Пән атауы: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану
Тақырып: №1 Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және ұғымдарды тұжырымдау.
Практикалық сабаққа тапсырма:
1. Әлеуметтанудың негізгі ұғымдарына анықтама беріңіз: индивид, қоғам, әлеуметтік орта, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік қатынас және әлеуметтік институттар.
индивид – адамзат қауымдастығының жеке өкілі – жеке тұлға.
қоғам – адамдардың қажеттіліктері бойынша ережелерінің төңірегінде біріккен адамдар тобы.
әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым.
әлеуметтік топ – мүшеліктің ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі.
әлеуметтік ұйым – нақты мақсаттарға жету үшін бағытталған адамдар арасындағы әрекеттің реттелген үйлесімді тәсілі.
әлеуметтік орта – адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).
Достарыңызбен бөлісу: |