәслихатының жиырма екінші

сессиясының төрағасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бесінші шақырылған Сарысу аудандық Мәслихатының жиырма екінші сессиясының төрағасы болып № 13 Қамқалы сайлау округінің депутаты Асанова Лаура Қырықбайқызы сайлансын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ Б. Көкебаев ___________Б. Дондаұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет