Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет56/120
Дата04.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#148709
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   120
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

Шапағатты Папа Иоанн Павел ІІ …
мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді … (ЕҚ, 2001, 20 шілде).
Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Жоғары 
Мәртебелі Тұрғыт Өзал мырза екі елдің мәдени-экономикалық 


141
байланыстарының дамуына елеулі еңбек сіңірді (ЕҚ, 2001, 5 сәуір).
Қазақ әдеби тілінде бас әріп жазылатын орындар нақтыланған, 
бұл жайт бірнеше еңбектерде сараланып, көрсетілген (Орф. сөздік, 
Анықтағыш, Ресми ісқағаздары, Екі тілде іс жүргізу). Оларды 
топтастырып атағанда, төмендегідей ерекшеліктер анықталады:
- кісі есімдері мен тегі (мыс., Абай, М.Әуезов);
- географиялық және астрономиялық атаулар (Атырау, Балқаш 
көлі, Балтық теңізі, Ай, Күн, Жетіқарақшы);
- мемлекет аттары (Қазақстан, Түркия);
- ұйымдардың, 
мекемелердің, 
министрліктер 
мен 
ведомстволардың, газет-журналдардың, баспалардың, наградалар 
мен құрметті атақтардың атаулары (мыс., Халықаралық валюта 
қоры, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, «Қазақстан 
әйелдері» журналы, «Айбын» ордені, Абай атындағы сыйлық, 
«Рауан» баспасы және т.б.);
- қысқарған сөздер (БҰҰ, ЖШС, БАҚ);
бас әріппен жазылады.
(Бас әріптің жазылуына қатысты емле «Қазақ тілінің 
анықтағышында» толық көрсетілген [59, 55-62-бб].
Бұл аталғандар ресми-іскери тілде мейлінше нақты және қатаң 
сақталуы тиіс. 
Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметі кеңейген 
қазіргі тұста бас әріппен таңбаланатын лексемалардың (күрделі 
сөз тіркестерінің) қатары күрделене түскені де байқалады. Бұл 
фактор жоғарыда аталғанындай қазақ тілінің қоғамдық-саяси 
рөлінің артуына, қоғамдық функциясының ұлғаюына, сондай-
ақ өзге тілдердегі мемлекеттік тілге декодталатын ақпараттар 
мен мәліметтердің молаюына байланысты және осындай жағдай 
мерзімді баспасөз тілінде және ресми-іскери тілде көбірек көрініс 
тауып отыр. Ресми-іскери тілде жалпы емлелік ережелерде 
көрсетілгеннен басқа тұстарда да бас әріп қолданылады. Бұл 
фактор мыналардан туындайды:
- бірнеше сөздердің тізбегінен тұратын атауларды және бір 
ұғымды беретін күрделі тіркесті ықшамдап атау үшін нақты, 
терминдік мәндегі лексема алынады; оның ақпараттық, ресмилік 
мәнін нығайту мақсатында ықшамдалған сөз бас әріппен 
таңбаланады. Мысалы,


142
1. Әділет біліктілік алқасы – Алқа:
Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы (бұдан әрі 
– Алқа) Мәжіліс депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан, 
құқық пәнінің оқытушылары мен заңгер ғалымдардан, әділет 
органдарының қызметкерлерінен құралатын дербес, тәуелсіз 
мекеме болып табылады. … Қаралған мәселелер бойынша Алқа 
мүшелері хаттамалық шешімдер және ұсынымдар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Заңы.
«Қазақстан 
Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы»
2. Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы (бұдан 
әрі қарай – 
Тараптар
)…
– ресми-іскери тілде ресми мазмұны жоғары атаулар бас әріппен 
таңбаланады. Жеке бір сөздің ресми мазмұнының болуы – оның 
саяси ұйымдарға, мемлекеттік, үкімет құрылымына қатыстылығын 
білдіреді. Мәселен, «Жаршы» сөзі мынадай мағыналарда 
жұмсалады – 1. Үлкен той, астарда мерекені, ойынды, мәжілісті 
өлең-жырмен бастап жырлаушы ақын; жар салушы. 2. Ауыс. Игі 
істі, жаңалықты бастаушы, таратушы. Театр – қашан да заманның, 
жаңаның жаршысы» (ҚТТС, ІІІ том, 700 б.).
Бұл сөз ресми-іскери тілде мерзімді басылымның атауы 
ретінде (газет, журнал, бюллетень сөздерімен синонимдес болып) 
қолданылады, сөйтіп, бас әріппен таңбаланады:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1997 ж.
Қазақстан Республикасы Ішкіісмині оқу орындарының 
бітірушілерін жеке бөлу және жас мамандармен жұмыс 
ұйымдастыру туралы нұсқаулық. Жалпы Нұсқаулық … жас 
мамандармен жұмыс ұйымдастыруды белгілейді (Нормативтік-
құқықтық актілер бюллетені. 2001, № 3).
Тұтастай алғанда, жалқы есімдер халық мәдениетіне, әдеби 
тілде орныққан нормаларға сай тілдің вербалды (тілдік) коды 
болып саналады. Бұл ретте жалқы есім өзі атайтын объектінің 
құрылымымен, мазмұнымен, ерекшеленеді. Жалқы есімдерді беру 
үшін аппелятивті лексика (жалпы есім) да алынады, бұнда негізгі 
лексеманың семантикасы сақталады, бірақ ол прагматикалық 
жүк арқалайды. Жалқы есімдерге ауысқан жалпы есімдердің 
прагматикалық қызметі ресми мазмұнды беру, ақпаратты 


143
қабылдауды жеңілдету міндеттерін атқарады, сондықтан да олар 
тұтастай мәтінде бас әріппен басталып, өзгешеленеді. Бұндай 
сипат әдеби тіл нормасында еш кедергісіз қалып алады, тілдік-
мәдени дәстүрге енеді. Аппелятивті лексиканың жалқы есімге 
ауысқандығына төмендегідей мысалдар дәлел бола алады:
- Хабаршы – Ғылым Академиясының Хабаршысы;
- Хабарлар – Ғылым Академиясының Хабарлары;
- Жарлық – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;
- Мәжіліс – Қазақстан Республикасының Мәжіліс Төрағасы;
- алқа, ақсақал – Қазақстан Республикасының Ақсақалдар 
Алқасы;
- мемлекеттік – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
елтаңбасы;
- сот – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
- негізгі – Қазақстан Республикасының Конституциясы 
(Негізгі Заң).
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ әдеби тілінде ономастикалық код 
болып табылатын жалқы есімдердің құрамы мен сипаты барынша 
күрделене түсіп отыр. Осыған байланысты ресми-іскери тілде бас 
әріппен жазылатын жалқы есімдердің, күрделі номенклатуралық 
атаулардың емлесі толыққанды көрсетілетін дербес анықтамалық 
құралдар қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет