әлеуметтік мінез-құлық – бұл адамдар мен адамдардың арасындағы әрекеттер. Сонымен қатар басқа да адамдар үшін маңызы зор әлеуметтік маңызды әрекеттер.
«Сіздің жұмысыңыз маған ұнамады, қайтадан жасауыңызды қалаймын!» – бұл маңызды жағдай, сондықтан мұндай әрекеттер әлеуметтік мінез-құлыққа байланысты.
әлеуметтік қатынас – үлкен әлеуметтік топтардың (таптардың, мамандықтардың, этностардың және т.б.) өкілдері ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар.
әлеуметтік институттар – қоғамның маңызды салаларындағы адамдардың іс-әрекетін реттейтін және бақылайтын әлеуметтік нормалар, рольдер және байланыстардың ұйымдастырылған әлеуметтік жүйе.
2. Әлеуметтанудың даму тарихына тоқталыңыз?
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІV ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасаған болатын.