А. Баймуханова Мемлекеттік тілде іс жүргізу



Дата19.02.2017
өлшемі316,58 Kb.
#10929
М. А. Баймуханова

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Павлодар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

М. А. Баймуханова



Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Барлық мамандықтардың студенттеріне тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар


Кереку

2012


ӘОЖ 651.9 (07)

КБЖ 65.050я7

М44

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің қазақ тілі кафедрасының отырысында басуға ұсынылды


Пікірсарапшы

М. Қ. Шарипова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.




Баймуханова М. А

М44 Мемлекетік тілде іс жүргізу : барлық мамандықтардың студенттеріне тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау / М. А. Баймуханова. – Павлодар : Кереку, 2012. – 25 б.


Әдістемелік нұсқаулықта "Мемлекеттік тілде іс жүргізу" пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға дайындалу үшін берілетін тапсырмалар және оларды орындау жөніндегі ұсыныстар, сабақтарға дайындалуға қажет құжат үлгілері берілген.

Әдістемелік нұсқаулық "Мемлекеттік тілде іс жүргізу" пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес әзірленді.
ӘОЖ 651.9 (07)

КБЖ 65.050я7

© Баймуханова М. А., 2012

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012


Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық жән орфографиялық қателерге автор мен құрастырушы жауапты



Мазмұны





Кіріспе.................................................................................

3

1

Әдістемелік нұсқауға қысқаша түсініктеме........................

4

1.1

Мақсаты..............................................................................

4

1.2

Практикалық сабақтардың маңыздылығын анықтайтын себепкер шарттар...................................................................

4


1.3

Сабақ соңында студенттер мыналарды білуі қажет...........

4

1.4

Жұмысты өткізу және қорғау...............................................

5

2

Пәннің тақырыптық жоспары.............................................

5

3

Практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны..

6

4

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар..................

8




Әдебиеттер..............................................................................

11




А қосымшасы.........................................................................

12




Ә қосымшасы.........................................................................

13




Б қосымшасы..........................................................................

14




В қосымшасы..........................................................................

15




Г қосымшасы..........................................................................

16




Ғ қосымшасы..........................................................................

17




Д қосымшасы.........................................................................

18




Е қосымшасы..........................................................................

19




Ж қосымшасы.........................................................................

20




И қосымшасы.........................................................................

21




К қосымшасы..........................................................................

22




Қ қосымшасы..........................................................................

23




Л қосымшасы.........................................................................

24


Кіріспе
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 1999 – 2000 оқу жылынан бастап «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні жеке пән ретінде өткізіліп келеді.

Жоғары оқу орындарының қазіргі студенттері – мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың болашақ қызметкерлері, басшылары. Келешекте мекемедегі құжаттарды мемлекеттік тілде құрастыратын, ресімдейтін, я осы істерге басшылық жасайтын мамандар. Сондықтан мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» арнайы курсын оқу орындарында оқытудың маңызы зор болып отыр.

Мекемелерде қызмет атқаратын әрбір азамат, білікті маман түрлі іс қағаздарының жазылу және ресімделу тәртіптерін, оларды құрастыру мен толтыру үлгілерін білулерімен таныс болулары қажет. Берілген әдістемелік нұсқау іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің маңыздылығын, құндылығын ұғындыру мақсатында шығарылып отыр.

Әдістемелік нұсқау пәнге қатысты қысқаша түсініктемеден, берілген тапсырмаларды өткізу мен қорғау жайлы ақпараттан, пәннің жоспарынан, практикалық сабақтарда қаралатын сұрақтардан және сабақта өздік жұмысқа берілетін тапсырмалардан тұрады. Әдістемелік нұсқауда берілген үлгілер қазақ тіліндегі құжаттарды сауатты түрде құрастыруға, оларды талапқа сай ресімдеуге мүмкіндік береді.

Әдістемелік нұсқау «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.



1 Әдістемелік нұсқауға қысқаша түсініктеме
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша әдістемелік нұсқаумен жұмыс істеу барысында әрбір студент пәннің жоспарымен, пән бағдарламасына енген құжаттар түрлерінің қазақ тіліндегі үлгілерімен таныса отырып, оларды құрастыру, ресімдеу жұмыстарына дағдыланады, қажет әдебиеттер тізімімен танысады. Сонымен бірге термин сөздер мен қазақ тілінің ресми іс қағаздары стилінің ерекшеліктерін де меңгереді.
1.1 Мақсаты :

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы негізгі заң актілерімен таныстыру. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің маңызын түсіндіру. Іс жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін, Қазақстан Республикасында қабылданған ережелерде қойылған талаптарға сәйкес құжаттарды жүйелеу мен ресімдеуді үйрету. Қазіргі қазақ тілінің ресми-іскери стилінің ерекшеліктерін ескеріп, қазақ тілінде құжат мәтіндерін құрастыруды меңгерту. Жеке адамдардың және ұйымдастыру-реттеу құжаттарының құрастырылуы мен ресімделуін үлгілер арқылы таныту.


1.2 Практикалық сабақтың маңыздылығын анықтайтын себепкер шарттар

Осы пәнді оқыту нәтижесінде студенттерге:

- Қазақстан Республикасындағы тіл туралы негізгі заң актілерін;

- қазақ тілінің ресми стилінің ерекшеліктерін;

- қазақ тілінде құжат мәтіндерін құрастырудың ерекшеліктерін;

- құжат мәтіндерін ресімдеудің тәртібін;

- құжат мәтіндерін қазақ тіліне орыс тілінен аударуды;

- қазақ тілінде құжат мәтіндерін құрастыруда практикалық машықтарды игерту.

Сондай-ақ іс қағаздарын қазақша жүргізудің маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
1.3 Сабақ соңында студенттер мыналарды білуі қажет:

- «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының мазмұнын және қашан қабылданғанын;

- құжаттардың мазмұнына қарай бөлінетін түрлерін;

- құжаттарды құрастырудың және ресімдеудің ерекшеліктерін;

- реквизиттердің қазақша атауларын;

- реквизиттердің орналасу тәртіптерін;

- ресми іс қағаздары стилінің ерекшеліктерін;

- іс жүргізуге байланысты терминдерді.


1.4 Жұмысты өткізу және қорғау

- студенттер жұмыстарының нәтижесін практикалық сабақтарда, оқытушымен өткізетін өздік жұмыстарда айтады немесе жазбаша түрде тапсырады;

- студенттер өз уақыттарын және жұмыстың тапсыру күнін оқытушымен келісіп белгілейді;

- оқытушы жұмыстарды тексергеннен кейін тиісті ұпайлары (балл) қойылады.


2 Пәннің тақырыптық жоспары


Тақырыптардың атаулары

Сағат саны

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы

Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері



1



Құжат реквизиттері. Құжаттарды ресімдеудің ережелері

1

Жеке адамдардың құжаттары: өмірбаян,

резюме, қолхат, сенімхат.



1


Жеке құрамның құжаттары:

өтініштер.



1


Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

1

Мінездеме

1

Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтар

1

Еңбек келісімдері

1

Анықтамалық-ақпараттық құжаттар: анықтама

1

Баяндау хат

1

Түсініктеме

1

Хабарландыру

1

Қызметтік хаттар

1

Реттеу құжаттары. Хаттама

1

Ұйымдастыру құжаттары. Жарғы. Ереже

1

Барлығы

15


3 Практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері

1. Қазақстан Республикасының Конституциясының тіл туралы баптары (7, 19, 93-баптар).

2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңы.
2-тақырып. Құжат реквизиттері. Құжаттарды ресімдеудің ережелері

1. Қазақстан Республикасында белгіленген құжат реквизиттері.

2. Құжат реквизиттерін ресімдеудің тәртібі.
3-тақырып. Жеке адамдардың құжаттары: өмірбаян, резюме, қолхат, сенімхат

1. Жеке адамдардың құжаттарының ерекшеліктері.

2. Өмірбаян.

3. Резюме.

4. Қолхат.

5. Сенімхат.


4-тақырып. Жеке құрамның құжаттары: өтініштер

1. Қызметкерлер құрамына байланысты құжаттар: ерекшеліктері мен маңызы.

2. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш.

3. Басқа қызметке ауыстыру туралы өтініш.

4. Еңбек демалысы туралы өтініштер.

5. Жұмыстан босату туралы өтініш.


5-тақырып. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

1. Жеке іс парағының үлгісі.

2. Жеке іс парағын толтыру.
6- тақырып. Мінездеме

1. Мінездеменің жазылу жағдайлары.

2. Мінездеменің үлгісімен жұмыс.

3. Мінездеменің мәтінін құрастыру.



7-тақырып. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтар

1. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтардың жазылу ерекшеліктері.

2. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық.

3. Еңбек демалысы туралы бұйрықтар.

4. Жұмыстан босату туралы бұйрық.
8-тақырып. Еңбек келісімдері

1. Еңбек келісімінің маңызы, ерекшеліктері.

2. Еңбек келісімінің үлгісін аудару.
9-тақырып. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар: анықтама

1. Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың маңызы мен түрлері.

2. Анықтаманың түрлері, үлгілермен жұмыс.

3. Анықтама мәтіндерін жазу.


10-тақырып. Баяндау хат

1. Баяндау хаттың жазылу жағдайлары.

2. Баяндау хаттың үлгілерімен жұмыс.

3. Баяндау хат мәтіндерін жазу.


11-тақырып. Түсініктеме

1. Түсініктеменің жазылу жағдайлары.

2. Түсініктеменің үлгілерімен жұмыс

3. Түсініктеменің мәтіндерін жазу.


12-тақырып. Хабарландыру

1. Хабарландырудың жазылу жағдайлары.

2. Хабарландырудың үлгілерімен жұмыс.

3. Хабарландырудың мәтіндерін жазу.


13-тақырып. Қызметтік хаттар.

1. Қызметтік хаттың жазылу жағдайлары.

2. Қызметтік хаттардың үлгілерімен жұмыс.

3. Қызметтік хаттардың мәтіндерін құрастыру.


14-тақырып. Реттеу құжаттары. Хаттама

1. Реттеу құжаттарын ресімдеу мен құрастыру ерекшеліктері

2. Хаттама мәтінін оқып аудару.

3. Хаттама мәтінін құрастыру.



15-тақырып. Ұйымдастыру құжаттары. Жарғы. Ереже

1. Ұйымдастыру құжаттарының түрлері.

2. Жарғы мәтінін оқып аудару.
4 Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері

1. Қазақстан Республикасы Конститутциясының қай баптарында мемлекеттік тіл туралы айтылған.

2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қашан қабылданды?

3. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңының мазмұнын баяндап беріңіз.


2-тақырып. Құжат реквизиттері. Құжаттарды ресімдеудің ережелері

1. Реквизит деген не?

2. Реквизит атауларын жатқа айтыңыз.

3. Өзіңіз тұратын қалада жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың атауларын, анықтамалық деректерін жазыңыз.

4. Мекемедегі лауазым иесіне арналған құжатқа адресат жазыңыз.

5. Төмендегі адресаттың қатесін табыңыз:

«Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның бас маманы

Ахметовке А.

6. Студентке жазылатын мінездеме мәтін тақырыбын жазыңыз.
3-тақырып. Жеке адамдардың құжаттары: өмірбаян, резюме, қолхат, сенімхат

1. Өзіңіздің өмірбаяныңызды жазыңыз.

2. Жұмысқа қабылдайтын мекемеге резюмеңізді жазыңыз.

3. Біреуден бағалы зат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз.

4. Мекемеден құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз.

5. Басқа біреуге почта хабарларын алуды сеніп тапсыру туралы сенімхат жазыңыз.


4-тақырып. Жеке құрамның құжаттары: өтініш

1. Өзіңіздің болашақ мамандығыңыз сәйкес жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз.

2. Оқу орнының бірінші басшысы атына академиялық демалыс сұрап немесе басқа оқу орнына ауыстыруға рұқсат сұрап өтініш жазыңыз.

3. Кез-келген мекеменің бірінші басшысының атына кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы өтініш жазыңыз.


5-тақырып. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы

1. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағының үлгісімен танысыңыз.

2. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағын толтырыңыз.
6- тақырып. Мінездеме

1. Мінездеменің үлгілерімен танысыңыз.

2.Үлгілерде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дәптеріңізге жазып алыңыз.

3. Мекеме қызметкеріне мінездеме жазыңыз.


7-тақырып. Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтар

1. Өз мамандығыңызға сәйкес жұмысқа қабылдау туралы жазған өтінішіңіздің негізінде бұйрық жазыңыз.

2. Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы өтініш негізінде бұйрық жазыңыз.
8-тақырып. Еңбек келісімдері

1. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыз. Қажет сөздер мен сөз тіркестерін жазып алыңыз.

2. Еңбек келісімінің үлгісін орыс тіліне аударыңыз.
9-тақырып. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар: анықтама

1. Анықтаманың үлгілерімен танысыңыз.

2. Жұмыс орнынан берілетін анықтама мәтінін жазыңыз.

3. Оқу орнынан берілетін анықтама мәтінін жазыңыз.


10-тақырып. Баяндау хат

1. Мекеме басшысының атына орындалмаған жұмыс туралы баяндау хат жазыңыз.

2. Мекемедегі бір қызметкердің немесе бір бөлімнің атқармаған жұмысы туралы хабарлайтын баяндау хат жазыңыз.

11-тақырып. Түсініктеме

1. Жұмысқа кешігіп келуіңіздің себебі көрсетілген түсініктеме жазыңыз. Түсініктеменің мәтінінде кешігіп келген күніңіз, уақыты және себебі көрсетілсін.

2. Орындалмаған жұмыс туралы түсініктеме жазыңыз.
12-тақырып. Хабарландыру

1. Мекемеде болған мерекелік шара туралы хабарландыру

жазыңыз.

2. Мекемеде болатын жиналыс туралы хабарландыру жазыңыз.

3. Мекемеде жариялаған конкурс туралы хабарландыру мәтінін баспасөз құралдарынан тауып, оқып, аударыңыз.
13-тақырып. Қызметтік хаттар

1. Кәсіпорынның жеке және мемлекеттік кәсіпорындарға келісімді баға бойынша компьютерлер сататындары туралы ақпараттық хат мәтінін жазыңыз.

2. Басқа кәсіпорынның басшылығының атына кәсіпорынның шығаратын өнімі туралы толық мәлімет сұрап өтініш хат мәтінін жазыңыз.

3. Жеке тұлғаға мекеменің атынан қандай да бір жағдайға байланысты ескерту хат жазыңыз.


14-тақырып. Реттеу құжаттары. Хаттама

1. Хаттама мәтінін оқып аударыңыз

2. Хаттама мәтінін құрастырыңыз.
15-тақырып. Ұйымдастыру құжаттары. Жарғы. Ереже

1. Жарғының үлгісін оқып, аударыңыз.

2. Ереженің үлгісін оқып, аударыңыз.

Әдебиеттер
Негізгі

1 Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары. – Астана, 2000. – 216 б.

2 Баймұқанова М. А. Мемлекеттік тілде іс жүргізу. – Павлодар, 2007. – 76 б.

3 Делопроизводство в Республике Казахстан / сост. : Скала В. И., Скала Б. В., Скала Н. В. – Алматы : ТОО «Издательство LEM», 2005. – 305 с.

4 Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының негізгі заң актілері. – Астана : Елорда,

2002. – 180 б.


Қосымша

6 Дүйсенбекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы : Ана тілі, 2000. – 89 б.

7 Екі тілде іс жүргізу : сөздік-анықтамалық. – Алматы : Атамұра –Қазақстан, 1994. – 224 б.

8 Есімболова М. Қ. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы (үлгілер) : оқу құралы. – Алматы, 2004. – 150 б.

9 Жахина Б., Құрманова А. Қ., Қайырбекова И. С. Мемлекетік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. – Көкшетау, 2003. – 120 б.

10 Кирсанов М. В., Аксенов Ю. М. Курс делопроизводства : Документационное обеспечение управления : учебное пособие. – 5-е изд. – М. : ИНФРА-М; Новосибирск : Сибирское соглашение, 2003. –320 с. (Серия «Высшее образование»).

11 Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь : делопроизводство и архивоведение. – Алматы : «Рауан», 2000. – 360 б.

А қосымшасы

(міндетті)


Ө М І Р Б А Я Н
Мен, Қуат Амантайұлы Нұрмыш, 1970 жылғы қаңтардың 1-інде Павлодар қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Әкем, Амантай Қазтайұлы Нұрмыш, Павлодар қаласының № 1 қалалық емханасында дәрігер. Шешем, Сұлушаш Сембайқызы Нұрмыш, Павлодар қаласының № 11 жалпы білім беру мектебінде мұғалім.

1977 жылы Павлодар қаласының №1 орта мектебіне бардым. 1982 жылы № 2 орта мектепке ауыстым. 1987 жылы осы мектепті бітіріп, сол жылы Павлодар индустриалдық институтына машина жасау факультетіне түстім. Институтты 1992 жылы машина жасау мамандығы бойынша бітірдім. 1992 – 1994 жылдары Алматы облысының Отар қаласындағы № 10007 әскери бөлімде әскери міндетімді атқардым, сержант атағым бар. 1994 – 1996 жылдары Павлодар трактор жасау заводында инженер болып жұмыс істедім. 1996 – 2000 жылдары «Арай» ЖШС-нда бағдарламашы болып жұмыс істедім.

Үйленгенмін. Әйелім, Жанар Жақыпқызы, «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ында инженер болып жұмыс істейді. Ұлымыз, Дастан Қуатұлы, № 1 балалар бақшасына барады.

Мекен- жайым: Павлодар қ., Қамзин к., 1-үй, 2-пәтер.

Тел.: 00-00-00
01.01.2012 қолы / тегі /


Ә қосымшасы

(міндетті)


Р Е З Ю М Е
Аты-жөні : Қуат Амантайұлы Нұрмыш

Мекен жайы : Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Қамзин к.,



1-үй, 2-пәтер

Телефон /0000/ 00-00-00

Жалпы ақпарат: Туған жылы, айы, күні: 1970 жылғы қаңтардың 1-і

Ұлты: қазақ

Жынысы: ер

Отбасы жағдайы: үйленген

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының

азаматы

Жұмыс тәжірибесі: 1996 – 2000 жылдар, «Асыл» ЖШС,



бағдарламашы

19941996 жылдар, Павлодар трактор жасау заводы, инженер

Білімі:

Орта: 1982 – 1992 жылдар, Павлодар қ. № 2 орта мектебі

1977 – 1982 жылдар, Павлодар қ. № 1 орта мектебі

Жоғары: 1992 – 1996 жылдар, Павлодар индустриалдық институты

Тілдерді білуі: қазақ тілі – ана тілі,

орыс тілі – жетік

ағылшын тілі – сөздіктің көмегімен

Компьютерді білуі: PC-Windows 95/2000

Жеке қасиеттері: жауапты, ұйымдастырушылық қабілеттері

Қосымша ақпараттар: еркін күрестен спорт шебері

Құштарлығы: әдеби кітаптар оқу
01.02.2012

Б қосымшасы

(міндетті)


Қ О Л Х А Т
Мен, Болат Серікұлы, жеке куәлік № 00000 ҚР ІІМ 02.01.2010 жылы берілген, мекен жайым: Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтер, азамат Қайрат Мұратұлынан, жеке куәлік № 00000 ҚР ІІМ 01.01.2000 жылы берілген, мекен жайы: Павлодар қ., Мир к., 2-үй, 1-пәтер , 1000 (мың) АҚШ долларын алдым.

1000 (мың) АҚШ долларын 2012 жылғы қыркүйектің 1-інде қайтаруға міндеттенемін.


01.02.2012 қолы /тегі/
Болат Серікұлының қолын куәландырамын

Мемлекеттік нотариус қолы /тегі/


02.02.2012

В қосымшасы

(міндетті)



С Е Н І М Х А Т


Мен, Болат Серікұлы, жеке куәлік № 00000 ҚР ІІМ 02.01.2010 жылы берілген, мекен жайым: Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтер, азамат Қайрат Мұратұлына, жеке куәлік №00013 ҚР ІІМ 01.01.2010 жылы берілген, мекен-жайы: Павлодар қ., Мир к., 2-үй, 1-пәтер,
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кассасынан мамыр айының еңбекақысын алуды сеніп тапсырамын.

01.04.2012 қолы /тегі/


Болат Серікұлының қолын куәландырамын
Мемлекеттік нотариус қолы /тегі/
02.04.2012

Г қосымшасы

(міндетті)

Павлодар қаласының № 1 жалпы орта білім беру мектебінің

директоры А. Ахметовке

азамат Н. Оспановтан
Өтініш
Мені 2012 жылғы қарашаның 10-ынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдауыңызды өтінемін.
01.11.2012 қолы /тегі/
Павлодар қаласының № 1 жалпы

орта білім беру мектебінің

директоры А. Ахметовке

мұғалім Н. Оспановтан


Өтініш
Маған 2012 жылғы қарашаның 10-ынан 25-іне дейін 15 күнтізбелік күнге кезекті еңбек демалысын беруіңізді өтінемін.
01.11.2012 қолы /тегі/


Ғ қосымшасы

(міндетті)


Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы
1. Аты-жөні Оспан Бекұлы Ахмет

2. Туған жылы, айы, күні 1975 жылғы ақпанның 24-і

3. Туған жері Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Шолақсор ауылы

4. Ұлты қазақ

5. Білімі жоғары

Диплом бойынша мамандығы өндірістік және азаматтық құрылыс

Жоғары оқу орнының атауы, орналасқан жері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.

7. Қандай тілдерді білесіз қазақ, орыс, ағылшын тілдері

Қандай дәрежеде ана тілі, жетік, сөздіктің көмегімен

8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жоқ

9. Ғылыми еңбектер мен өнертабыстары жоқ

10. Жұмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары «Аманат» ЖШС, экономист, 2010 – 2012 жылдар

11. Сайланбалы орындарға қатысуы жоқ

12. Мемлекеттік наградалары жоқ

13. Әскери қызметке қатысы әскери міндетті

14. Отбасы жағдайы үйленген

15. Мекенжайы: Павлодар қ., Мир к., 1-үй, 2-пәтер
01.02.1012 қолы / тегі/

Д қосымшасы

(міндетті)


Павлодар қаласының № 122 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айгүл Қайратқызы Оспанға
МІНЕЗДЕМЕ

А. Қ. Оспан 1970 жылғы ақпанның 1-інде Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Алға ауылында туған. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Білімі – жоғары. 1992 жылдан Павлодар қаласының № 122 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

А. Қ. Оспан 1992 – 1996 жылдары аталған мектепте жоғары сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1996 – 1998 жылдары мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды. 1998 жылдан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Жоғары сыныптарға мамандығына сәйкес сабақ береді. Облыстық және қалалық білім беру басқармасы ұйымдастыратын әдістемелік семинарларда баяндамалар жасайды. Ашық сабақтарында үнемі дәстүрлі емес сабақ түрлерін көрсетіп, жаңашылдығын танытады. А. Қ. Оспанның оқушысы О. Омарқызы 2010 жылы Республикалық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәні бойынша жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Оқушыларының бірнешеуі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары оқу орындарына түсті. 2009 жылы Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтында біліктілігін жетілдірді. Бірнеше рет жұмыстағы жетістіктері үшін білім беру саласының үздік маманы болып танылды. Республикалық және облыстық баспасөзде білім беру саласына қатысты мақалалары жарияланды. А. Қ. Оспанның өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлігі жоғары.

А. Қ. Оспанның мінезі ашық, сабырлы. Ұжым мүшелерімен, оқушылармен тез тіл табысады, олардың арасында беделді де, сыйлы. Үлгілі отбасы анасы. Үш бала тәрбиелеуде. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген.

Мінездеме А. Қ. Оспанды Павлодар қаласының № 122 жалпы орта білім беру мектебінің директоры қызметіне ұсыну үшін берілді.
Павлодар қаласының білім беру

департаментінің бастығы қолы /тегі/


Е қосымшасы

(міндетті)



«Тұлпар» АҚ


Жұмысқа қабылдау туралы
1 БҰЙРЫҚ

15.10.2012

А. Оспан 2012 жылғы қазанның 15-інен жоспарлау бөліміне бас маман қызметіне жұмысқа қабылдансын.

А. Оспанға штаттық кестеге сәйкес жүз мың теңге көлемінде еңбекақы тағайындалсын.

Негіздеме: А. Оспановтың өтініші

Бұйрықпен таныстым: қолы / тегі/



Ж қосымшасы

(міндетті)


«АЗАМАТ» ПИК

1 А Н Ы Қ Т А М А


10.02.2012 Павлодар қ.
Самат Қанатұлы Омар 1970 жылы туған, Павлодар қ., Майра к.,

1-үй, 2-пәтерде тұрады.

Отбасы құрамы: әйелі, Анар Оспанқызы Омар, 1971 жылы туған.

Ұлы, Әмір Саматұлы, 1998 жылы туған.

Анықтама талап етуші орынға көрсету үшін берілді.
«АЗАМАТ» ПИК төрағасы қолы /тегі/

И қосымшасы

(міндетті)


«Арай» ЖШС директоры

А. Оспанұлына



БАЯНДАУ ХАТ
16.01.2012

Сізге 2012 жылғы қаңтардың 15-інде сату бөлімінің маманы

Р. Омаров жұмысқа себепсіз шықпағанын хабарлаймын.

Тиісті шара қолдануыңызды сұраймын.


Сату бөлімінің бастығы қолы /тегі/

К қосымшасы

(міндетті)

№ 1 ЖЭО бастығы А. Т. Омарға


ТҮСІНІКТЕМЕ
02.03.2012
Іссапардан 1 жұмыс күніне кешігіп келуіме ауа-райына байланысты Алматы – Павлодар ұшағының ұшу кестесінің өзгеруі себеп болды.

Әуежай әкімшілігінің анықтамасы қоса берілді.

Бағдарламашы қолы / тегі/

Қ қосымшасы

(міндетті)




Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Ертең, яғни 2012 жылғы қазанның 3-інде сағат 14.00-де
456-кабинетте бөлім бастықтарының жиналысы болады.

Күн тәртібінде:

1. 2012 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың есебін талқылау.

2. 2012 жылдың екінші жартысында атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекіту.

3. Әртүрлі мәселелер.


Әкімшілік

Л қосымшасы

(міндетті)


Министрліктің атауы

Ұйымның атауы

Алқалық органның түрі мен атауы

№ 1 ХАТТАМА

01.02.2012

Төраға:

Хатшы:

Күн тәртібінде:



1. 2012 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың есебін бекіту. Баяндамашы – ақпарат бөлімінің бастығы А. Оспанов.

2. 2012 жылдың екінші жартысында атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекіту. Баяндамашы – ақпарат бөлімінің бастығы

А. Оспанов.

3. Әртүрлі мәселелер


1. ТЫҢДАЛДЫ:

А. Оспанов

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

А. Ахметов

О. Сұлтанова

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:

1.

1.1
2. ТЫҢДАЛДЫ:



А. Оспанов

СӨЙЛЕГЕНДЕР:

А. Ахметов

О. Сұлтанова

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:

1.


1.1
Төраға қолы /тегі/

Хатшы қолы /тегі/
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет