«ауыл» халықТЫҚ-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды бағдарламасы



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі488,7 Kb.
#120309
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
АУЫЛ партиясы55
АУЫЛ партиясы55, Нұрлыбай Лунара, Документ

АУЫЛ ТҰРМЫСЫ ТҮЗЕЛУІ КЕРЕК! Партия АӨК және ауылдар аумағын дамыту стратегиясының жаңа редакциясын ұсынады. Партияның бұл бағыттағы басты мақсаттары: *Әр ауылды сапалы жолдармен, орталықтандырылған су және газ жүйесімен, интернетпен қамтамасыз ету; *Ауыл тұрғындарына емдеу мекемелері, балабақша, мектеп, клуб, спорт ғимараттарын қолжетімді ету; *Ауылдағы жұмыссыздық проблемасын ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін қолдау арқылы шешу, ауыл тұрғындарына кепілсіз несие беру негізінде жеке қосалқы шаруашылықтар мен кооперативтердің әлеуетін дамыту; *Кәсіподақтармен бірлесіп ауыл еңбеккерлеріне арналған әлеуметтік пакет әзірлеу және енгізу, онда заңнамада көзделген барлық кепілдік, яғни санаторлық-курорттық емделу, сауықтыру төлемі, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қамтылуы тиіс; *Қазақстанның дәстүрлі салаларына жататын қой, жылқы, түйе шаруашылығын жаңғыртуға жағдай жасау; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына жайылымдағы мал шаруашылығында қызмет еткен жұмысшыларды жасы бойынша зейнетақыға шығарғанда еңбек өтілін жеңілдетілген тәртіппен есептеу бойынша толықтырулар енгізу (1 жылдық еңбек өтілін 2 жылдық еңбек өтілі ретінде санау). ШОБ субъектілерінің жер учаскелерін иелену, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу және инженерлік желілерге қосылу үшін рұқсат алу жосықтарын жеңілдету; Өндірістік сектор мен саяжай, бау-бақша кооперативтерінің коммуналдық қызметтерін, бірінші кезекте электр энергиясы тарифтерін субсидиялау жүйесін енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет