7-параграф. Бөлім басшысы (инновациялық технологиялар, цифрлы
аэротүсірілім, жерді қашықтықтан зондтау және фотограмметрия)
23. Лауазымдық міндеттері:
бөлімнің камералдық өндіріс қызметіне, құзыреті шегінде бөлім жұмыскерлеріне, кадрларды іріктеу және орналастыруды басқаруды жүзеге асырады;
өлшеудің жаңа құралдары мен әдістерін енгізудің экономикалық тиімділігін есептеуді жүргізеді;
аэротүсірілім жасау мәселелері бойынша (рұқсат беру) құзыретті органдармен келісім жүргізеді;
аэротүсірілім және фотограмметриялық жұмыстар жүргізу үшін жергілікті жерлерге шығу графигін жасайды;
бөлім жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау техникасы ережелері мен нормаларын сақтауын бақылайды;
бөлімшенің қызметін жоспарлауды, есепке алуды, есептілік жасау және ұсынуды ұйымдастырады;
басқа бөлімшелермен бірлесіп жаңа техника мен технологияларды енгізу жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыруға қатысады;
жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, жоғары сапалы топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерінің бір қалыпты шығарылуын, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуын, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз етеді;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды;
24. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»Заңды,
«Геодезия және картография туралы» Заңды,
геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді өндіру технологиясын; жабдықтар мен оны қолдану қағидаларын; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
25.Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) мамандығы бойынша (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) және ұйымның тиісті бейініндегі жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.