10-параграф. Бөлім басшысы (материалдарды дайындау және сақтау)
32. Лауазымдық міндеттері:
бөлімнің өндірістік-шаруашылық қызметін, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерін геодезиялық мәліметтермен және картографиялық материалдармен қамтамасыз ету жұмысын, ақпараттық жұмыстардың жеделділігін арттыруын басшылықты жүзеге асырады;
өндіріс жұмысында жаңа құралдары мен әдістерін экономикалық тиімді енгізудің есептерін жүргізеді;
бөлім қызметі туралы есептілікті жоспарлау, есептеу, жасау және ұсынуды, еңбекті нормалауды жақсарту, жалақы мен материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелерін дұрыс қолдану жұмысын, балама өнім құрастыру және өндірісудің құрылымы мен технологиясының озық отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу және ендіруді ұйымдастырады;
жоспарлы тапсырмаларды орындауды, жоғары сапалы картографиялық өнімдердің бір қалыпты шығарылуын, картографиялық-геодезиялық қор материалдары мен деректерінің сақталуын, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуынқамтамасыз етеді;
өндіріс және еңбек тәртіптін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
33. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды,
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды,
«Геодезия және картография туралы» Заңды,
геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді; картографиялық өнімдерді өндірісі технологиясын; ұйымның техникалық даму перспективаларын; цех жабдықтарын және оны пайдалану қағидаларын; техника-экономикалық және өндірістік жоспарлау тәртібі мен әдістерін; топографиялық карталар мен жоспарларды жасау (жаңарту) технологиясын; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
34. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистр, философия ғылымдарының докторы РhD, бейіні бойынша доктор) мамандығы бойынша (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) және ұйымның тиісті бейініндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.