30-параграф. Су ресурстары және суды қолдану маманы
188. Лауазымдық міндеттері. далалық гидрогеологиялық және гидрологиялық жұмыстардың жүргізілуін жүзеге асырады; грунтты, жерүсті және коллекторлы-кәріздеу суларының деңгейіне, минералдануы мен химиялық құрамына бақылау жүргізеді; бақылаушы ұңғымалардан, коллекторлар мен ашық каналдардан су сынамаларын алуды жүргізеді; гидрогеологиялық, гидрологиялық бақылаулардың камералдық өңделуін жүзеге асырады және картографиялық материалдардың жасалуын қамтамасыз етеді; гидрогеологиялық жұмыстардың, бұрғылау және гидрогеологиялық бақылау ұңғымаларын қалыптастыру жоспарларын дайындауға қатысады, суармалы жерлердің мелиоративтік ахуалын жақсарту бойынша нұсқаулар мен ұсыныстарды жасайды; ұңғымалардың ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысады; суармалы жерлердің мелиоративтік ахуалына, бақылаушы ұңғымалардың, гидрометриялық көпірлердің техникалық ахуалына тексеру, суландыру және коллекторлы-кәріздеу каналдарының техникалық ахуалына бағалау жүргізеді, көлденең және тікелей кәріз жұмысының тиімділігін бағалайды; гидрогеологиялық және гидрологиялық жұмыстарды жүргізу барысында нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді; тематикалық есептерді дайындау мен суармалы жерлерде гидрогеологиялық және гидрологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды жасауға қатысады. 189. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасының Су кодексі,
сонымен қатар, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық құқықтық актілері, гидрогеологиялық және гидрологиялық жұмыстарды жүргізу саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, бұрғылау жұмыстарын жүргізудің технологиясы мен оны ұйымдастыру, гидрогеологиялық және гидрологиялық құралдар жұмысының негізгі қағидалары мен сипаттамалары, жалпы нормалар, ережелер мен сипаттамалар, өлшеу құралдарын тексеру, еңбек заңнамасының негіздері, еңбекті қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздің ережелері.
190. Біліктілікке қойылатын талаптар. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты су ресурстары және суды қолдану маман: (су ресурстары және суды қолдану, гидрогеология және инженерлік геология, гидрология, гидротехника) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және бірінші санатты су ресурстары және суды қолдану маман лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес. Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты су ресурстары және суды қолдану маман: (су ресурстары және суды қолдану, гидрогеология және инженерлік геология, гидрология, гидротехника) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және екінші санаты су ресурстары және суды қолдану маман лауазымындағы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты су ресурстары және суды қолдану маман: (су ресурстары және суды қолдану, гидрогеология және инженерлік геология, гидрология, гидротехника) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және санаты жоқ су ресурстары және суды қолдану маман лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санаты жоқ су ресурстары және суды қолдану маман: Еңбек өтіліне талап қоймастан (су ресурстары және суды қолдану, гидрогеология және инженерлік геология, гидрология, гидротехника) мамандығы жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) немесе (су ресурстары және суды қолдану) мамандығы бойынша техникалық (орта арнайы) білім.