Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015


Қазақстан Республикасының Президенті



Pdf көрінісі
бет55/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, 2001 жылғы шілденің 9-ы.
№ 651


139
5-үлгі
Шапағатты Папа Қазақстанға келеді
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
ресми шақыруы бойынша Шапағатты Папа Ионн Павел ІІ 2001 
жылғы 22-25 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қазақстанға 
келеді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 
келісілген 
2001 жылдың 2 шілдесі. 
15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен 
толықтырылсын.
6. Жоғарыда аталғандардың негізінде АІЖК-нің 385 және 
386-баптарын басшылыққа ала отырып…
7. “Нотариат туралы” 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан 
Республикасындағы Заңына (Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 206-құжат; 307-құжат).
8. Астана, 2001 жылғы шілденің 11-і.
Мекенжайымыз: Астана, Ломоносов көшесі, 45 үй.
(«Егемен Қазақстандағы» емле дәл қалпында сақталынды).
Осындай фактілерді көрсете отырып, ресми құжаттардағы 
реттік сан есімдердің жазылуына қатысты мынадай жайттарды 
атап айтамыз.
Ресми құжаттарда берілген таңбаланулардың барлығы да 
қолданылады, бірақ олардың әрқайсысының әр құжатқа тән 
ерекшеліктері, стандарттылығы, мәні бар. Мысалы, қазіргі кезде 
Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын, сондай-ақ 
Үкімет, Парламент тарапынан бекітілетін Заңнамалық құжаттарда 
(қаулы, жарлық, өкім, жарғы, ереже) сөзбен, санмен күрделі 
таңбалау қалыптасқан. Мысалы,
• 
2001 жылғы шілденің 9-ы;
• 
2001 жылғы қыркүйектің 20-ы.
Кейбір заңнамалық құжаттарда сөзбен-санмен таңбаланудың 
екінші түрі де пайдаланылады. Мысалы,
• 
2001 жылдың 2 шілдесі;


140
• 
2001 жылдың 16 мамыры;
• 
2001 жылғы 17-інші қараша
Тұтастай санмен (цифрмен) таңбалау (мысалы, 2.07.2001.; 
02.VІІІ.99ж.) бухгалтерлік есеп-қисап құжаттарында көбірек 
қолданылады.
17 қараша, 1999 ж
. түрінде жазу, сондай цифрдан кейін таңба 
(дефис) қою арқылы реттік сан есімді көрсету (мысалы, 45-үй; 
307-құжат) – қазақ емлесіне орыс емлесінен енген дәстүр. Бұл 
фактінің тиімділіктері: а) қазақ емлесінде 50-інші жылдардан 
бастап орныққан, тұрақталған емле; ә) тілдің үнемдеу заңдылығына 
сәйкес келеді; ресми құжаттар үшін тілдік құралдарды үнемдеп, 
ықшамдап қолдану маңызды; б) реттік сан есім мен есептік сан 
есімдерді тез ажыратуға ықпал етеді (мысалы, 305 құжат) (үш жүз 
бес құжат); 305-құжат (үш жүз бесінші құжат).
б) Қазақ ресми-іскери тілінде ұйым, мекеме, кәсіпорын, 
мемлекет, ел және номенклатуралық атаулар жоғары жиілікпен 
жұмсалады, сондықтан бас әріптің емлесі де маңызды болып 
саналады.
Тіл құрамындағы лексикалық единицалардың белгілі бір 
тобының бас әріппен жазылуы – әлем тілдерінің барлығына 
ортақ құбылыс. Сөздердің (сөз тіркестерінің) алғашқы дыбысын 
бас әріппен таңбалауға жүктелетін функциялар – орфограммасы 
бірдей сөздердің семантикасын ажырату, жалпы есімдердің 
семантикалық, ассоциациялық-фондық ерекшеліктерін белгілеу; 
ақпараттың қабылдануын жеңілдету; ақпарат беретін лексикалық 
единицалардың, номенклатуралық атаулардың ресмилік мәнін 
нығайту. Сонымен қатар белгілі бір тілде ресмилік, ақпараттық, 
мәдени-фондық мәні жоғары лексема (сөз тіркесі, номенклатуралық 
атау) бас әріппен таңбаланса, ақпарат аударылатын тілде осы 
процес декодталатын дәстүр қалыптасқан. Мысалы. 
Шапағатты 
Папа Иоанн-Павел ІІ; Түркия Республикасының Президенті 
Жоғары Мәртебелі Тұрғыт Өзал
:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
шақыруы бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет