Мен темекі,шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Мені шеккен адамның,
Денсаулығын бүлдірдім.
Ішкі ағзаларын зақымдап,
Жөтелтіп ұйқы бермедім.
Жүректі,миды,өкпені,
Асқазанды,бауырды уландырып,
Соңында таяққа байлаймын.
Өмірлерін осылай лайлаймын.
Бұлардың әңгімесін естіп тұрған Алмат
Алмат:
Жоқ, бауырым, бұл пәлеге жолама,не айтып тұрғандарын естідің ғой. Бұл екеуін арамыздан қуайық,- деп досы Мадинаны жақсы ойға шақырады.
Досы екеуі бірге барып (хормен)
Кет, пәлекет,армыздан кет! – деп арақ пен темекіні өздерінен аластатады.
Алмат:
Жүр, оданда таза ауаға шығып, серуендеп, жаттығулар жасайық, спортпен шұғылданайық, өйткені бізге денсаулық керек...
Оқушылар көрген көрініс бойынша арақ пен темекінің зиянды жақтарын ортаға салып қызу пікірталас жасады.
3.Слайдпен жұмыс:
Даналық сөз:
Ақша жоғалтқаның-ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның-көп нәрсе жоғалтқаның.
Денсаулық жоғалтқаның-бәрін жоғалтқаның.
Олай болса, балалар,арақ пен темекінің тағы да басқа заттардың адам денсаулығына қандай зиян келтіретініне тереңірек шолу жасап көрейік.(Слайдпен жұмыс)
4.Тренинг. «Тағамдар жәрмеңкесі»
«Сатамын,сатып аламын.»
Балалар,мына себетке салынған тағамдарды саудаға салып көрейік.
Осы сұрақтың жауабын: «Сатамын,сатып аламын» айдарынан тамашалайық.
Мына,тұрған себетте әр түрлі заттар бар,соның ішінен өзімізге ұнайтын заттарды сатып алайық (балаларға себеттегі заттарды ұсынамын). Балалардың себеттегі затты алуларына байланысты сұрақ-жауап арқылы ой өрбітеміз.
-Мақсат, не себепті алманы сатып алдың?
-Тоғжан, неге сен кериешкиді сатып алдың?...
Дұрыс, олай болса, балалар денсаулыққа қандай тағамдар пайдалы,қандай тағамдар зиян екеніне слайдтағы материалдарды пайдалана отырып жеке -жеке тоқталып өтейік.(Слайдпен жұмыс)
Достарыңызбен бөлісу: |