Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары



бет1/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілді
Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Ауыл, су шаруашылықтары және жер қатынастары салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі − біліктілік сипаттамалары) кадрларды дұрыс іріктеуге және орналастыруға, олардың іскерлік біліктілігін арттыруға, басшылар, мамандар арасында еңбекті үлестіру, сондай-ақ осы санаттағы жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін және олардың еңбегіне ақы төлеу санаттары бойынша қойылатын біліктілік талаптарын айқындауда бірізділікті қамтамасыз етуге ықпал етуге арналады.
2. Мамандар: бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашы лауазымдарының біліктілік сипаттамалары мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардың жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған.
3. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайларда тиісті лауазымға тән жұмыс тізбесін нақтылауға жол беріледі және жұмыскерлерді арнайы даярлауға қажетті талаптар белгіленеді.
4. Әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік ұйымдары жұмыскерлерінің өзге де лауазымдары (педагогикалық, медициналық және басқа) үшін біліктілік сипаттамаларды тиісті қызмет салаларында уәкілетті мемлекеттік басқару органдары айқындайды.

2. Басшылардың лауазымдары

1-параграф. Ауыл шаруашылығы саласындағы ұйым (филиал) басшысы


5. Лауазымдық міндеттері:


ауыл шаруашылығы қызметі саласындағы ұйымның (филиалдың) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
ұйым (филиал) мүлкінің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
ұйымның банктерді қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттің, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларының, өнім берушілердің, тапсырыс берушілердің және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісімшарттарын), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз етеді;
қазіргі заманғы техника мен озық технологияларды, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;
ұйымды (филиалды) білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
ұйымның (филиалдың) қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;
ұйымның (филиалдың) штаттық кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік теңгерімін бекітеді;
жұмыскерлерге уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді;
ұйымның (филиалдың) ұйымдастыру-басқарушылық құрылымын, жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
ұйымның (филиалдың) қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда ұйымның (филиалдың) мүліктік мүдделерін қорғайды;
ұйым (филиал) жұмыскерлерінің қосымша кәсіби білім алуын (біліктілікті арттыру, кәсіби қайта даярлау) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
ұйым (филиал) жұмыскерлерінің өз лауазымдық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
ұйым (филиал) жұмыскерлерінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді;
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын және нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді;
конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысады;
өндірістік жарақат алуды және кәсіптік ауруларды болдырмау бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.
6. Мыналарды:
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі − Қазақстан Республикасының Конституциясы);
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі − Қазақстан Республикасының Жер кодексі);
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі − Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі);
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі − «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңы);
«Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі − «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы); 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі − «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңы); 
ұйымның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін және экономика дамуының басым бағыттарын және экономикалық қызметтің тиісті түрін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін; агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы қызмет саласындағы ұйымның (филиалдың) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды; ұйым (филиал) құрылымының мамандануын және ерекшелігін; кірістер мен шығыстардың бюджеттік сметасын және ұйымның (филиалдың) табыс әкелетін қызметінен алынған қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасын жасаудың және келісудің тәртібін, ұйымның (филиалдың) шаруашылығын жүргізу және басқару әдістерін, тиісті ауыл шаруашылығы саласының ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.
7. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары (Мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, экономика, маркетинг, маркетология, менеджмент, агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, биология, биотехнология, ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, жерді мелиорациялау, қалпына келтіру және қорғау, аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету, геодезия және картография, гидрогеология, су ресурстары және суды пайдалану) мамандығы бойынша (және/немесе бакалавр, магистр, философия ғылымдарының докторы РhD) білім және басшылық лауазымдардағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет