АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Электрмен жабдықтау және жаңғыртылатын энергия көздері» кафедрасы
Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар пәні
№3 зертханалық жұмыс
Мамандығы : Ауыл шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ету.
Орындаған : Алшора Алия
Тобы : ЭСХк 20-1.
Доцент : Сагындикова Айгул Журсиновна
______________________«______» _________ 2023 ж. (бағасы) (қолы)
Алматы 2023
Зертханалық жумыс 3
ТАСҚЫНДЫ ҚОЙ ҚЫРҚУ ЖӘНЕ ШОМЫЛДЫРУ ПРОЦЕСІН ОҚЫП ҮЙРЕНУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
Мақсаты:
Қой қырқу және жүнді алғаш өңдейтін агрегаттар мен қырқу машинкаларының жұмыс ретін және құрылысын оқып үйрену.
Жабдықтар мен материалдар: МСУ-200 қырқу машинкасы, макеттер мен плакаттар
Жұмыстың мазмұны: Қой қырқу - қой шаруашылығындағы істелінетін жұмыстардың ең ауыры, әрі күрделісі болып саналады. Машинкамен қырқу қырықтықшының өнімділігін 3...5 есе, ал жүннің түсімі мен сапасын қолмен қырыққандағыға қарағанда 8...13 есе арттырады. Қазіргі кезде өнеркәсіп қой қырқу үшін қырқым пункттеріндегі барлық өндірістік үрдістерді механикалан-дыру үшін КТО-24 және ВСЦ-24/200 машинкаларымен жабдықтауда. Қырқу агрегатының құрамына кіретіндер; қырқу машинкалары, ілініп тұратын қозғауыш, иілгіш білік және қосқыштан тұрады. Қазіргі кезде өнеркәсіптен шығып жатқан қой қырқатын агрегаттар: бір машинкалы ЭСА-1Д, МСУ-77Б машинкасы, жоғары жиіліктегі 6 машинкалы ЭСА-6/200, МСУ-200 және 12 машинкалы
ЭСА-12/200 агрегаты. Шағын қой, 500 бастан аспаған шаруашылықтарда ЭСА-1Д агрегаты, ал 8-10 мың қойы бар шаруашылықтарда ЭСА-12Г агрегаты қолданылады.
Мысалы: 20 мың қойға арналған КТО 24 және ВСЦ-24/200 машинкалары бар. Елімізде 1 қойдан қырқылған жүннің салмағы 3,0-3,3кг. Алға қойған мақсат әр қойдан 3,5кг жүн алу болып отыр. Қой қырқу негізінен құрғақ желсіз, жылы ауа райында жүргізіледі. Биязы және жартылай биязы жүнді қойларды жылына бір рет, көктемде қырқады.
Қылшық және жартылай қылшық ересек қойларды көктемде және күзде, жылына екі рет қырқады. Романов (тондық) тұқымдас қылшық жүні қойларды, жүннің өсуіне қарай жыл бойы әр 100 күнде көктемде, жазда, күзде қырқып отырады. Ветеринарлық-санитарлық ережеге сай ауру қойларды, сау қойларды қырқып болғаннан кейін қырқады. Бордақыда тұрған қойларды етке өткізерден біржарым -екі ай бұрын қырқады.
қырқу кезіндегі негізгі ережелер:
- қойға ықтиятпен қарау,
- қырқылған жүн біркелкі болуы, қырқылусыз жерлері қалмауы керек,
-жүнді екінші қайтара қырқуға болмайды, себебі қойдың үсті ойдым-ойдым болып қалады,
- қырқылған жүн жұлмаланбай тегіс шығуы керек,
-қойдың бір жерін кесіп кеткенде оны креолин немесе арнайы мазбен емдейді. Қой шаруашылығындағы жүйені жүргізу тәуелділігіне байланысты қырқу пунктіндегі қой қырқу орны тұрақты, жылжымалы және ірілендірілген болып бөлінеді.
Қырқу уақыты, қойларды жазғы жайылымға айдау уақытына тұспа-тұс келсе онда қырқу пунктін сол айдап өтер жолына жабдықтайды.
Қазіргі кезде қырқу машинкаларының сапалы қырқуы, қырқу жұбының жұмысына байланысты. Пышақ тараққа барып қысылады, ол жүнді жинап пышаққа қырқуға алып келеді. Сапалы қырқу үшін жүннің талшықтары теріден 0,5-0,7см жоғары қырқылуы керек. Басы мен аяғын түгел қырқып, қайта қырқу болмауын қадағалау керек және қойдың кесіп кеткен жерлерін тексеріп, жүннің тұтас түсуін бақылау керек. Қырықтық орнындағы жұмыстың өнімділігі мен сапасы қырықтықшылардың тәжірибелігіне байланысты.
Қой қырқудың тәсілі
Қырықтықшылар қой қырқу және өнімділіктерін арттыру үшін озық тәсілді қолдануда:
Оренбург тәсілі, Жаңа Зеландықтардың қолданып жүргендері -қазақша. Бұл екі тәсіл де қойды қырыққан кезде еденде аяғын байламай бос ұстайды. Қой қырыққан кездегі операциялар бірінен-кейін бірі тізбектеліп келіп тұрады. Қойды ұстаған кезде қандай жағдайда, бектіп ұстау керектігін және қойдың организмінің биологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Ұйымдастырылған қырқу қырықтықшылардың жұмыс өнімділігіне өзінің септігін тигізеді. Қазіргі кезде қырқуды ұйымдастырудың бірнеше тәсілдерін қолданып жүр: жекеше, карусельді, конвейерлі.
Жекеше- бір қырықтықшы бір қойды бастан аяқ жедел тәсілмен қырқып шығады.
Карусельді қондырғы 5 столдан тұрады, оған орнатылған деңгелектер малды ұстатқышпен бекітіп қырқады. Столдар дөңгелек бағыттауышқа бекітілген, жұмыс кезінде белгілі уақытында берілген ырғақпен айналады. Оған бес қырықтықшы қызмет жасайды: төрт қырықтықшы, біреуі қойды ұстап бекіткішке іліп, қырқып болғаннан кейін шешіп жіберіп отырады.
Конвейерлі қондырғы түзу таспалы тасымалдағыш, қой ұстайтын бекіткіш-термен жабдықталған. Қырықтықшылар тасымалдағыштың екі жағына орнала-сып қойдың белгілі бір бөлігін қырқады. Оған 11 қырықтықшы қызмет жасай-ды, 5 қырықтықшы бір жағында, ал қалған 6 қырықтықшы екінші жағында.
Карусельді конвейерлі қондырғының бір артықшылығы жоғары білікті қырықтықшыларды керек етпейді. Ал бір кемшілігі қырықтықшылардың жұмысын бірдей бөлмейді және қадағалап отыру қиынға соғады. Қырқу машинкаларының жұмысы және құрылысы.
Біздің елімізде қырқу машинкасының 2 түрі қолданылады. МСО-77Б мен МСУ-200.
Кесу аппараты тек қана жүнді қырқуға арналған және тарақ 1 пен пышақтан 2 тұрады (1-сурет). Тарақтың тістерінің арасында тұратын пышақтың атқаратын негізгі жұмысы жүн талшықтарын қырқу.
1-тарқ, 2-пышақ 3-пышақ қысатын табақ 4.-тіреуіш, өзеклік өкшелігі, 5-тіреуіш өзек, 6-қысу гайкасы, 7-тіреуіш, 8-сақтау винті. 9-көру терезесін бекіткіш, 10-қаптама, 11-тұрқы.
12-елтіріден жасаған қаптама,13-серіппе, 14-құйыршық, 15-кіші жетсктеуін тірегіш,
16-үлкен жетектегі тегершік, 17-эксиентриктің білігі 18-төлке, 19-эксцентрик,
20-эксцентриктің шығыршығы. 21 -рычаг, 22-рычагтың айналу нүктесіндегі шарлы бұрама.23-қарсы бұрандалық. 24-тарақты бекітетін бұрама
Достарыңызбен бөлісу: |