ақпараттың
өзектілігін
әрі
оқырманның мәтінге деген сенімділігін
арт-
тырады. Мұндай жағдайда аудармашы лексикалық компенсация
жағын ойлап, дәл баламасын таба білуі қажет.
Сұхбаттағы, авторлық мақалалардағы жасырын комизм үлгісі
– иронияның, әзіл-сықақтың, әжуаның астарын аңғарып, бұзбай
жеткізу – публицистикалық аудармашы шеберлігі. Публицис-
тикалық аударма бірлігі – сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Аудармада
барлық сәйкестік түрлерін табуға болады. Жалпы публицистикалық
аударманы жақсы меңгеру – көркем аударма жасауға әзірліктің
тиімді түрі.
Ғылыми-көпшілік материалдарының мәтіндерінде терминдер
жиі болмаса да кездеседі. Ақпараттың тығыздығы ғылыми
мәтінге қарағанда сирек, сондықтан қысқартылған сөздер мен
түсіндірмелер, жақшаға алынып беріледі, сілтемелер аз болады.
68
Бейтарап жазба әдебиет нормаларының аясы да көзге көркем
болғанымен, өзі де үнемі сақтала бермейді, бір жағынан сөйлеу
стиліне де бейім келеді. Ғылыми-көпшілік мәтінде ғылыми
мәтінмен салыстырғанда оқырманды қызықтыру идеясы басым.
Сондықтан мұнда арнайы тілдік құралдар үстемдік етеді.
И.С.Алексеева жіктеуі бойынша олар мыналар:
1) оқырманды автормен байланыстыратын әсер, бірінші жақтан
баяндау, әңгімелесу және қарапайым сөйлеу лексикасы, шешендік
сауалдар оқырманға тікелей назар аудартады;
2) эмоционалдық-бағалау құралдары. Эмоционалдық-бағалау
коннотациясымен бірге лексика; инверсия, сөйлемнің бағалау
сыңарларын атап көрсету т.б.
3) басқа көздерден мәтінге қағида, дәйектеме енгізу. Бұл
ғылыми-көпшілік мәтінге жіктемелік белгілері бойынша қарама-
қайшылықтағы поэтикалық және прозалық көркем шығармалардан,
ғылыми мақалалардан т.б. көптеген түрлерінен үзінділер енгізу.
4) фразеологизмдер мен БАҚ-тағы қызметіне қатысты
орындалатын қызметтегі тұрақты сөз тіркестері мен образдық
дайын үлгілер. Олар мұндағы шығармалар мазмұнын қабылдауды
жеңілдетеді. Оған үйреншікті бейнелілік (образдылық) қатар
енгізіледі. Тұрақты сөз тіркестерінің түрін өзгерту жолы жиі
пайдаланылады.
5) тосын пәрменділігі, актуалдық бояу мен комизм тудыруға
арналған сәйкеспейтін тілдік құралдардың «қақтығысы». Тосын
пәрменділігі басты назарды белгілі бір ойға аударатындығында,
әжуа мен комизм эмоционалдық аражіктің құрамды қызметін
атқарады да, күрделі материалды қабылдау кезінде қолданылады
(шағын әзіл әңгіме, күлдіргі жай, анекдот) [15].
Эстетикалық құралдарды жеткізудің де әралуан мүмкіндігін
кіріктірген көркем әдебиеттегі шартты түрде ойластырылған
кейіпкерлер енгізу, эпитеттер мен теңеулерді әсіресе метафораны
пайдалану. Жоғарыда аталған түпнұсқадағы тілдік құралдар
аудармада тұтастай сәйкестікте қайталануы тиіс. Соған
жақындайтын баламалар іздестіру де қажет. Бірақ барлық тілдік
құралдарды сақтау шарт емес. Аудармада оқырман түсінік-
талғамына, ой-қабілетіне бейімділік жағын ойластырған жөн.
Қатаң түпнұсқалық мәтін деңгейінде де қалуға болмайды.
69
Қарапайым, жеңіл, еркін баяндау тәсілін қолдану аударманы
жеңілдетеді. Жатық тілмен жасалған аударма көңілге қонымды,
ойға оңай сақталады.
Газеттік-ақпараттық аударма
Достарыңызбен бөлісу: |