Ќазаќстан тарихы



бет1/26
Дата16.12.2022
өлшемі0,52 Mb.
#163043
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Tarikh-7 pod talapker


ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


ХІІІ-ХҮ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.
І.Моңғол шапқыншылығы
ІІ.Алтын Орда. Ақ Орда
ІІІ. Моғолстан.Әмір Темірдің жорықтары.
ІҮ. Ноғай Ордасы. Батыс Сібір хандығы.
Ү. Әбілқайыр хандығы.
МОҢҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ
 Моңғол империясының құрылуы:
1. Моңғол империясының негізін қалаған Шыңғысханның туған жылы: 1155(1162)
2. Шыңғысханның бала кезіндегі аты: Темүжін
-Шыңғысхан Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған, Шыңғысхан моңғолдың боржігін (*қият) тайпасынан шыққан. Темүжін 9 жасқа толғанда әкесі татарлар қолынан қаза табады.
3. Моңғол ханы Шыңғысханды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген керей ханы: Торы (Тоғырыл, Ван );
4 .Керей хандығы мен моңғол тайпаларының арасында жақсы қарым –қатынас орнағандығы туралы баяндайтын тарихи еңбек: «Моңғолдың құпия шежіресі»
-/1206 жылы моңғол шонжарларының құрылтайында ұлы хан болып Шыңғысхан сайланып Моңғол мемлекеті құрылды/
-/ Жеке дара билікке жету үшін Шыңғысхан 20 жыл күрес жүргізді.
5. Моңғол империясының негізін қалаған: Шыңғыс хан;
6. Моңғол империясының құрылған жылы: 1206жылы;
7. Шыңғысхан әсери феодалдық Моңғол мемлекетін құрды: ХІІІ ғ.басы
8.Ш ыңғыс ханның ел билеуі: 1206- 1227жж.
9.Шыңғысханың тұсындағы Моңғол империясының астанасы: Қарақорым


 Қоғамдық құрылысы
-Моңғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болған.
10. Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы бөлінді.: 3 қанатқа
* Оң қанат-Барунгар, орталық қанат- Кул, Сол қанат –Жоңғар
11. Моңғол импреиясындағы (үш қанат) әкімшілік түмендер саны: 92
*Түмендер аймаққа бөлінді.
12. Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскер саны: 10 000
13. Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл: Кешіктен
14. Моңғол мемлекетінің басты заңы: «Жасақ» (Яса)
І.Бөлімде: Шыңғыс ханның нақыл сөздері
ІІ.Бөлімде: Әскери, азаматтық істердегі орындауадғы жалпы заңдар және жазалаудың түрі ережелері.
15. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы: Құрылтай
*Құрылтай жылына бір рет, жаз айында шақырылды.


 Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
16. Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын бағындырған Шыңғысханның баласы: Жошы (1027-1208жжылдары жаулап алды)
17. Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, Тұрфан кнәздіктерін өзіне қаратып, ұйғырларды
бағындырды: 1207- 1209
18. Шыңғысхан әскерінің Қытайды басып алған уақыты: 1211-1215(Солтүстік аймағын- Құбылай)
19. Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді: соғыс техникасын
20. Шыңғысхан 1217 жылы Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға аттандырды: Жебе ноян
21 .Жебе ноян бастаған моңғол әскері Жетісу халқын өзіне тарту үшін: Діни қысым көрсетпеу ұрнанын желеу етті
22. Моңғолдар Жетісу жерін бағындырды: 1218ж
23. Моңғол шапқыншылығынан кейін Жетісудағы 200- ден астам елді мекенінен қалғаны: 20
* «Жуас қала» атанған қала: Баласағұн
24. Шыңғысханның Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жорық жасауына түрtкі болған оқиға: Отырар апаты
25. «Отырар апаты»- 1218 жылы 500 түйе мен 450 адамды Қайыр хан тыншылар деп айыптап өлтіруі

*Моңғол шапқыншылығы қарсаңында Орта Азия мен оңтүстік Қазақстанда ірі (күшті) мемлекет: Хорезм


26. Шыңғысхан 150 мыңға жуық қолымен Ертістен Сырдарияға қарай бет алды: 1219 жылы күз
27. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер қоршауға алған қала: Отырар
*Бұхарға беттеген Шыңғыс хан Отырарды алуды жүктеді: Шағатай мен Үгедей
28. 1219 жылы Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды басып алуға аттанған: Жошы
29. 1219 жылы Бұқара қаласыHа бет алған Шыңғысханның кіші баласы: Төле
30.Отырар қаласы моңғолдарға неше ай берілмеді: 6 ай (5 ай- Рабад, 1 ай- Цитадель
31. Отырар билеушісі Ғайыр ханның моңғолдардан жеңілуінің негізгі себебі: Жақтастарының сатқындығы (Қараша қажип)
32. Шыңғысхан әскеріне үш ай бойы қарсылық көрсеткен қала: Сығанақ
33. Шыңғысхан әскеріне 15 күндей берілмеген қала: Ашнас
34. Сыр бойындағы қалалардың толығымен моңғолдардың иелігіне өту уақыты: 1219-1220жж
*Қазақстан аумағы толығымен Шыңғысханның империясының құрамына кірді: 1224ж




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет