146
атқарып отырған қызметінен босатылсын; денсаулығына
байланысты жұмыстан босатылсын; зейнеткерлікке шығуына
байланысты атқарып отырған қызметінен босатылсын;
зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылсын;
еңбек тәртібін бұзуына байланысты атқарып отырған
қызметінен босатылсын; еңбек тәртібін бұзуына байланысты
жұмыстан босатылсын
және т.б.
қабылдансын
белгіленген тәртіпте қабылдансын; сынақ мерзімімен
қабылдансын
Бұйрықтың барлық түрлерінде, қаулыларда қолданылатын
өкілеттік мағынадағы стандарт тілдік бірліктердің барлығы
етістіктің үшінші жақ бұйрық рай формасында:
жүзеге асырылсын,
бақылауға алынсын, өзгерістер енгізілсін
және т.б., ал қызметтік
хаттарда қолданылатын өкілеттік мағынадағы стандарт тілдік
бірліктер бұйрық райдың екінші жақ, көбінесе сыпайы түрі арқылы
беріледі:
туралы мәліметтерді хабарлаңыз, байланысты ақпарат
беріңіз, мына мекенжайға хабарлаңыз, қажетті жағдай жасаңыз
және
т.б.
Қызметтік хаттарда мұндай құрылымдардың тағы бір
формасы қалыптасқан. Ол құрылымдар
адамдар арасындағы
байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге
асуы үшін:
туралы мәліметтерді хабарлауыңызды сұраймыз,
байланысты ақпарат беруіңізді сұраймыз, мына мекенжайға
хабарлауыңызды сұраймыз, қажетті жағдай жасауыңызды
сұраймыз, осы мәселенің дұрыс шешілуіне ықпал етсеңіз,
сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар
мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз
түрінде, яғни өкілеттік
реңк емес өтініш, сұрау реңкі негізгі қызмет атқарып, қызметтік
хат жазу этикеті ескеріле отырып қалыптасқан құрылымдар.
Ісқағаздар мәтіндерінде, әсіресе қызметтік хаттарда жиі
қолданылатын құрылымдардың бір тобы айтылатын мәселеге
байланысты
дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру мақсатында
қолданылады. Әр жағдайдың себебі, әр мәселенің дәлелі әртүрлі
болғанымен оларды түсіндіру, дәлелдеу үшін біртектес сөздер
қолданылады. Осындай қайталанып отыратын біртектес, стандарт
жағдайлар мен ұғымдар экстралингвистикалық фактор ретінде
қызметтік хаттарда мынандай стандарт тілдік бірліктердің
қалыптасуына әсер еткен:
147
… сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында жіберіліп
отыр; мекемеде орын алып отырған қазіргі қаржы тапшылығына
байланысты; туралы шешімнің қабылдануына байланысты;
жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты; алдын ала қол
жеткізген келісімге сәйкес; Сіздің талабыңызға орай; қарамастан
әлі де орын алып отыр; экономикалық жағдайдың қиындығына
орай
және т.б.
Адам өз іс-әрекетінің қай түрін болмасын жүзеге асыру
барысында нәтижеге қол жеткізу үшін мүмкіндігінше аз күш
жұмсап, көп нәтиже шығаруға, мүмкіндігінше істеп жүрген
іс-әрекетін жеңілдету, ыңғайлы
ету жолдарын қарастыруға
тырысады. Ісқағаздарын жазу барысында бір күннің, бір айдың
немесе бір жылдың емес, ғасырлар тәжірибесі, бір тілдің немесе
бір ғана мемлекеттің емес бірнеше тілдің, бірнеше мемлекеттің
тәжірибесі қолданылады. Себебі ісқағаздары әр тілде жазылып,
әр мемлекетте қолданылғанымен оның принциптері,
теориясы
ортақ. Ісқағаздарында қолданылып жүрген, қалыптасқан стандарт
тілдік бірліктер бір тілдің, бір күннің, бір елдің ғана жемісі емес.
Адамдардың ортақ тәжірибесінің, ми қызметінің жемісі. Тек ол әр
тілде әр формада, әр елде түрлі факторларға байланысты қоғам
дамуының әр кезеңінде қалыптасуы мүмкін. Бүгінгі қызметтік хат
дайындаушы кез келген тұлға өзіне дейінгі уақыт тәжірибесі, өзінен
басқа құжат дайындаушылар тәжірибесі ретінде кейбір маңызды
мәселелер жөнінде мәлімет беру үшін төмендегі құрылымдарды
қолданады:
Достарыңызбен бөлісу: