Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Топографиялық-геодезиялық жұмыс секторының басшысы



бет10/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
@8;. 07
2-курс Өндірістік практика жоспары, stud.kz-2805
11-параграф. Топографиялық-геодезиялық жұмыс секторының басшысы

38. Лауазымдық міндеттері:


топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындайтын сектордың өндірістік қызметіне, жұмыстың сапасын тұрақты бақылауды және әрбір орындаушының қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын басқаруды жүзеге асырады;
орындаушыларға техникалық ұйғарымдар, өндірістік тапсырмалар мен топографиялық-геодезиялық материалдар тапсыру графиктерін береді;
еңбек өнімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
орындаушыларға өндірістік-техникалық нұсқама жүргізеді;
орындалған топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындаушылардан қабылдауды және тапсыруды жүргізеді;
техникалық-қаржы есептілігін жүргізеді;
сектор қызметінің нәтижесін талдайды;
сектор жұмыскерлерінің өндірістік тапсырмаларды сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес орындауын, бригадаларды құралдармен, аспаптармен, жабдықтармен, керек-жарақтармен және азықтармен (қамтамасыз ету базасынан) қамтамасыз етеді;
өндіріс және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі және қорғау техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын сақтайды.
39. Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,
«Геодезия және картография туралы» Заңдары мен геодезия және картография саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді; ұйымның өндірістік қуаттылығын; топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнім өндірісінің технологиясын; құралдар мен аспаптар құрылғысын, оны түгендеу қағидаларын және техникалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуге тиіс.
40. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистр, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) (геодезиялық, картографиялық, аэрофотогеодезиялық) білім және ұйымның тиісті бейініндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет