Бекітілді
М.Өтемісов атындағы
БҚМУ Ғылыми кеңесінің
«__» __________ 2012 жылғы шешімі
№___ хаттама
Төраға, ректор
________________А.С.Иманғалиев
Басқа ЖОО-лар мен ұйымдардан шақырылған оқытушылардың
еңбекақысын төлеу және оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
МІНДЕТІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1. Осы Ереже:
- М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға басқа ЖОО-лар мен ұйымдардан жұмыс істеуге шақырылған оқытушылардың заңды мәртебесін;
- М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да басқа ЖОО-лар мен ұйымдардан шақырылған оқытушылардың қатысуымен оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібі мен түрін;
- М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да басқа ЖОО-лар мен ұйымдардан шақырылған оқытушылардың еңбек ақысын төлеу тәртібін;
- М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да басқа ЖОО-лар мен ұйымдардан шақырылған оқытушылардың қатысуымен оқу үрдісін ұйымдастыруға жауапты тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметтік міндеттерін анықтайды.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
27.07.2007 ж. ҚР «Білім туралы» № 319-III заңы 10.07.2012 ж. берілген өзгерістермен
18.02.2011 ж. ҚР «Ғылым туралы» №407 – IV заңы
«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 07.12.2010 ж. № 1118 Жарлығы 27.08.2012 ж. берілген өзгерістермен
«Білім беру ұйымдарын аккредиттеу Ережелерін бекіту туралы» ҚРБП 29.12.2007 ж. № 1385 қаулысы (30.12.2009 ж. берілген өзгерістермен)
«Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 20.04.2011 ж. № 152 бұйрығы
«Білім беру қызметін лицензиялау Ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 02.05.2007 ж. № 452 қаулысы (11.06.2012 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қашықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» 19.01.2012 ж. № 112 ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы (09.06.2011 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығы
«Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 661 бұйрығы
«Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылғы 22 қарашадағы N 574 бұйрығы
ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Басқа ЖОО-лардан БҚМУ-ға қосымша жұмыс жасауға шақырылған оқытушылар, ҚР азаматтары үшін төмендегідей қажетті құжаттар тізімі бекітілген:
негізгі қызмет орнынан анықтама;
нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
нотариалды расталған дипломдар көшірмелері;
нотариалды расталған жеке куәлік көшірмесі;
нотариалды расталған ӘЖК, СТТН көшірмелері.
2. Басқа ЖОО-лардан БҚМУ-ға толық жүктемемен штаттық кестеге кіргізіле отырып жұмыс жасауға шақырылған оқытушылар, ҚР азаматтары үшін төмендегідей қажетті құжаттар тізімі бекітілген:
БҚМУ және оқытушының негізгі қызмет орнымен жасалған академиялық ұтқырлық пен оқытушылармен алмасуы қарастырылған келісім-шарт;
негізгі қызмет орыннан анықтама;
нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
нотариалды расталған дипломдар көшірмелері;
нотариалды расталған жеке куәлік көшірмесі;
нотариалды расталған ӘЖК, СТТН көшірмелері.
3. Басқа ЖОО-лардан БҚМУ-ға жұмыс жасауға шақырылған оқытушылар, ҚР азаматтары емес тұлғалары үшін төмендегідей қажетті құжаттар тізімі бекітілген:
БҚМУ және оқытушының негізгі қызмет орынмен жасалған академиялық ұтқырлық пен оқытушылармен алмасу қарастырылған келісім-шарт;
нотариалды расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
нотариалды расталған дипломдар көшірмелері.
4. Басқа ЖОО-лардан шақырылған оқытушыларды, ҚР азаматтарын жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды рәсімдеу талаптарын сақтау үшін БҚМУ-дың кадрлық қызметінің жетекшісі, заңгер және бас есепші жауапты.
ОҚУ ЖҮКТЕМЕ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ
Басқа ЖОО-лардан шақырылған ғылыми дәрежесі мен атақтары бар оқытушылардың оқу жүктемелерін, оқу үрдісінің, ҒЗЖ, дипломдық жұмыстар және магистрлік диссертациялардың қажеттіліктеріне, бар мүмкіндіктеріне, лицензиялық және біліктілік талаптарына, оқу сапасының талаптарына сәйкес факультет декандары және кафедра меңгерушілері анықтайды.
Басқа ЖОО-лардан шақырылған оқытушылар оқитын оқу пәндері нормативтік-құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына, элективті пәндер каталогтарына, кафедраның педагогикалық қызмет сағаттарының есептеріне қосылу керек.
Басқа ЖОО-лардан шақырылған оқытушылар БҚМУ-да жұмыс жасауға төмендегідей тәртібімен қабылданулары мүмкін:
- толық жүктемемен, 0,75 жүктемемен және т.б. кафедраның штаттық кестесіне қосу және оларға оқу жүктемелері рәсімделуі тиіс;
- кафедраның бос орындар есебінен бірден тоғыз айға дейін мерзімге толық жүктемемен, 0,75 жүктемемен және т.б. жұмысқа қабылдануы мүмкін және оларға оқу жүктемелері рәсімделуі тиіс;
- кафедраның бос орындар есебінен сағаттық төлемақысымен бірге жеке келісім-шарт бойынша сағат бөлінуі мүмкін, келісім-шартта пәндерін, сағат санын, өткізу уақытын және т.б. көрсету керек.
4. Басқа ЖОО-лардан БҚМУ-да жұмыс жасауға шақырылған оқытушылар үшін қажетті кезде ағымдағы оқу жылының уақыт нормаларында сағаттар көлемі, аудиториялық және аудиториядан тыс жүктемен арақатысы және т.б. көрсетіледі.
Басқа ЖОО-лардан БҚМУ-да жұмыс жасауға шақырылған оқытушылар жоспарланған жүктеменін орындалуын растау үшін жеке жұмыс журналын және тьютордың жұмысын тіркеу журналын жүргізу тиіс. Кафедра меңгерушісі тапсырмасымен оқу жұмыс бағдарламаларын, ПОӘК, емтихан материалдарын және басқа оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау тиіс.
ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Басқа ЖОО-лардан шақырылған оқытушылар қатысуымен оқу үрдісін ұйымдастыру университеттің оқу үрдісінің кестесі, мамандықтар бойынша оқу үрдісінің кестесі, сабақтар кестесі, дайындалған ережелер негізінде жүзеге асырылады.
Басқа ЖОО-лардан шақырылған оқытушылар қатысуымен оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде блок-модулді көзқарасы мен қашықтан оқыту технологиясын есептеуге болады. Мамандықтар бойынша оқу үрдісінің кестесін, сабақ кестесін дайындау, оқу жүктемесін жоспарлау кезінде аудиториялық сабақтар, дәрістер мен семинар және СОӨЖ сағаттарын бөлудің логикалық сәйкестігін есептеу керек.
Модульді көзқарас және қашықтан оқыту технологиялары төмендегідей жүзеге асырылады:
а) шақырылған оқытушы аралық бақылауға дейін өз жүктемесіне сәйкес аудиториялық сабақтар, дәрістер мен семинарларды бірден үшке дейін және оданда көп аптаға дейінгі аралықта, бір үзіліссіз блогымен өткізеді. Аудиториялық сабақтар блогы мамандықтар бойынша оқу үрдісінің кестесінде және оқу сабақтар кестесінде көрсетіледі. СОӨЖ сағаттары компьютерлік технологияларды қолданыла отырып қашықтан өткізіледі, сол кезде шақырылған оқытушы студенттердің СӨЖ тапсырмаларын орындауларын қадағалайды және оларға кенес береді. СОӨЖ сағаттары мамандықтар бойынша оқу үрдісінің кестесінде және СОӨЖ кестесінде көрсетіледі. Аудиториялық сабақтар мен СОӨЖ қашықтан оқыту сағаттарының нәтижелері бойынша студенттердің рейтингісі қойылады. СОӨЖ қашықтан оқыту сағаттарының орындалуын және рейтингінің шығарылуын кафедра меңгерушісі бақылайды. Емтихандар университет оқу үрдісінің кестесіне сәйкес өткізіледі;
б) шақырылған оқытушы өз жүктемесіне сәйкес аудиториялық сабақтар, дәрістер мен семинарларды және СОӨЖ сабақтарды бірден үшке дейін және одан да көп аптаға дейінгі аралықта, бір үзіліссіз блогымен өткізеді. Аудиториялық сабақтар және СОӨЖ блогы мамандықтар бойынша оқу үрдісінің кестесінде және оқу сабақ кестесінде көрсетіледі. Аудиториялық сабақтар мен СОӨЖ сағаттарының нәтижелері бойынша студенттердің бір рейтингісі қойылады. Емтихандар оқу үрдісінің кестесіне сәйкес немесе блок аяқталуынан кейін өткізілу мүмкін;
в) шақырылған оқытушы өз жүктемесінде тек дәрістері бар, осы пән бойынша оқыту жүктемесі бар оқытушы (семинарлар, СОӨЖ) оқу үрдісінің кестесіне сәйкес пән бойынша оқытуды аяқтауға және ағымдағы бақылау рейтингісін қоюға мүмкіндігі болуы үшін, семестрдің басында бір үзіліссіз блокпен аудиториялық сабақтарды (дәрістерді) өткізеді. Аудиториялық сабақтар (дәрістер) мамандықтар бойынша оқу үрдісінің кестесінде және оқу сабақтар кестесінде көрсетіледі;
г) сағаттық төлемақысымен келісім-шарт бойынша жұмыс жасайтын шақырылған оқытушы өз жүктемесіне сәйкес аудиториялық сабақтар, дәрістер мен семинарларды және СОӨЖ сабақтарды бірден үшке дейін және одан да көп аптаға дейінгі аралықта, бір үзіліссіз блогымен өткізеді. Аудиториялық сабақтар және СОӨЖ блогы мамандықтар бойынша оқу үрдісінің кестесінде және оқу сабақ кестесінде көрсетіледі. Аудиториялық сабақтар мен СОӨЖ сағаттарының нәтижелері бойынша студенттердің бір рейтингісі қойылады. Емтихандар блок аяқталуынан кейін өткізіледі;
д) оқытудың күндізгі және сырттай түрлерінде қашықтан оқыту желілік технологиялары қолданылу мүмкін және жоспарланған сағаттар компьютерлік технологиялар арқылы қашықтан өткізілуі мүмкін. Оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде оқытушы қашықтан оқыту үшін ПОӘК (дәрістер, СӨЖ тапсырамалары және т.б.) дайындау және тапсыру тиіс. Қашықтан орындалатын сағаттар оқу үрдісінің кестесінде, кеңес беру кестесінде, оқытушының жеке журналында көрсетіледі. Қашықтан оқыту сағаттарының (ПОӘК, кеңес беру, рейтингіні қою және т.б.) орындалуын кафедра меңгерушісі бақылайды.
е) оқытудың күндізгі және сырттай түрлерінде TV және қашықтан оқыту интернет технологиялар қолданылу мүмкін және аудиториялық сабақтар осы технологияларды қолдана отырып университетте оқытушының қатыспауынсыз нақты уақыт тәртібінде өткізілуі мүмкін. Осындай сабақтарды өткізу үшін техникалық қолдаудың қамтылуы, жабдықталған бөлме бөлінуі, бөлек сабақ кестесі дайындалуы және студенттік топтың/лектің басқа сабақтар кестесімен интегралдануы керек. Қашықтан оқыту сағаттарының (ПОӘК, кеңес беру, рейтингіні қою және т.б.) орындалуын кафедра меңгерушісі бақылайды.
ж) компьютерлік технологияларды қолдана отырып дипломдық жобаларға (жұмыстарға), магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілігі дипломдық жұмыс/диссертацияны орындау кестесіне сәйкес қашықтан жүргізілу мүмкін. Ғылыми жетекшілікке жоспарланған сағаттарының орындалуын кафедра меңгерушісі бақылайды.
ЕҢБЕК АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
Оқу жылына толық, 0,75 жүктемемен және т.б. кафедраның штаттық кестесіне қосылған шақырылған оқытушылардың, оқу жылы бойы СОӨЖ сағаттарын қашықтан өткізетін және олардың еңбек қызметі жеке журналы, оқу үрдісінің кестесі, аудиториялық сабақтар мен СОӨЖ кестесімен расталған және ай сайынғы табельде көрсетілген болса, еңбекақылары жыл бойы есептеп шығарылады.
Бірден тоғыз айға дейінгі аралығына толық, 0,75 жүктемемен және т.б. жұмысқа қабылданған шақырылған оқытушылардың еңбекақылары жеке журналы мен көрсетілген айларға толтырылған табельге сәйкес есептеп шығарылады.
Келісім-шарт бойынша жұмыс жасайтын шақырылған оқытушылардың еңбекақылары орындалған сағаттар саны мен сағаттық төлем нормаларына сәйкес есептеп шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |