Аударма айшыќтары



бет35/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

Аударманың Қытайдағы
қазақ тіліне жасаған әсері


С. Мұстафаұлы

Тарихи себептерге байланысты Қытай елінде қоныстанған қазақ диаспорасы сол өңірдегі өздерімен ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан қытай, ұйғыр қатарлы ұлттармен бір қоғамдық ортада бірлікте еңбек етіп, қоян-қолтық араласып келеді. Әсіресе қытай, ұйғыр халықтарымен араласа отырған қазақтар шаруашылықтың қай саласында болса да солармен үнемі тығыз қарым-қатынаста болудың нәтижесінде олар қытай және ұйғыр халықтарының тілін үйренуге ерекше ден қойды. Кейінгі дәуірлерде ерекше қарқын ала бастады. Достық қатынастағы тілдердің бір-біріне тигізетін әсерлері интерстранттық құбылысы деп аталатыны белгілі. Әрине, Қытайдағы қазақтар тілінің құрылымдық өзгерістеріне өз әсерін тигізіп отырған қытай тілі элементтерінде осындай интерстраттық құбылыс деп қараған жөн.


Бұрынғы Кеңес одағы аумағына мекендеуші ұйғыр халқының тілі жайында пікір айтқан ғалым, академик Ә.Қайдар:«Как показывает языковая практика, элементы казахского языка, получившое широкое распостраненные в повседевной живой речи уйгуров, постепенно, в силу надобности, переходят в литературный язык и закркпляется в его письменной форме»/1.24/,-дей келе жергілікті қазақ орыс тілдеріндегі бірқатар тілдік элементтердің жергілікті ұйғырлардың ауызекі тілдік сөйленісіне өз әсері тигізіп, онан бірте-бірте әдеби тілге еніп орныққандығын тілдік фактілермен көрсетеді. Мұндай көрші тілдер арасында болатын тілдік ауыз-түйісті қытайдағы қазақтар тіліне байланысты да айтуға болады.
Қатар өмір сүріп отырған тілдердің бір-біріне тигізетін әсерлерін зерттеген орыс ғалымы Н.Т. Бухарева Сибирде жасайтын орыстардың тіліне жергілікті халықтар тілінің жасаған ықпалына әдейі тоқтала келіп:Процессы освоения иноязычного слова совершаются в устной языковой форме народной речй, в которой перелаывается слово. Оно приобретает фонетическую оболочку, получает грамматическое оформление...»,- дейді /2,127/. Қытайдағы қазақ тілі ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер еткен басты фактор- аударма екендігі белгілі. Әрине, Қытайдағы қазақтар тілінің құрылымдық өзгерістеріне қытай тілінің жасаған әсері тек осы өңірдегі халықтық ауызекі тіл аясымен ғана шектеліп отырған жоқ, сонымен қатар осы өңірдегі қазақ тілінің синтаксистік құрылымына да өзіндік әсерін тигізіп, оның қатарын жаңа сөз тіркестері, сөйлем формалары мен толықтырып отрғанын осы өлкедегі жазба тілден де байқауға болады.
Ұлттық мәдениетіміздің өзге саласын былай қойып, қазақ әдеби тілін бүгінгідей дәрежеге жетуін еске алғанның өзінде де аударма қосқан үлес өз алдына бір төбе. Алғашында аударма арқылы еніп, бүгінде өз тіліміздің сан қилы айшықты өрнек үлгілерін жасап отырған жаңа сөздер мен сөз үйірлері, тың тіркестер мен сөйлем орамдары жазба тіліміз түгілі, ауызекі сөйлеу тілімізде мол /3,55-56/, дей келе тілші ғалым Өмірзақ Айтбайұлы орыс тілінің қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы үлкен әсерін тұрақтандырады. Мұндай жағдайды Қытайдағы қазақ тілі де өз басынан кешіп отырғандығы белгілі. Аударманың қытайдағы қазақ тілінің дамуы мен кемелденуіне оның тілдік құрылымына өзгерістерге жасаған игі әсеріне әдейі тоқтала келе тілші ғалым Ыбырайым Пәйзоллаұлы былай дейді: «Біздің баспа сөздерімізде ұлт тілінде жазылған басылымдарға қарағанда аудармалар бірнеше есе мол, сондықтан әдеби тіліміздің аударманың әсеріне алда қайда көп ұшырайтыны да табиғи»/4,34/.
Қытай тіліндегі көркем әдебиеттерді, түрлі ғылыми кітаптарды, саяси әдебеттерді қазақ тіліне аудару арқылы қытай тіліне тән сөз саптау нормалары, сөйлем формалары осы өлкедегі қазақ сөйленісіне сондай-ақ оның жазба тіліне де сол қалпы өзгеріссіз кіріккен.
Жалпы аударманың Қытайдағы қазақ тілінің дамуы мен қалыптасуына тигізген әсер, ең алдымен осы өлкедегі жазу стилінің өзіндік ерекшеліктерінен айқын көрінеді. Бұл ерекшеліктердің бірі – сөйлемнің тым ұзын құрылуы болса, енді бірі – сөз саптау ерекшелігі мен сөйлемдердің құрылымдық ерекшелігі жағынан қытай тіліне бейім болуы. Әдетте қытай тілінің құрылымдық ерекшелігі бойынша бір әріп бір сөздің орнына жүреді. Сондықтан қытай тілінде қысқа құрылған бір сөйлем қазақ тіліне баспа – бас аударылғанда көлемі түпнұсқадағысынан әлде қайда кеңейеді. Мысалға қытай тіліндегі мына бір сөйлемді Қытайдағы баспа бетінде жарияланған қазақ тіліндегі аударма нұсқасымен салыстыра отырып талдап көрелік, di san zhong lei xing jiu shi wo men zi zhi qu you yi xie zai wai xue xi, qua zhi yi zhi chu chai de tong zhi, xian hou du hui lai le, zhi yao zai chig de sheng qu chu chai. Tong yang cun zai zhe huo zhe dei gan ran, huo zhe zhi jie, jian jie you xie jie chou, cong zhe fang mian lai jilang, wo ren wei, sui ran wo men xin jiang xian zai mei you fei dian ding li, dan you le yi ding shi wai lai de, yi ding shi syu ru xing de, ba me, zye ji fang mian de ren jiu shi wo men xin jiabg mian lin de wai lai chuan ran yuan de yi zhong wei xian (Шыңжаң газеті, қытай тіліде, 2003ж, 3 мамыр № 19027 сан).
Мысалға алынған сөйлемнің қазақша аудармасы: Індет жағдайы байқалған өлке, райондарға барғадар сарсқа шалдыққандармен тікелей немесе жанамаламай араласқан болуы мүмкін. Осы түйіннен алып айтқанда меніңше, күні бүгінге дейін Шынжаңда сарс ауруына шалдыққандар байқалмағанмен, бізге сырттан кіретіндердің осы ауруды ала келу, жұқтыру мүмкіндігі бар, сондықтан ондай адамдар біздің Шыңжаң дөп келген, сырттан ауру жұқтыру ықтималдығы зор қатер есептеледі (Шыңжаң газеті, 2003ж, 14 мамаыр, №18976, 1б). Мысалға алынған сөйлем құрамындағы бірқатар сөздер мен сөз тіркестері қазақ тіліне баспа-бас аударылған. Мысалы, қытай тіліндегі yi qing қытай тілінің сөз саптау нормасы бойынша «індет жағдайы»; cong zhe fang mian lai jiang «осы түйіннен алғанда» яғни қытайша: cong... lai – нан, нен, zhe fang mian – jiang – айту; wai lai chuan ran yuan «сырттан ауру жұқтыру ықтималдығы зор» қытайша: wai lai – сырттан келу, chuan ran yuian – жұқтыру ықтималдығы болып дәлме-дәл аударылған. Байырғы тілімізде өсір бұйрық райлы етістігі әдетте малды, шашты, сақалды, бидайды өсір сияқты сөздермен тіркесім жасайтындығы белгілі. Осы өлкедегі қазақ тілінде аударма жолымен қалыптасқан қырағылықты өсіру – қытайша: ti gao jing ti; білім қабілетін өсіру – қытайша: ti gao zhi shi shui ping; саяси сананы өсіру – қытайша: ti gao zheng zhe jue wu сияқты басқа түрлері де бар. Мысалы: Ұлы көсеміміз Мау жушидің (төраға Мау Зыдоң) «қырағылықты өсіріп, отанды қорғайық» деген ұлы тәлімін көкірегіне берік сақтаған, қызыл жүрегі партияға талпынған кедей малшылар ұрпағы, қағылез халық жасақтарымыз тап жауларының сегнал оғын дер кезінде байқап, Мау Зыдон идеясы үгіт дүйіне (отряд) мәлімдеді (Қыраулы қырқалар «роман», Б.Кәрібаев. 445б). Байырғы тілімізде жол беру тіркесі кезігеді. Қытайдағы баспасөз бетінде кезігетін Кеңінен жолға қою тіркесі де аударманың әсерінде қалыптасқан деуге болады. Тіркес қытай тіліндегі: guang fan shi shi тіркесінің дәлме-дәл аударылуы арқылы қалыптасқан. Мысалы: «Төңкерістік жас батырларды батыл қорғаңдар» деген нұсқау дазыбау (әшкерелеу қағазы) жазу, ашылып-сайрауды кеңінен жолға қойған,... (Қыраулы қырқалар «роман», Б.Кәрібаев. 92б).
Сол сияқты қытайдағы қазақ тілінде қолданылатын мынаны баса дәріптеу тіркесі қытай тілінде сөйлем ішінде келіп, дағды бойынша белгілі бір түйінге өзгелердің назарын аудару мақсатындағы қаратпа сөз ретінде жұмсалатын қытайша: qiang diao le zhe yi dian деген тіркестің баспа-бас аудармасы. Мысалы: ... автономиялы районның төрағасы Сымайыл Тілеуалды 20 қазан түстен кейін, автономиялы райондық радио, кино, телевизия мекемесінде қызмет тексергенде мынаны баса дәріптеді, районымыздың радио, кино, телевизия істері реформасын үздіксіз тереңдетіп, батылдықпен жаңалық жаратып, дәуірмен бірге алға басып, кәсіптік өміршеңдік пен жалындылықты бастан-аяқ сақтау қажет (Шыңжаң газеті, 2003ж, 22 қазан, 19137 сан, 1б). Мысалға алынған публикация бетіндегі осы бір сөйлемнен әдеби тілімізде көп қолданылмайтын дәуірмен бірге алға басу – қытайша: yi shi jin; бастан-аяқ сақтау – shi zhong bao chi сияқты тіркесімдерді де тікелей аударма жолымен осы өлкедегі қазақ жазба тіліне енген тың оралымдар деуге болады. Сол сияқты тағы көзқарасқа бұрылыс жасау – қытайша: zhuan bian guan nian «көзқарасты өзгерту деген мағынада жұмсалып отыр» тіркесін де айтуға болады. Тіркес тікелей аударма жолымен қытай тілінен қазақ публикациясына еніп орныққан. Мысалы: ...игерту барысында Чапчал Сібе автономиялы ауданы кадрлардың саяси санасымен назариялық білім өресін жоғарылатып, халық үшін қызмет істеу саналылығын жоғарылату, көзқарасқа бұрылыс жасау, ...(Шыңжаң газеті, 2003ж, 22 қазан, 19137 сан, 1б). Әдеби тіліміздегі ешбір тіркесім жасай алмайтын жекелеген кейбір сөздер қытай тілінен тікелей аудару арқылы осы өңірдегі жазба тілде тіркес ретінде қалыптасып, жергілікті халық тіліне әбден сіңісіп кеткен. Мысалы, қытай тіліндегі: алдағы уақытта келесі кезекте мағынасында жұмсалатын xia yi bu тіркесі осы өңірдегі жазба тілде келесі қадамда болып тікелей аударылып қалыптасқан. Мысалы: Келесі қадамда сарстан сақтану және оны емдеу қызметінің шаралары жөнінде әзірлік мығым, тиянақтандыру ойдағыдай болған (Шыңжаң газеті, 2003ж, 22 қазан, 19137 са, 1б).
Қытайдағы қазақтар тілінде қолданылып жүрген «жиналыс өткізу» мағынасындағы мәжіліс ашу тіркесі де қытай тіліндегі: kai hui тіркесінің баспа-бас аударылған түрі. Қытайша: kai – ашу, hui – мәжіліс. Мысалы: Әртүрлі мәжілістер ашып, Мау жушидің әртүрлі нұсқауларын кең көлемде терең үгіттеді (Шыңжаң газеті, 1960ж. 5 наурыз. №231, 3б). Мысалдағы терең үгіттеу тіркесі де қытай тілінен дәлме-дәл аударылып алынған қытай тіліндегі: guang fan –кең көлемді, shen ru – терең, xuan chuan – үгіттеу тіркесі, яғни байырғы тілімізде мүлде тіркесім жасамайтын терең және үгіттеу сөздері аударманың әсерімен тіркесім жасап баспасөзде орныққан. Қытай тілінің өзіне ғана тән болып келетін «бір, ... бір немесе бірден, ... екіден» сияқты рет-ретімен келетін сөйлем формасы да дәлме-дәл аударылып жұмсалу нәтижесінде осы өңірдегі қазақ публикациясында қалыптасып орныққан деуге болады. Мысалы: Бұл жер бірден кедей, екіден-ақ болғандықтан партия мені жіберді (Шыңжаң газеті, 1960ж. 19 желтоқсан, №352 сан) ... көкірек кернеген сеніммен бір ниет, бір тілекпен селбесіп, өз күшімізге сүйеніп өмір сүру қажырлықпен шаруашылық жарату, рахат пен михнатта бірге болу, ...(Шыңжаң газеті, 1960ж. 19 желтоқсан, №352 сан). Тек қытай тіліндегі ерекше сөйлем формасы салатын, белгілі бір іс-әрекеттің орындалуының орындаушыға байланыстылығын көрсететін қытайша:bei dong ju «bei» әріпті сөйлем немесе құрамында «bei» әрпі келетін сөйлем де қазақ тіліне дәлме-дәл аударылып қолдану нәтижесінде баспа тілде қалыптасып, жергілікті халық тіліне әбден сіңісіп кеткен сөйлем формалары болып табылады. Бұл сөйлем әдетте қазақ тіліне формасында аударылады. Мысалы, сонымен шегара райондарға аудандардың аудандық қалалары және жазық жерлердің бәрі жау жағынан басып алынды (Мау Зыдоң таңдамалы шығармалары, 1 том, 1977 ж, ұлттар баспасы, 114 б). Бұл кітап халық баспасында 1961 жылы 6 айда басылған Бейжің бірінші баспасының 21 басылуына сай Жоңғо гоңчандаңы (Қытай коммунистік партиясы) Шыңжаң ұйғыр автономиялы райондық уый юуан хуйінің (комиеті) Мау Зыдон таңдамалы шығармаларын аударып, бастырып шығару уый юуан хуйі жағынан аударылды (Мау Зыдоң таңдамалы шығармалары, 3 том, 1966 ж. 606 б).
Жоғарыдағы келтірілген тілдік фактілерден біз Қытайдағы қазақтар тілінің дамуы мен кемелденуіне, сондай-ақ оның жазба тілдік нормаларының қалыптасуына аударма өз әсерін тигізгендігін айқын көріп аламыз.
1.Қайдаров Ә. Некоторые аспекты взаимодействия уйгурского языка с казахских // Қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. – Алматы, 1973. 24-31 б.
2.Бухарева Н.Т. Сибирская лексика и фразеология – Новосибирск: Наука, Сиб. Отделение, 1983. 202 с.
3.Айтбайұлы Ө. Аударма ісіндегі сөз жасам тәжірбиесінен. // Түркі тану мәселелері: Бүгіні мен болашағы (Халықаралық ғылыми-практикалық конфернция материалдары). Алматы: Қазақ мемлекеттік КПИ,200121-31б.
4.Пәйзолла И. Аударма не күйде. // Тіл және аударма. Үрімжі, 2000. №1. 33-37 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет