261
Үндістан деп жазылатыны баршаға белгілі. Сол себептен де
мұны
«Жаны қатты күйзелген қыз алдымен бұл жайында жүрек
тебірентер мақала жазып, оны Үндістанға жіберді»
десек әрі
жатық әрі қазақша болып шығар еді.
5.
«Лишь по счастливой случайности» – «Бақытты
кездейсоқтыққа байланысты ғана...»
Мұндағы көзге ұрып тұрған орашолақтық айтпаса да түсінікті.
«Бақытты кездейсоқтығы» несі? Қазақ мұндай жағдайды
«Сабақты ине сәтімен дегендей»
немесе
«Істің сәтін салайын
десе»
деп айтады ғой.
6.
«Пожар в системе электроснабжения»
–
«Электрмен
жабдықтау дүниесінде болған өрт».
Мұндағы «жүйесінде» деп
алынуы керек сөз «дүниесінде» болып кеткен.
7.
«Он с детства свободно владеет русским, немецким и
казахским языками»
–
«Ол орыс, неміс және қазақ тілдерін бала
жасынан бастап толық меңгерді».
Осындағы «свободно владеет» деген тіркес «толық меңгерді»
деп қате аударылған және «бала жасынан бастап» деген тіркесті
сәтті алынған деу қиын. Дұрысы:
«Ол жастайынан орыс, неміс
және қазақ тілдерінде еркін сөйлейді»
болу керек.
8.
«Вдвойне дорога для него эта книга»
–
«Бұл кітап ол үшін
екінші жағынан да қымбат»
деп аударылған.
«Бұл кітаптың оған
аса қымбат болатын жағы да бар»
десе жатықтау шықпас па еді?
9.
«Еще в школе состоялась первое знакомство с произведениями
известного поэта в подлиннике, как в прочем и со стихами
Пушкина и Гете»
–
«Белгілі ақынның қазақ тілінде жазылған
өлеңдерімен мектепте оқып жүрген кезінің өзінде-ақ алғаш рет
танысқан болатын. Сондай-ақ Пушкин және Гете өлеңдерімен де
осы тілде танысты».
Мүлдем қате аударылған әрі шұбалаңқы болып шыққан. Әңгіме
бір белгілі ақынның шығармаларын,
сондай-ақ Пушкиннің,
Гетенің өлеңдерін алғаш түпнұсқадан оқып танысқаны жайында
болып отыр. Сондықтан
«Белгілі ақынның шығармаларымен,
сондай-ақ Пушкин мен Гетенің өлеңдерімен түпнұсқасынан алғаш
мектепте жүріп танысқан болатын»
десе түсінікті болар еді.
10.
«В старших классах почувствовал увлечение к чтению
национальной литературы»
–
«Аға кластарда оқи жүріп, ұлт
әдебиеттерін оқуға құныққанымды сезе бастадым».
262
Осындағы «аға кластар» дегені «жоғарғы сыныптар», ал
«ұлт әдебиеттері» – «ұлттық әдебиет» емес пе? Сондықтан бұл
арада дұрысы
«Жоғарғы сыныптарда ұлттық әдебиетті оқуға
құмарлығын сезінді»
болуы керек.
11.
«Мне хочется сказать спасибо своей
Достарыңызбен бөлісу: