Ауыл, су шаруашылықтары, жер қатынастары геодезия және картография салаларының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары


-параграф. Ветеринария пунктінің меңгерушісі



бет13/64
Дата09.09.2022
өлшемі234,17 Kb.
#149105
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Байланысты:
@8;. 07

14-параграф. Ветеринария пунктінің меңгерушісі

47.Лауазымдық міндеттері:


қызмет көрсететін аймақтағы ветеринар мамандардың жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
зерттеулерге арналған сынама іріктеуді жүзеге асырады.
Бекітілген аумақтағы елді мекендерде жануарлар ауруларының алдын алу және жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастырады және жүргізеді;
жануарларды диагностикалық зерттеуді, иммундауды, аса қауіпті жұқпалы аурулар ошағын жоюды, ауру жануарларды амбулаториялық және стационариялық емдеуді, жануарларды сою алдында байқап қарауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және қолдан ұрықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
ақылы ветеринариялық қызмет көрсету кезінде есептілік бланкілерін ресімдейді және береді;
биопрепараттардың, дәрі-дәрмектердің, дезинфекциялаушы заттардың және ветеринариялық мүліктің кеми түсуі және жұмсалу есебін жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
жануардың өлу себептерін айқындайды және оның алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.
денсаулық сақтау мамандарымен бірлесіп адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан халықты қорғау бойынша іс-шаралар жүргізеді.
ветеринария бойынша жұмыс есебін жүргізеді және белгіленген есептілікті ұсынады.
48.Мыналарды:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, 
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңды, 
«Ветеринария туралы» Заңды,
Ветеринария мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ветеринария мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарларға арналған дәрілік заттарды және дезинфекциялық заттарды қолдану қағидаларын, зертханалық зерттеулер әдістемесін, қолдан ұрықтандыруды жүргізу технологиясын, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуге тиіс.
49. Біліктілікке қойылатын талаптар:
(Ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистр, философия докторы РhD, бейіні бойынша доктор) және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет