Ауезова Амина Жігіттік шаққа бір қадам (диспут) Мақсаты



бет1/4
Дата08.07.2018
өлшемі1,79 Mb.
#48447
  1   2   3   4
Қызылорда облысы

№ 6 есту қабілеті бұзылған балалардың

арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиешісі: Ауезова Амина

Жігіттік шаққа бір қадам

(диспут)

Мақсаты: 1.Қазақ халқының ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу жолын дамыту.

3. Өз елін сүйетін, ардақтайтын, нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Жігіттік шаққа бір қадам » тақырыбы , мақал-мәтелдер, сабаққа қажетті құрал – жабдықтар, слайдтан шолу жасау

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық.

Сәлемдесу жоралғысы



2.Негізгі бөлім

Ер жігітте сегіз түрлі қасиет болсын, олар : игі мінез, ізгі қасиет, қыз баламен сөйлескенде әдепті, сыпайы болсын, жұрт сыйлайтын адамды жақсы көріп, құрмет тұтсын, жауының алдында жүректі болсын, үлкендерге кішіпейіл, халық салтын қадірлей білсін, осал жерін білетіндерге жұмсақ, сұмырайларға қулық жасасын (Жеті қазына, 75-бет), - дейді халқымыз.



3.Ой қозғау.

Олай болса балалар сәби кезден - ес біліп, ер жеткенге дейінгі салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері біздің бойымызға сіңіп өсіп келеміз сондықтанда сұрақтарға тұшымды жауап беруге тырысыңдар.

Сұрақтар.

«Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер»

1. Жеті ата

2. Жігіттің жеті жұртын ата (өз жұрты,қайын жұрты, нағашы жұрты)

3. Жеті қазына (ер жігіт, ,сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, мылтық, жүйрік тазы )

4. Байлау түрлері (қазықбау шалу, іліктеп байлау, тұзақтап байлау, күрмеу, ноқта байлау, шалып байлау )

5. Бозбаланың әсемдік бұйымдары (үкілі бөрік, зер қалпақ, кісе белбеу, қамшы )

6. Ерлер киімдері (тымақ, бөрік, ішік, күпі, тұлып, мәсі, шұлғау, жейде, шапан )



4-бөлім «Білгенге маржан»

(оқушыларға салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады)



1.Қазақша ай аттарының аталуын ата.

Жауабы: Қаңтар,Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан.



2.Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?

Жауабы: I. Жылқы малы: Құлын, жабағы, тай, құнан, бесті,тұлпар.

II. Сиыр малы: Бұзау, тана, құнажын мен өгіз, бұқа.

III. Қой малы: Қозы, тоқты, Ісек, тұсақ,саулық, қошқар.



3. Қазақ халқының дәстүр-салт, той-томалақтарын атап шық,

Жауабы: Бесікке салу,қырқынан шығару, тұсау кесер,сүндетке отырғызу, бет ашар, көкпар, той бастар...



4. Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

Жауабы: Хандар: Абылай,Әбілхайыр, Тәуке,Жәңгір т.б.

Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай,Наурызбай, Есет, Кенесары.

Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т.б.

Билер: Қаз дауысты Қазбек, Төле би, Әйтеке би, т.б.

5. Бес асыл мен бес дұшпанды ата.

Жауабы: Бес дұшпан мыналар: өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.



6. Ұлттық ойындардың түрлерін ата.

Жауабы: Ақсүйек,асық ату, арқан тарту, тымпи, сақина салу т.б.



7. Жігіттің үш асыл мінезін ата.

Жауабы: Туған елі мен дос жарандарына адал болу, қара қылды қақ жараған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.



8. Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады.

Жауабы : Жүген, ішкілік, желдік, тоқым, ер, құйысқан, өмілдірік,үзенгі аткөрпе, тартпа,қамшы

5-бөлім «Нағыз қазақ жігіттері»

Бұл бөлімде жігіттеріміздің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі, Гір көтеру» секілді өз өнерін көрсетеді.



6- бөлім «Жағдаяттан шығу»

(оқушылар конвертті таңдап ішіндегі тапсырманы сол бойда орындайды)



Тәрбиеші :

Құрметті оқушылар!

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, «Нағыз қазақ жігіттері» бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер екендігін көрсете білді. Әрқашан сыналған шақта сүрінбеңдер , қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын!



Дәу аю

(ертегісіне сахналық қойылым)

Амина Ауезова

Қызылорда облысы

№ 6 есту қабілеті бұзылған балалардың

арнайы (түзету )мектеп-интернатының тәрбиешісі

Сахнада орман көрінісі (Әуен ойнап тұрады)

Автор: Ертеде қалың тоғай ішінде дәу аю досымен тұрыпты. Олар күндіз – түні тоғайды аралап жүреді екен. Дәу аю қазандай тасты допша домалатып, ойнайды екен. Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті.

(Әуенмен аю келеді,орманды аралап жүреді, алдынан түлкі шығады)



Автор: Бір күні жортып келе жатқан түлкіні көре сала ұстап алып, әрі – бері жұлқылайды. Мазасы қашқан түлкі:

Түлкі: - Аю аға, мені жіберіңізші, құйрығымды ауырттыңыз ғой, - деп жалынады. Бұны көріп тұрған аюдың досы:

Кішкене аю: Достым , бұл түлкі бізге жаманшылық жасаған жоқ қой, тиіскен де жоқ, қоя бер оны, - дейді.

Дәу аю: - Бұл түлкі мені сыйлап жүремін десе ғана жіберемін! – деп түлкінің құйрығын одан әрі бұрай түседі. Құйрығы ауырған түлкі қиналып: - Аю аға, босатшы мені, сізді сыйлап жүрейін, - деп жалынады

Автор:- Мұны естіп тұрған дәу аю одан сайын есіріп, досына:

Дәу аю: Көрдің бе? Енді түлкі мені сыйлап жүретін болады – деп мақтанады.

Автор: Осылай іші пысып келе жатқан дәу аюға қасқыр жолығады.

Дәу аю: Қап, бәлем қолға түстің бе? – деп шап беріп ұстап алады.

Қасқыр: Аю аға, мені жіберіңізші, құйрығымды ауырттыңыз ғой, - деп жалынады. Бұны көріп тұрған аюдың досы:

Кішкене аю: Қасқыр бізге, тиіскен жоқ қой, қоя бер, босат оны, - дейді.

Дәу аю: - Егерде қасқыр мені сыйлап жүремін десе ғана босатамын! – дейді даусы гүр – гүр еткен дәу аю. Жаны қиналған қасқыр: - Аю аға, босатшы мені, сізді сыйлап жүрейін, - деп жалынады

Автор:- Мұны естіп тұрған дәу аю одан сайын есіріп, досына:

- Енді мені түлкі де, қасқыр да сыйлап жүретін болады – деп қоқиланады.



Бұл қылығын ұнатпай тұрған досы: - Сені енді бұдан былай түлкі де, қасқыр да жек көретін болады. Және, ешқашанда сыйламайды. Өйткені, сен оларға күш көрсетіп, жәбірледің, - деп ренжиді.

Дәу аю: - Жоқ сыйлайды!

Автор: Ақыры досынан бөлініп кетеді.Ол тоғайды аралап ұзақ жүреді. Ұзақ жүріп өзінің досын жоғалтады.(Әуен ойналып тұрады)

Дәу аю: Ішім пысып кетті. Орманда ешкім қалмаған ба? Досым қайда екен – деп досын іздей бастайды.(алдынан түлкі шығады)

Түлкі: - Аю аға не іздеп жүрсіз?

Дәу аю: -Мен орманда жалғыз жүріп жалығып кеттім, менің досымды көрдің бе?

Түлкі: - Онда жылдам бері қарай жүріңіз, ол ана жақта – деп алдап жібереді.

Автор: - Дәу аю түлкінің қасқырлардың үйіріне қарай алдап жібергенін аңғармай да қалады.Зәбір көрген қасқыр достарымен алдынан шығып:

Қасқыр: - Сен маған жазықсыз азап көрсеттің. Енді біз сені талаймыз. Сазайыңды тартқызамыз, - деп барлығы жабылып дәу аюды талайды.

Түлкі сықылықтап күліп: - Сазайыңды тартқыздым ба, бәлем?! Енді жалғыз өзің не істей алар екенсің. Өзіңе де сол керек – деп риза болып тұрады.

Қорқып кеткен аюдың жан дауысы шығады: - Достарым қайдасыңдар!

Досы келіп:- Саған не болған,аю аға , мықты сияқты едіңіз,неге жан даусыңыз шығып жатыр? – дейді.

Дәу аю: - Құтқарыңдар мені, маған барлығы жабылып, талап жатыр – дейді.

Кішкене аю: - Күшіңе сеніп, әлсіздерді күшпен сыйлатамын деп едің. Енді осы ойыңның дұрыс емес екендігіне көзің жетті ме?

Дәу аю басын салбыратып,өзінің кінасын түсініп:

-- Менің жасаған істерім дұрыс емес екендігін, ешкімді де күшпен сыйлатуға болмайтындығын енді түсіндім. Енді мен достарыма күш көрсетпеймін, ұрып-соқпаймын. Олардан кешірім сұраймын.



Достарым кешіріңдер мені!

Аюдың досы:- « Күш білекте емес,бірлікте » - деген. Олай болса барлығымыз дос болайық!

(Әуен ойналады, барлығы бір-бірімен достасып дәу аюды ортаға алып би билейді)



Бақытым да,байлығым да –денсаулық




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет