Ауғаныстан- журектегі жара



Дата07.05.2017
өлшемі109,43 Kb.
#16188
түріСабақ

Ауғаныстан- журектегі жара


Сынып: 6 «А»

Тәрбие сағаты:

«Ауғаныстан- журектегі жара»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.



Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі:  Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1.     Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама

2.     Майданда туған жыр

3.     «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)

4.     Мақал-мәтелдер сайысы.

5.     Қорытынды

Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

 Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!

   Әнұран.

Жүргізуші:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

 Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23жыл толуына  байланысты

«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз. 

Жүгізуші:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді???  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Сыныбымыздың оқушысы Cағадатова Риза   Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

         КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан  ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 

  Жүргізуші:

Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қайтыс болған жерлесіміз : Сергей

  Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Рахмет отырыңыздар! 

  Жүргізуші: 

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

   Сөз кезегі «Интернацил» ағамыз Қайрат ағаға

   Жүргізуші

  Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.

  Жүргізуші 

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган  көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым  да сен мәңгілік- Ауғаныстан!

Ендігі сөз кезегі мектебіміздің  алғашкы әскери  дайындық  пәні мұғалімі Айдар Салимовичке беріледі

  Жүргізуші

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Ән: Жұлдыз

  Жүргізуші

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын



Жүргізуші залда ойын өткізеді.

“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”

Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Сабағымыздың соңында Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Айдар Салимовичке       сөз беріледі.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

«Ауғанның от-жалыны»


Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына арналған дөңгелек стол

Мақсаты:


Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ауған соғысындағы батырлар» альбомы , тақырыптық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:

Дөңгелек стол


1-Жүргізуші
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші
– Добрый день, дорогие гости, уважаемые учителя, учащиеся!
1-Жүргізуші
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.
1-Жүргізуші
Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған дөңгелек стол пікір алмасуға қош келдіңіздер!
(Мемлекеттік Гимн орындау)
1. Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

Ауған соғысының тарихы туралы айтуға сөз берелік.



Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демокр. үкіметті” қолдап, көршілес елдің соц. бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемл. хауіпсіздік к-ті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемл. басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
2-Жүргізуш
-Революционные события в Афганистане встретили ожесточенные со-противления внешних врагов. Со стороны Пакистана, Ирака, Китая была раз-вернута непрерывная подрывная деятельность. В свою очередь, реакционные остатки старого режима развернули борьбу против революционного строя. Все это создало угрозу ликвидации того, что принесла афганскому народу ап-рельская революция. Новое государство обратилось к правительству бывшего СССР с просьбой об оказании политической и материальной помощи, включая военную поддержку. И бывший Советский Союз оказал такую поддержку. 24 декабря 1979 года было принято решение о вводе войск в Афганистан. Война в Афганистане длилась 9 лет и 10 месяцев.

1-Жүргізуші


-10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
-Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..
-Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізді шақырған едік

2. Қайрат ағаға мынадай сауал Сіз қай жерлерде болдыңыз?

. 2-оқушы
-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
Өлгендерді жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
3-оқушы
Время выбрало нас,
Закрутило в Афганской метели.
Нас позвали друзья в грозный час-
Мы особую форму надели.
И в огни горных трудных дорог,
Своей кровью крапили походы.
Не заметили в вихре тревог,
Как минуты прессуются в годы.
4-оқушы
-Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып

Отан үшін оққа тос кеудеңді,


Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.
Слайд

5 Авған соғысының статистикасы

-Афганская война длилась 3.341 день, а завершением считается офици-альная дата окончания вывода ограниченного контингента-15 февраля 1989 го-да. О мужестве и героизме воинов 40 –й армии, то есть ограниченного контин-гента советских войск в Афганистане, свидетельствует такой факт: за годы службы в составе ограниченного контингента более 200 тысяч солдат, пра-порщиков и офицеров награждены орденами и медалями, 72 военнослужащих удостоены высокого звания Героя Советского Союза, 25 солдат и офицеров по-лучили это звание посмертно.
Статистика
-Ауған жеріне 23.000 жерлестеріміз аттанып, борышын атқарды.
-761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді.
-26 жауынгер із –түссіз жоғалған.
-1000 адамнан астам инвалид мүгедекке шалынды.
-1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

6 Жерлес ардагерлер туралы


-Осы ауған соғысында батырлық пен ерлік күйімен қаза болған жерлесіміз Котельник Сергей 1962 жылы туылған.
Еске алып құрметтейміз,
Құрбандардың рухын.
Қабірлері нұрға толсын,
Суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке
Айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!
-Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар- деп ақын жырлағандай,өмір тоқтамады , ерлік өлмеді , замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі орта-мызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері , түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

8 Сөз кезегін интернациалист Қайрат ағаға беріледі.


1.-Жүргізуші
«Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман –сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау –біз үшін бір ғанйбет. Құрметті ағалар, естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңыздар.

9 Сен кімсің?


Мен қазақпын ,ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын , тірегімін жерімнің .
Ұланымын туын көкке көтерген ,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әр-қашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.

10 Сенің елің мен жерің!

Қазақ жері – қонақ жай төрдің жері ,
Қазақ елі- Қас сақтай ердің елі
Елі кедей болмаған – жері байтақ ,
Елі ердей ,Бабырдай шерлек елі .
Азат бүгін , байлыққа тұнған жерім
Азат бүгін , ел жоғын қуған ері.
Әділет пен билікке жанын қиып ,
Әділ өткен билердің туған жері.

(Хормен бірге барлық қатысушылар «Атамекен» әнін орындауда.)


1 жүргізуші:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрмет- теу – біздің боры-шымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.

Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық !

Бекітемін

Мектеп директоры



_____________Шемпаев М.Е.


«Ауғанның от-жалыны»
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына арналған дөңгелек стол
2012-2013 оқу жылы

Мамай батыр ауылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет