2-сурет. МСУ-200 қырықтық машинкасы
Электрқозғалтқыштың қызып кетпеуін қамтамасыз ету үшін біліктің соңына екі қалақты желдеткіш орнатылған. Ротордың білігі айгөлектің ішінде айналады. Қоректену білтесінің ұзындығы 2,5м немесе 15м (түйені қырққан кезде) болады. Ол тарамнан және білтеден тұрады. МСУ-200 және МСО-77Б машинкаларының артықшылығы пайдаланатын ток кернеуінің төмендегі 36В (220В) және электр желісінде қысқа тұйықталу кезінде адам өміріне қауіпсіздігі. Қырықтықшының қозғалысы иілгіш біліктің ұзындығымен шектелмейді (1,5м). Егер қырықтықшының қолы талып кеткен жағдайда, айналу моментінің әсерінен машинка айналып кетсе де қырықтықшыны және малды жарақаттамайды. МСО-77Б машинкасы сияқты тербеліс тіке қырықтықшының қолына берілмейді МСУ-200 машинкасының жұмысы 220/300 V ток жилігін өзгертіп арнайы құрылғымен қосылады.
Қырқым машикаларының технологиялық сипаттамасы
Көрсеткіштер
|
МСО-77Б
|
МСУ-200
|
Алым ені, мм
|
76,8
|
76,8
|
Электрқозғалтқышының қуаты, кВт
|
0,12
|
0,1
|
Ток жиілігі, Гц
|
50
|
200
|
Токтың кернеуі, вольт
|
220
|
36
|
1 минуттағы екі жүрістегі пышақтың ауытқу жиілігі
|
2300
|
2200…2385
|
Қолмен қамту жерінің диаметрі, мм
|
47
|
47
|
Массасы, кг
|
1,13
|
2,1
|
МСУ-200 машинкасының электрқозғалтқышының технологиялық сипаттамасы
Номиналды қуат, кВт 0,115
кернеу, В 36
жиілігі, Гц 200
синхронды айналу жиілігі, с-1 200
номиналды жүктеме кезінде 185
Массасы (қоректендіргіштің сымысызх), кг 0,75
Жұмыс режимі ұзақ мерзімді
Қырықтық пунктіне қажетті қондырғылардың өнімділігін есептеу
Қой қырқу процесіндегі қажетті мағлұматтар:
С- қырықтық машинкаларының саны, дана;
О- қырқылатын қойдың саны, бас;
Т-қырқу уақытының зоотехникалық мерзімі, күн;
В-бір қырықтықшының бір күндегі орташа өнімділігі, бас/күн;
М-қырықтықшының жұмыс орны, дана; (жұмыс машинка);
tор – жұмыс уақытының ұзақтығы, сағ;
Пор - пункттің орташа өнімділігі, бас/күн;
Н - бір қойдан қырқылатын жүн, кг/бас
Пункттің орташа тәуліктік өнімділігі зоотехникалық мерзімге байланысты былай болады
Достарыңызбен бөлісу: |