Алдашева А.М. Қазақ аударматану ғылымында жиі қолданылып жүрген балама, баламалы аударма, баламалылық (эквивлант, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің қазірге дейін ұғымдық анықтамасы нақтылана қойған жоқ. Кей тұстарда сөз болғалы отырған аталымдар теңбе-теңдік (тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) деген терминдермен теңбе-тең дәрежеде ұғынылады.. Сондай-ақ балама (эквивалент) дегенді түпнұсқа тілдегі сөздің басқа тіл сөздігінде көрсетілген варианттары немесе аудару үдерісі кезінде түпнұсқадағы сөзге, тіркеске, фразаға, синтаксистік тұтастыққа тәржімашы аударылатын тілден таңдап, іріктеп алған мағынасы жуық нұсқалар деп түсіндіретін реттер де жоқ емес. Бұл мәселе жөнінде орыс ғалымдарының тұжырымдары да бірыңғай емес. Баламалық турасында алғаш пікір айтқан ғалым Я.Реңкер балама және баламалы сәйкестік дегеннің аражігін ажыратуды ұсынады. Зерттеушінің айтуы бойынша “балама” (эквивалент) дегеніміз-контексте тәуелсіз, тұрақты, теңбе-тең сәйкестік (1,10), басқаша айтқанда, екітілді сөздікте берілетін нұсқалар. Я. Рецкер сонымен қатар балама аударма үдерісінң катализаторы, бұның әсіресе ауызша аудару кезінде рөлі жоғары, өйткені сөздіктерде көрсетілген балама аудармашының санасына алдымен түседі де, контекстің мағынасын тез түсінуге ықпал етеді деп есептейді. Бірақ, ғалым екітілді сөздіктер де дәл баламаны бере алмайтынын мойындай отырып, эвивалент дегенге географиялық атауларды, жалқы есімдерді, терминдерді жатқызу керек деп санайды; ал басқа сөздер , сөз тіркестері баламалы сәйкестік деп танылуы тиіс; сондықтан толық балама, ішінара балама, абсолютті балама, шамалас балама типтес түрлерді ажырату қажет деген тұжырымға келеді. Дегенмен, біздің байқауымызша, зерттеуші қалай болғанда да балама, баламалылық ұғымдарын дәп басып, тани қоймаған. Мәселен,
количество-сан;
качество-сана;
оценка-баға;
тәрізді мысалдар лексиографиялық еңбектерде қатар көрсетілетін балама болса,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен қайратың екі жақтап (Абай) деген өлең жолдарының аудармасындағы (Веру в себя урепляй, чтоб вдвоем, разум и труд выводили на свет; айдарған-М. Сұлтанбеков) “выводили на свет” – бір жағынан, түпнұсқадағы тіркестің баламасы, екіншіден, шамалас баламасы, үшіншіден, тіпті бұны еркін аударма үлгісі деп те бағалауға болады. Әрине, Я.Рецкердің еңбегі баламамылық туралы алғаш рет сөз қозғалған зерттеу болғандықтан, ондағы пікірледің болжай-у пайымдау бағытында екендігін де есерген жөн.
Жалпы балама, баламалық мәселесіне аударматанушы ғалымдардың қай –қайсысы да соқпай өтпейді. Айталық, В.Виноградов “эквивалентность” дегенді барынша нақтылауға ұмтылды: “...под эквивлентностью в теории перевода следует понимать сохранение отнасительнего равенства содержательной, смысловой, семантической и функционально-коммуникативной информации, содержащейся в оригинале и переводе... слова и словосочетание перевода и оригинала, которые в однм из своих значений передают равный объем знаменителной информации и являются функционально равнозначными” (2,17;81). Сөйтіп, зерттеуші баламалылық және лексикалық сәйкестік терминдерін синоним ретінде қолданады, яғни оларды теңбе-тең ұғымдар ретінде ұсынады. В.Виноградов та баламалылықты бірнеше тармақтарға таратуға тырысады:
а) формасы бойынша сәйкестіктер, яғни түпнұсқадағы сөзге аударылатын тілдегі сөз тіркесінің сәйкес түсуі;
ә) берілетін ақпараттың көлемі бойынша сәйкестіктер; яғни екі тілде де ақпратты жеткізетін тілдік құралдар бірдей немесе аударылатын тілде мағыналық (семантикалық( ақпаратты беретін тілдік құралдардың әлеуеті аз: басқа мүмкіндіктерді іздестіруге тура келеді.
Көріп отырғанымыздай, негізгі ой-пікірлерден баламалылық терминіне қатысты нақты тұжырымды табу қиын. Ал, аударматану ғылымы үшін аталған терминнің алдымен мағынасын түсініп алу өте маңызды. Өйткені аударманың теориясы мен практикасында аударудың басқа нысандары – сөзбе-сөз және еркін тәржімалау жолдары ғылыми тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да толық анықталған деуге болады. Алайда баса назар аударатын жайт – саналуан мәтіндер негізінен баламалы жолмен аударылады; мәтіннің қай типі болмасын, ең жиі қолданылатын тәсіл осы; өйткені баламалы аудару арқылы түпнұсқадағы негізгі ақпаратты функционалды теңбе-теңдікті сақтай отырып, толық жеткізуге болады.
Мәселенің күрделілігін ескере отырып және жинақталған материалдың негізінде объектіге алынып отырған терминдер туралы бірқатар түсініктемелерді ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Балама (эквивалент) – тілдік құралды тең мағынада, тең функцияда толық алмастыра алатын толық әлеуетке ие, тұрақты, екітілді лексикографиялық сөздіктерде норма ретінде ұсынылатын сөз тіркесі. Бұндай балама контекске тәуелсіз болады; сондықтан оны кейде тіларалық синоним деп те атайды. Таңбалардың, жеке сөздердің баламалылығы түпнұсқа мен аударама мәтіннің, олардың барлық сегменттерінің балама екендігіне дәлел бола алмайды. Мәтіннің бір-біріне балама болуы тілдік монифестация ауқымынан шығып, ұлттық мәдени фактілердің де балама болуын талап етеді. Түпнұсқадағы ақпаратқа, образға аударылатын тілден балама табу үшін синонимдердің образды, шеткергі сыңарлары іріктеліп алынады; аудармашы сондай-ақ функционалды қызметі бәсең тілдік бірліктерді түсіріп тастау немесе қосалқы элементтерді түсіндіру, мәтінді сегменттерге бөлу, әралуан трансформация әдісін қолдануға барады. Тәржіма ісінде тіларалық синонимді пайдаланудың позитивті және негативті жақтары да бар. Оң құбылыс болатындығы – аударма процесуалды іс, ол адам санасында дедуктивті әдіс арқылы жүретіндіктен, екі тілдегі тең дәрежедегі баламаны тез табу тәржімалауды жеңілдетеді. Ал, негативті жағы – баламаны ретсіз, заңдылықтардан тысқары қолдану әріпқойлықты (буквализм) туындатады. Мәселен, алтын ғасыр, тас дәуірі, сөз бостандығы, мәдени алмасу, жеті қарақшы, Авгийдің атқорасы, типтес тілдік бірліктер басқа тілдер элементтерінің кез келген мәтінде функционалды түрде қолданыла алатын баламасы бола алады. Сол сияқты “... ауыр, көкшіл, болат көздер жартылай салбырап тұрған қабақ астынан оған барлай қараған “, ...”тілің сенің –жауың сенің”; “екінші дем”; “... оған шапалақ бергісі келіп-ақ еді...”, “жеңіл мазасыздану” типтес мысалдардағы бірліктер сөздіктегі тең баламалы сәйкестіктер болғанымен де, аударылған мәтінге қойылатын талаптарға жауап бере алмай, жанр нормасын бұзады. Жанр нормасы немесе конвенциясы айырықша маңызға ие; өйткені бір тілдегі жанрдың ерекшелігі басқа тіл мен басқа мәдениетке ауысқанда, өзгеше сипат алады. Ауыр, көкшіл, болат деген сөздер қазақ әдеби тіл қолданысында белсенді игерілгенімен, өзара тіркесім жасағанда, көркем әдебиет жанрының конвенциясына қарама-қарсы келеді, оның себебі – қазақ мәдениеті үшін көздің ауыр, болат тәрізді сипаттамалары тән емес тағы да бірқатар мысалдар келтірелік:
Сұлу дене бітіміне, ұзын бойы мен ақ шашы, ірі келген шарайна көзі және қызыл еріні сай келген Шейла...
Бұнда аудармашы қазақ көркем әдебиет стилінің нормасына, яғни оқырманның образды әсерлі қабылдауына кедергі келтіретін сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға жол берген: ақ шашты “светлые волосы) – жас адамға тән емес; ірі келген шарайна көз (большие как зеркало глаза) сезімтал ерін (чувственные губы) қазақ образында жоқ.
-Қазір қуанышым менің, кішкентайым менің, бәрін де білесің.
-Бұл мысал да лексикографиялық еңбектердегі баламаның іріктеп алу арқылы тәржімаланған.
Рас, бір науқас жеңіл мазасыздануда...
Қалғандары өздерін дұрыс, қалыпты ұстатуда.
Соңғы сөйлемдегі газет тілінде жиі қолданылатын –уда// -уде нысаны да – көркем әдебиет нормасына тән емес фактілердің бірі.
Бұл аталғандар қазіргі кезде біздің “балама аударма” дегенге қатысты түсінігімізде бірқатар қайшылықтар бар екендігін көрсетеді; демек, аударматану ғылымындағы “балама”, “баламалылық” ұғымдарын нақтылаудың қажеттігі туады.
Балама (эквивалент) – екі немесе бірнеше тілдердің тілдік бірлестіктердің лексико-графиялық еңбектерде ұсынылатын, контекске тәуелсіз нұсқасы. Ұғым, түсінік, құбылыс, іс-әрекет атауларының сөздікте берілетін варианттарын тіларалық синоним деп атайтын реттер де бар. Бұндай пікір В.Виноградовтың, В.Комиссаровтың, Л.Бархударовтың еңбектерінде айтылады.
Баламалылық – бір-бірімен қатар қойылатын тілдік бірліктердің мағыналық ортақтығы. Таңбалардың немесе жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің өзара теңбе-тең түсуі баламалылық емес. Түпнұсқа мен аударма мәтін ақпаратты беруі, ықпал ету әлеуеті жағынан толық сәйкес болғанда ғана баламалылық көрініс береді; сөйтіп бұл ұғым мәтін сегменттерін толық қамти отырып, аударылатын тілде тілдік материалдың және компоненттердің барынша толық сақталуын қажет етеді. Айталық, екінші дем – второе дыхание деген сөздіктегі балама, тіларалық синоним; тілдік бірліктер мазмұнның инварианттылығы. Дей тұрсақ та, қазақ тіліндегі көркем мәтінде түпнұсқадағы тіркестің стильдік, экспрессиялық реңкін сақтау қажеттігіне байланысты өзге синоним іріктеліп алынады: дем –тыныс: екінші тыныс. Ағылшын мәдениетіндегі “легкие Лондона” (Лондон қаласындағы және оның айналасындағы парктер мен гүлзарлардың жалпы аты) тіркесінің де “Лондонның тынысы” деп қазақшалануының осындай себептері бар. “Восток –дело тонкое” тіркесінің жазба нұсқаларда қолданылып жүрген баламасы – Шығыс – шыны секілді. Бұл баламадан дыбыстардың үндесуі, стилдік коннотация арқылы түпнұсқа тіркестің образды әлеуеті толық жеткізілген деп санауға болады. Әртүрлі трансформациялаудың үлгісіне мына мысалды көрсетуге болады:
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп (Абай)
деген өлең жолдары орыс тіліне