Пән атауы: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану Тақырып


Әлеуметтану жаңадан шыққан ілім болса да, тарихы тереңде жатқанын аңғара аламыз. Әлеуметтану ғылымы осындай даму сатыларынан өткен болатын



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі49,8 Kb.
#107280
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Айладыров Ержан 111А СПК ПС1

Әлеуметтану жаңадан шыққан ілім болса да, тарихы тереңде жатқанын аңғара аламыз. Әлеуметтану ғылымы осындай даму сатыларынан өткен болатын.
3. Әлеуметтік мобильділік және әлеуметтік стратификация туралы теорияны талдаңыз?
Стартификация институты: тап, сословие, каста, жыныстық теңсіздік, сегрегация, туыстық.
Әлеуметтік стратификация ұғымы Әлеуметтік стратификация - адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік, бұл олардың иерархиялык сипаттағы әлеуметтік өмірінен байқалады, аталмыш тенсіздікке әр түрлі институттык механизмдер қолдау көрсетеді және оны реттейді, бұған қоса ол әрдайым ұдайы жаңаланып, дамиды және модификацияланады, бұлар кез -келген қоғамның өмірін реттейтін жағдай ретінде сипатталады және оның дамуының кайнар көзі болып табылады.
Әлеуметтік стратификация ұғымын ең алғаш рет ғылымға енгізген К.Маркс пен М.Вебер. Әлеуметтік стратификацияда тап ұғымын алғаш рет қолданған К.Маркс. Ол қоғамды негізгі және негізгі емес деп екіге бөліп карастырады.
Сословие - бұл да әлеуметтік топтар, олардың қоғамдағы орны әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі жағдайларымен қатар, қалыптасқан дәстүрлерімен және құқықтық актілермен де анықталады. Осылар арқылы мұндай ақсүйек феодалдар және дін басылары сияқты сословиелердің құқыктары, міндеттері және жеңілдіктері анықталды.
Тап – 1. Өндіріс құралдарын қол астына, меншігіне алған, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесінде белгілі бір орынға ие болған және табысқа иелік етудің ерекше тәсілдері арқылы сипатталатын адамдардың үлкен әлеуметтік тобы кең мағынадағы тап деп аталады.
2. Қазіргі қоғамдағы бірінен-бірі өзінің табысы, білім деңгейі, билік мөл-шері және престижі (дәрежесі) арқылы ерекшеленетін кез келген әлеуметтік қабатты (жікті) тар мағынада тап деп атайды.
Каста - адамның туғанынан бастап, кейін өзі мүшесі болатын әлдебір әлеуметтік топты (қабатты) айтады. Адам өз тіршілігінде бір кастадан екіншісіне өте алмаған. Ол үшін тағы да бір рет дүниеге қайта келуі керек еді. 
Теңсіздік - руға, тайпаға, қауымға қатыстылыққа негізделген жүйе. Бұл теңсіздіктің шеткергі формасы, бұнда бір индивид басқаларына меншік ретінде тиесілі болады.

Әлеуметтік мобильділік теориясы
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп, дамып отырады. Соған байланысты әлеуметтік мобильділік түсінігі пайда болады. “Әлеуметтік мобильділік” түсінігінің авторы П.Сорокин болып табылады. “Әлеуметтік мобильділік” деп қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруы болып табылады.
Айладыров Ержан 111А



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет